59. Қазақстан және Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО). Қазақстан, Ресей, Белоруссия арасында 2014 ж. 29 мамырда Астанада қол қойылған келісім негізінде құрылған аймақтық экономикалық халықаралық ұйым. Одақ 2015 ж. 1 қаңтарына бастап күшіне енді. Ұйым құрылғаннан кейін сол 2015 ж. оған Армения мен Қырғызстан мүше болды. Еуропалық Одақ интеграциясына сүйенген идея Ресейдің сол кездегі премьер-министрі В.Путин тарапынан 2011 жылдың қазан айында көпшіліктің назарына ұсынылған,бірақ тұжырымдама ретінде Қазақстан президенті Н.Назарбаев тарапынан 1994 ж. Мәскеу Мемлекеттік Университетінде тұңғыш таныстырылған болатын. Кедендік Одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік, Еуразиялық экономикалық қауымдастық – ЕАЭО-тың алғы шарттары болды.