1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


Саяси қауіпсіздік: түсінігі және мазмұны



бет71/163
Дата14.02.2022
өлшемі343,11 Kb.
#25518
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   163
Байланысты:
Саясаттану 2018 (1)

36. Саяси қауіпсіздік: түсінігі және мазмұны. Саяси қауіпсіздік – азаматтардың, әлеуметтік топтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы және олардың мүдделерінің теңгерімі, мемлекеттің тұрақтылығы, тұтастығы және қолайлы халықаралық жағдайы қамтамасыз етілетін конституциялық құрылыс негіздерінің, мемлекеттік органдар жүйесі қызметінің және мемлекеттік басқару тәртібінің нақты және ықтимал қауiп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі.

Саяси қауіпсіздік – қоғамның саяси саласының барлық ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғалуы. Саяси қауіпсіздік - ұлттық қауіпсіздіктің маңызды құрамдас бөлігі.

Саяси қауіпсіздік мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың: 1) конституциялық құрылыстың негіздерін, мемлекеттік егемендікті және аумақтың тұтастығын құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғауға; 2) саяси шешімдер қабылдауда ҚР-ның тәуелсіздігін сақтауға; 3) мемлекеттік органдардың қызметін және мемлекеттік басқару тәртібін жетілдіруге; 4) мемлекеттік институттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге; 5) қоғамның саяси мәдениетінің деңгейін арттыруға бағытталған шешімдерімен және іс-қимылдарымен қамтамасыз етіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет