27. Ұлттық қауіпсіздік: ұғымы және түрлері. Ұлттық қауіпсіздік – тұлғаға (жеке адамға), қоғамға және мемлекетке төнген ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерді болдыртпауға, жоюға бағытталған мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде қабылданған шаралар жүйесі.
ҚР ұлттық қауіпсіздігі туралы 2012 ж. 6 қаңтардағы заңда көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi – адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің дамуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы ұлттық мүдделерінiң нақты және ықтимал қауiп-қатерлерден қорғалуының жай-күйi.
ҚР Ұлттық қауіпсіздігінің түрлері: қоғамдық, әскери, саяси, экономикалық, ақпараттық, экологиялық қауіпсіздік.
1) Қоғамдық қауiпсiздiк – қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығы қамтамасыз етілетін азаматтар өмiрiнiң, денсаулығының және амандығының, қазақстандық қоғамның рухани-имандылық құндылықтарының және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің нақты әрі ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі (азаматтардың, қазақстан қоғамының қорғалуының жай-күйі).
Достарыңызбен бөлісу: |