+Саяси қауіпсіздік, бұл мемлекеттің легитимдік құрылысының сақталуы, саяси жүйенің тұрақтылығы, азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары, мемлекет пен азаматтық қоғамның демократиялық өзара әрекеті қамтамасыз етілетін қоғамның өмір сүруінің жағдайы мен шарттары. Қоғамның саяси жағдайының қауіпсіз болуына екі жақтан қауіп төнеді: 1) сыртқы қауіп: ең ақырғы қауіп түрі, бұл – басқа елдер тарапынан болатын соғыс, агрессия (басқыншылық), 2) ішкі қауіп түрлері: қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс, жаппай тәртіпсіздіктер, экстремизм, терроризм, қақатығыстар, азамат соғысы.
Саяси қауіпсіздік осындай құбылстардың алдын-алу, ал орын алған жағдайда – оларға қарсы тұру, өз құндылықтары мен идеалдарын қорғау болып табылады. Бұндай ішкі жағдайларға конституциялық құрылыстың, мемлекеттік билік институттарының тұрақтылығын, азаматтық бейбітшілік пен ұлттық келісімді, аумақтық тұтастықты қамтамасыз ету, құқықтық кеңістік пен тәртіптің бірлігі, саяси және діни экстремизмнің, этносепаратизмнің шығу себептері мен жағдайларын және олардың салдарлары – әлеуметтік, ұлтаралық, діни қақтығыстарды, терроризмді болдыртпау. Халықаралық салада елдің егемендігін қамтамасыз ету, барлық елдермен және ұйымдармен теңқұқықты және өзара тиімді қатынастарды дамыту.