Мемлекеттің күшіне келсек, тарихи тұрғыдан алғанда ол ең алдымен, әскери күш ретінде көрінді. Тарих көрсеткендей, кімнің әскері жақсы қаруланған, жақсы ұйымдастырылған, жақсы үйретілген, тез қозғалғыш, тәртібі жақсы болса, сол жеңіске жеткен. ҒТП-пен байланысты әскери күш дами түсті. Геосаяси қақтығыстар көбінесе әлемді бөлу және қайта бөлу үшін, даулы аумақтар үшін, ықпал ету аймағын кеңейту үшін туындады. Қазіргі кезде мемлекеттің күші дегенде тек әскери күш қана емес, сонымен бірге оның экономикалық, қаржы, мәдени-идеологиялық күші де түсініледі. ХХ ғасырдың ІІ-жартысында әлемді қайта бөлісу үшін күрес тек әскери күшпен бірге экономикалық, қаржы, мәдени-идеологиялық экспансия (басып алу) арқылы жүруде.
Геосаясатта экспансия термині жиі қолданылады, ол қандай да болсын аумаққа ие болу немесе әскери-саяси ықпал ету. Экспансияның тек әскери сипатта ғана емес, сонымен бірге оның экономикалық (сауда, қаржы т.б.), мәдени-идеологиялық, ақпараттық т.б. сипатта болып отыр. Қазіргі кезде экспансияның негізгі түрі – аумақтық экспансия, яғни аумақты иелену, оған ықпалын жүргізу, құрлық пен теңіздің шикізаттық ресурстары, биоресрустар – өмір сүріп қалу үшін күрес болып отыр. ХХІ ғасырда ресурстық дағдарыстық шиеленісуі мен жаһандануы жағдайында, әсіресе, энергоносительдердің жетіспеушілігі, тұрғын халықтың санының өсуі, құнарлы жерлердің күйзелуі мен қысқаруы, экологиялық шиеленістің артуына байланысты халықаралық қатынастардың дамуы аумақтық экспансияның қатаң нұсқасына қайтып келуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |