40. Әскери қауіпсіздік: түсінігі және мазмұны. Әскери қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің ажырамас бөлігі, ол әскери күштерді қолданумен немесе оны қолдану ниетімен байланысты сыртқы, ішкі қауіп-қатерлерден адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделері қорғалуының жай-күйі.
Әскери қауіпсіздік: 1) мемлекеттің қорғаныс қабілетінің қажетті деңгейін сақтап тұрумен; 2) ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жауынгерлік дайындығын сақтап тұрумен; 3) экономиканың жұмылдыру дайындығы мен елдің халқын жұмылдыруға даярлаудың тиімді жүйелерін құрумен; 4) қауіпсіздіктің өңірлік және халықаралық құрылымдарының шеңберіндегі әскери ынтымақтастық пен әріптестік қатынастарды кеңейтумен, әлемде өзара сенімді күшейту және әскери қауіптілік деңгейін төмендету мақсатында ядролық қарусыздану бастамасын ілгерілетумен; 5) Азаматтық қорғаныстың ел халқы мен аумағын қорғау дайындығын сақтап тұрумен қамтамасыз етіледі.