35. Экономикалық қауіпсіздік: түсінігі және мазмұны.Экономикалық қауiпсiздiк – ұлттық қауіпсіздіктің ажырамас бөлігі, ол экономиканың орнықты дамуы және оның тәуелді болмауы қамтамасыз етілетін, Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі болып табылады.
Экономикалық қауіпсіздік мыналарды: 1) мемлекет қаржы жүйесінің тұтастығын, тәуелсіздігін және орнықты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті, оның нақты және ықтимал қауіп-қатерден қорғалу жай-күйін көздейтін қаржылық қауіпсіздікті; 2) мемлекет тұтынудың және демографиялық өсудің физиологиялық нормаларын қанағаттандыру үшін жеткілікті болатын сапалы және қауіпсіз азық-түлік тауарларына халықтың нақты және экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз ете алатын экономиканың, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешеннің қорғалу жай-күйін көздейтін азық-түлік қауіпсіздігі; 3) мемлекет қоғам мен мемлекеттің энергия ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін энергетикалық тәуелсіздік пен экономиканың жылу-энергетикалық, мұнай-газ және энергетикалық кешендерінің орнықты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті, нақты және ықтимал-қауіп-қатерлерден қорғалу жай-күйін көздейтін энергетикалық қауіпсіздікті; 4) мемлекет автомобиль, темір жол, әуе, теңіз және өзен көлігі түрлерімен тасымалдарда және олармен байланысты қызметтерде экономика мен тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасауды, көлік инфрақұрылымын қалыптастыруды және дамытуды, сондай-ақ транзит әлеуетін орнықты дамыту мен бәсекеге қабілеттілігін қамтуды қамтамасыз етуге қабілетті, нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден экономиканың көлік саласы қорғалуының жай-күйін көздейтін көлік қауіпсіздігін қамтиды.