45. Терроризм: ұғымы және түрлері. Терроризм (лаңкестік) – қорқыту мақсатында террорды, күштеуді әрдайым қолданып отыруға негізделген саясат. «Террор» сөзінің синонимі («террор» латын тілінде қорқыныш, үрей дегенді білдіреді) «күштеу» (насилие), «қорқыту», «үрейін ұшыру», «зорлық-зомбылық жасау» болып табылады. Террористтің кез келген әрекеті (өлтірумен байланысты болмаса да) қашанда күштеумен, мәжбүрлеумен, қауіппен байланысты. Террористтің мақсатқа жетудегі басты құралы – бұл қорқыту, қорқыныш пен өзіне деген сенімсіздік атмосферасын тудыру, адамның зәресін алу.
Қазіргі саясаттануда терроризм саяси экстремизмнің шектен шыққан түрі ретінде қаралады. Терроризм – субъектісі жеке адам, қоғам, мемлекет болып табылатын қоғамдық қауіпсіздікке қарсы жасалған қылмыс.