1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


Қоғамдық сананы қалыптастырудағы БАҚ-тың рөлі



бет80/163
Дата14.02.2022
өлшемі343,11 Kb.
#25518
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   163
Байланысты:
Саясаттану 2018 (1)

42. Қоғамдық сананы қалыптастырудағы БАҚ-тың рөлі. Қоғамдық сананың қалыптасуына көптеген факторлар ықпал етеді. Соның бірі – БАҚ. Бұқаралық ақпарат құралдары – арнайы техникалық құралдар арқылы ақпаратты жинаумен, өңдеумен, талдаумен және көпшілікке таратумен айналысатын әлеуметтік мекемелер, қазіргі заманның маңызды әлеуметтік институты.

Қоғамдық сана - адамдардың белгілі кезеңдегі қоғамдық болмысы мен өмір сүру жағдайларын бейнелейтін қоғамдағы идеялардың, көзқарастардың, теориялардың, сезімдердің, көңіл-күйлердің, әдеттерінің, дәстүрлердің жиынтығы. Қоғамдық сананың маңызды белгісі – қоғамда орын алған кез келген оқиға, құбылысқа мақұлдау немесе айыптау, яғни бағалау тұрғысынан қарайды. Қоғамдық сана адамдар
БАҚ азаматтардың саяси құбылыстар мен оқиғаларды қабылдауына белсенді әсер етеді және олардың қоғамдағы саясатқа жалпы көзқарасын қалыптастырады. Халықтың белгілі бір мәселе бойынша саяси белсендігі немесе керенаулығы БАҚ-тың әлгі мәселені ақпарат кеңістігінде таратуға қай қырынан келгендігіне байланысты.
Қазіргі кезеңде саяси процестерде бұқаралық ақпарат құралдары басты орын алады. БАҚ бір жағынан саяси байланыс саласына жатқанымен, екінші жағынан БАҚ мемлекет, партиялармен бірге саяси институттар жүйесін құрайды. БАҚ мемлекеттік билікті жүзеге асыруға тікелей ықпал етеді, сонымен бірге ол табиғаты мен шығуына байланысты азаматтық қоғам саласына жатады. БАҚ тұлғаның саяси әлеуметтенуінде (әлеуметтік-саяси тұлға ретінде қалыптасуы), саяси партиялар мен мүдделі топтардың жұмыс істеуінде, сайлау технологияларын жүзеге асыруда ерекше рөл атқарады.

Саяси сананы қалыптастырудағы БАҚ-тың рөлі ақпаратты тез арада таратуымен, қолжетімділігімен, кең аудиторияны қамтуымен, көпжоспарлығымен (өзіне түрлі бағыттағы ақпаратты қамтуымен), әлеуметтік бағдар ұстауымен (үлкен әлеуметтік топтардың пікірі мен мүдделерін білдіруімен) сипатталады. Қоғамға әсер ете отырып, БАҚ әрбір адамның саяси санасына әсер етеді.

Бұқаралық ақпарат құралдары көпшілікке ақпарат беріп, жаңалықтарды хабарлап қана қоймайды, сонымен бірге белгілі бір идеяларды, көзқарастарды, саяси бағдарламаларды насихаттайды, осылайша БАҚ әлеуметтік басқаруға қатысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет