39. Экологиялық қауіпсіздік түсінігі және мазмұны.Экологиялық қауiпсiздiк – ұлттық қауіпсіздіктің ажырамас бөлігі, ол қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи әсерлер салдарынан туындайтын қауіп-қатерлерден адамның және азаматтың өмірлік маңызы бар мүдделері мен құқықтарының, қоғам мен мемлекеттің қорғалуының жай-күйі болып табылады.
Экологиялық қауіпсіздік мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың: 1) табиғи ресурстарды сақтауға, ұтымды пайдалануға және қалпына келтіруге; 2) қоршаған орта мен ел халқы үшін антропогендік факторлардың қауіптілік деңгейін азайтуға; 3) өндірістік күштерді дамытумен орналастырудың экологиялық-экономикалық теңгерімділігін қамтамасыз етуге; 4) қоршаған орта және экологиялық апат аймақтарында тұратын Қазақстан халқы үшін теріс салдарларды азайтуға; 5) экономиканы, ... экологияландыруға, қоғамдық қатынастарды реттеуге ... көзқарас орнатуға; 6) қоғамдық санада экологиялық мәдениетті қалыптастыру, экологиялық білім беру мен ағарту жүйесін қалыптастыруға; 7) әрбір адамның экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығын сақтауға және жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге жан-жақты қатысуына; 8) табиғи және техногендік сипаттағы төтеше жағдайлардан болған қатерлерді азайтуға және олардың салдарларын жұмсартуға; 9) халықаралық ынтымақтастықта әріптестік қатынастар орнатуға және халықаралық құқық нормаларын сақтауға бағытталған шешімдерімен және іс-қимылдарымен қамтамасыз етіледі.