Геостратегия – мемлекеттің халықаралық аренадағы қызметінің бағытын геосаяси тұрғыдан негіздеуі. Геосаясаттың басты категориясы –кеңістіктібақылау. Мемлекет бақылайтын немесе бақылауға ұмтылатын аумақ орталықтың (мемлекеттің) осы аумақты игеруімен, оның байланыстарының даму деңгейімен сипатталады. Мемлекет немесе мемлекеттер одағы бақылайтын кеңістікті геосаяси алаң деп атайды.
Геосаясаттың субъектісі – мемлекет болып табылады. Мемлекеттің пайда болуымен кеңістіктік-аумақтық фактор мемлекеттер арасындағы қатынастарда маңызды рөл атқара бастады. Саясатта «ел» және «мемлекет» деген ұғымдар тең емес. Мемлекет саяси фактор (билік ұйымы), ал ел (жер, аумақ) кеңістік-географиялық фактор.