1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»



бет84/163
Дата14.02.2022
өлшемі343,11 Kb.
#25518
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   163
Байланысты:
Саясаттану 2018 (1)

Терроризмнің түрлері: 1) Субъектісінің сипатына қарай ұйымдаспаған, жеке дара терроризм (террорлық актіні 1-2 адам жасайды, олардың артында ешқандай ұйым тұрмайды) және ұйымдасқан, ұжымдық терроризм (террорлық іс-әрекет алдын-ала жоспарланып, оны бір ұйым жүзеге асырады: халық еркішілдер, эсерлер, ИРА, Әл-Каида, ИГИЛ т.б.) деп бөлінеді. Терроризмнің бұл түрі қазіргі кезде таралған.

2) Мақсатына, бағытына қарай ұлтшылдық терроризм (сепаратистік немесе ұлт-азаттық мақсаттарды көздейді), діни терроризм (екі түрлі дінді ұстанушылар арасындағы күреспен байланысты: индус пен мұсылман немесе мұсылман мен иудей арасындағы; сонымен бірге бір дін өкілдері арасындағы: католиктер мен протестанттар, сунниттер мен шииттер арасындағы; бұл терроризм зайырлы билікті бұзып, діни билікті орнату мақсатында жасалады).

3) кімге қарсы бағытталуына қарай жеке адамға қарсы терроризм (террорлық акті нақты бір адамға қарсы бағытталады (саяси, мемлекеттік қайраткерлерге, Анвар Садат, Индира Гандиге қарсы, оларды өлтіріп кету) көпшілікке қарсы бағытталған жаппай терроризм (1995 ж. Оклахомадағы (АҚШ), 2010 ж. Мәскеу жарып кетулер);

Терроризмнің нақты көрініс беруіне қарай: 4) билікке қатысты оппозиционерлердің терроризмі және биліктің өзінің, яғни мемлекеттік терроризм (яғни мемлекеттің саясатының бір бағыты ретінде, мемлекеттің азаматтық тұлғаларға қарсы қуғын-сүргіні, күштеуі. Мысалы, күштеу құрылымдары – полиция, т.б. құқық қорғау орындарының қызметкерлерінің заңсыз тұтқындауы, өлтіруі, ұрлауы, қинауы, азаматтарды сотсыз, тергеусіз өлтіруі. Мемлекет терроризмге өзі араласпауы мүмкін, бірақ ол террорлық топтарды қаржылай қолдауы мүмкін);

Сонымен бірге терроризмнің халықаралық және ішкі терроризм деген түрлерін де көрсетуге болады.

Қазіргі кезеңде терроризм ашық та ауқымды болып отыр, бұл бұрын-соңды болмаған жағдай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет