2005 ж. 18 ақпанда ҚР «Экстремизмге қарсы іс-қимыл» туралы заңы қабылдандаы. Онда экстремизмнің негізгі 3 түрі көрсетілді: саяси, ұлттық, діни.
Діннің негізгі мақсаты адамдағы барлық адамгершілік қасиеттерді сақтау және оларды дамыту, адамның өзінің «бет-бейнесін» сақтап қалуына көмектесу болып табылады.
Діни экстремизм діни ортада пайда болады. Діни экстремизм дегеніміз – саяси күштердің өз мақсаттарына жету үшін дін атынан мемлекетке қарсы жасалған немесе бағытталған күресі. Діни экстремизм - дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты, соның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыруды, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни әрекетті қолдану.
Діни экстремизмнің негізгі мақсаты – өз дінінің басқа діни конфессияларға басым екенін мәжбүрлі түрде мойындату. Діни экстремизм – діни фанатизмнің шектен шыққан түрі. Діни экстремизм әлемді өздерінің шектен шыққан көзқарасы мен діни фанаттық идеологиясына сәйкес қайта құруға тырысады.
Діни экстремизм деп келесі өзара байланысқан формаларда өмір сүретін әлеуметтік құбылысты айтуға болады: діни сана-сезім; діни идеология; жалғыз ғана ақиқат деп жарияланған діни доктринаны жүзеге асыру бойынша әрекет.
Достарыңызбен бөлісу: |