1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»



бет24/163
Дата14.02.2022
өлшемі343,11 Kb.
#25518
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   163
- Бір жарым партиялық жүйе (бір партиялық жүйенің түрі ретінде де қарастырылады), мұнда нақты билік бір партияда болады және басқа партиялардың қызметіне формальды түрде болса да рұқсат етіледі. Мыс., Қытайда коммунистік партиядан басқа да партиялар бар, алайда олардың барлығы ҚКП-ның басшы ролін мойындайды.

- Екі партиялық жүйе (Ұлыбритания, АҚШ). Бұл жүйеде кішігірім партиялар болады, бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партия арасында жүреді. Сайлауда (АҚШ-та президенттік сайлауда, Ұлыбританияда парламенттік сайлауда) жеңген партия министрлер кабинетін құруға құқық алады.

- «Екі жарым партиялар» жүйесі (2+1) (екі партиялық жүйенің түрі ретінде де қарастырылады), екі партиялық жүйеден айырмашылығы, сайлауда жеңген партия абсолютті көпшілік дауыс ала алмаса, онда үкіметті үшінші партиямен бірігіп құрады. Мұндай жағдай Германияда, Канада, Австралияда бар. Германияда сайлаудағы негізгі бәсекелестер Христиан-демократиялық одағы (ХДС) және Социал-демократиялық партия (СДПГ). Ұзақ жылдар бойы үшінші партия ретінде Еркін демократтар партиясы (СвДП), ал кейін Жасылдар партиясы болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет