1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»



бет63/163
Дата14.02.2022
өлшемі343,11 Kb.
#25518
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   163
Байланысты:
Саясаттану 2018 (1)

Ұлттық экстремизмнәсілдiк, ұлттық және рулық алауыздықты, соның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыру бағытындағы әрекеттер.

Экстремизмнің ең қауіпті формасы – терроризм. Терроризм – экстремизмдегі экстремизм. Ол жүйелі түрде зорлық, қорқыту мен үркітуді қолдануға негізделген саясат болып табылады. Ресей зерттеушілері «терроризмді саяси экстремизмнің ең шектен шыққан түрдегі зорлық арқылы көрінетін бір формасы» деп қарастырады.
31.Ұлтаралық қақтығыстар: түсінігі, түрлері, себептері.Ұлтаралық (этникалық) қақтығыстар – әлеуметтік жанжалдың қауіпті түрі, түрлі этнос (тайпа, халық), ұлт өкілдерінің арасындағы мүдделердің қақтығысы. Бұл қақтығыстар бір мемлекеттің шеңберіндегі, бір құқықтық алаңда өмір сүретін түрлі ұлттар арасында туындайды. Ұлтаралық қақтығыстар этникалық топтардың діни, нәсілдік, тілдік, мәдени және тарихи айырмашылықтарынан туындайды.

Ұлтаралық қақтығыстардың негізгі үш түрі:1. Эносаяси жанжал – ұлтаралық негізде саяси мүдделердің қақтығысы, мысалы, түрік-курд жанжалы. Мұндай жанжалдарда ұлттық мүдделер көбінесе саяси мүдделерді бүркемелейді. 2. Конфессияаралық жанжалдардіни негіздегі қақтығыстар, Солтүстік Ирландиядағы католиктер мен протестанттар, Үндістандағы индустар мен мұсылмандар арасындағы. Түрлі өркениеттер жағдайында қалыптасқан халықтар тұратын аймақтарда көрініс береді (Кавказ, Балкан). Этноконфессиялық жанжалдардың көрінісі Косоводағы, Шешенстандағы, Таулы Карабахтағы жанжалдар. 3. Этноаумақтық жанжалдар – түрлі халықтардың бір аумаққа деген дәмесі, бұл ұлтаралық жанжалдардың кең тараған түрі. Таулы Карабахтағы армяндар мен әзірбайжандар арасындағы жанжал.



Кез келген ұлтаралық жанжал қашанда саяси жанжал, себебі мәдени-тілдік, әлеуметтік-экономикалық салаларда және басқа да ұлттық мақсаттарға жетуде саяси әдістерді қолдану қажет болады. Мұндай жанжалдың ерекшелігі, ол этностың, ұлттың өмір сүруінің маңызды екі саласы – саяси саланы да, ұлттық саланы қамтиды, оның ішінде саяси сала (билік, ресурс үшін күрес, ұлттың өзін-өзі билеуі) алдыңғы орынға шығады. Этносаяси жанжалды ұлтаралық жанжалдардың бір түрі деп санауға болады.

Ұлтаралық қақтығыстардың формалары: ұлтаралық шиеленіс, жаулық пиғыл, саяси күрес, шектеулі ресурстар үшін бәсекелестік, зорлық-зомбылық жасау, ойрандау, этникалық тазалау, ашық қарулы күрес, бір топтың, ұлттың (негізінен көпшілікті құрайтын топтың, ұлттың) басқа топтарға, ұлттарға қысым көрсетуінің формалары – расизм, сегрегация, дискриминация. Ұлтаралық қақтығыс мемлекетті тұрақсыздандыратын бас көтерулерге, наразылықтарға, сепараттық қозғалыстарға (сепаратизм), қарулы қақтығыстарға, тіпті мемлекеттің тұтастығын бұзатын азамат соғысына дейін әкелуі мүмкін. Сонымен бірге олар мемлекетаралық жанжалдарға әкелуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет