+Ақпараттық қауіпсіздік, бұл құпиялылық (конфиденциальность) – ақпаратқа тек қана авторизациядан өткен тұтынушылардың қол жетімділігін қамтамасыз ету; тұтастық – ақпараттың шынайылығы, дұрыстығы достоверность мен толықтығын, оны өңдеу әдістерін қамтамасыз ету; қол жетімділік – қажеттілікке қарай авторизациядан өткен тұтынушылардың ақпаратқа және онымен байланысты активтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Ақпараттық қауіпсіздік – мемлекеттік ақпараттық ресурстардың және ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі.
Ақпараттық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің ажырамас бөлігі, қазіргі заманда оның рөлі артып отыр. Ол қоғам мен мемлекеттің өмір-тіршілігінің түрлі салаларында ұлттық мүдделердің қорғалуына ықпал етеді.
Ақпараттық қауіпсіздік – ақпараттық ортаның азаматтар, қоғам, мемлекеттің мүдделері үшін қалыптасуын, қолданылуын және дамуын қамтамасыз етуге төнетін қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі. Тұлғаның құқығы мен мүдделері, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қанағаттандыру үшін мыналардың қамтамасыз етілуі маңызды: 1) заңды тұтынушылардың ақпаратқа уақытылы қол жетімділігі, ақпаратты тұлғаның заңмен рұқсат етілген қызметіне, дене бітімінің, рухани және интеллектуалды дамуына үшін қолдануы; 2) ақпараттың құпиялығы (конфиденциальность); 3) ақпаратқа меншіктенудің авторлық құқығын сақтау; 4) ақпараттың шынайлығы, дұрыстығы (толық, дәл, дұрыс, тұтас) болуы; 5) жалған (бұрыс, бұрмаланған, дезинформация) ақпаратты таңудан қорғау; 6) ақпаратты пайдалану ережелерін бұзғандығы үшін жауапкершілікті шектеу. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қорғалатын негізгі объектілер: 1) азамат, қоғам және мемлекет мүдделері (тұлға мен қоғам дамуының рухани, өнегелік, интеллектуалдық деңгейі т.б.); 2) білімдер және қоғамның рухани құндылықтары; 3) мемлекеттің конституциялық құрылысы, егемендігі, аумақтық тұтастығы; 4) интеллектуалдық меншік ретіндегі ақпарат; 5) құжатталған ақпарат, ақпараттық өнімдер, ақпараттық қызметтер; 6) ақпараттық ресурстар, автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен желілердегі мәліметтер базасы; 7) ЭВМ құрамындағы ақпараттық жүйелер, бағдарламалық құралдар және олардың желілері; 8) ақпараттың физикалық носительдері (қағаз, техникалық, машиналық физикалық өріс т.б.).