1. Саясаттың пайда балуы. Саясаттың мәні



бет3/4
Дата18.12.2023
өлшемі22,45 Kb.
#140477
1   2   3   4
4. Саясаттың субъектілері
Адамнын саяси мүддесінін калыптасуы-оның имандылық, адамгершілік позициясымен де тыгыз байланысты. Адамгершілік касиеттер мен имандылык принцитттері адамдардың ортак мүдде төнірегінде топтасуына шешуші ыкпал жасайды. Ал адамгершілік, имандылық кашан да жалпыадамзаттық құндылықтар мен рухани казыналарға сүйенеді .Осы касиеттерге сүйенген саясат кана мықты әрі өміршең болмак.
Кеңестер одағы түсында көп жылдар бойы имандылық қасиеттер саясаттан шетқакпайлык көріп келді, тіпті таптаурынға айналды. Діни сенім қудалауға түсті, ұлттық салт-дәстүрлердің басым көпшілігіне "кертартпа" деген айдар тағылды, жалпыадамзатка тән имандылык касиеттерінің орнын таптык көзкарас басты, "партия мен өкімет саясатына карсы деп өз әкесін үстап берген баланың килығы үлгі есебінде дәріптелді. Шүкір, қазіргі дербес дамуымыздың барысында саясат пен имандылыкты қарсы қоюдан арылып, адамгершілік негіздеріне табан тіреп жатырмыз. Республикамыздын Конституциясы саясат пен имандылықтың тыгыз бірлігіне үлкен мән береді. Оның накты дәлелі Конституцияның "Адам және азамат'" деп аталатын екінші бөлімі.
Ал ҚҰҚЫҚ болса саяси үстемдіктін нормалары мен принциптерін бекітеді және саясатқа зандық сипат береді. Біз қүқықтык мемлекет қүрып орныктыруды максат етіп отырган елміз. Барлық адам зан алдында бірдей, барлық адам зазңға бағынуға, заңға жүгінуге тиіс, ал мемлекет болса барлық азаматтың қүкығын қорғауға міндетті. Кеңестер одағы түсында партиялык номенклатура күқыкпен санаспады, заңға бағынбады, керісінше занды өз мүддесіне пайдаланып келді.
Саясаттың СУБЪЕКТТСІ дегеніміз - саяси іс-әрекетке
азды-көпті саналы түрде тікелей қатысатын кісілер, түрлі әлеуметтік топтар және үйымдар. Ал субъектінің танымдық,практикалық іс-әрекеті бағытталған нәрсені, құбылысты саясаттың ОБЪЕКТІКІ деп атайды.

Саясаттың, субъектісінің мәні саяси, процеске тікелей қатысушылардың өздерінің түпкілікті мүдделерін қаншалықты дәрежеде сезінуімен, алдарына нақты мақсат қоя білуімен, сол мүдде төңірегінде ұйымдасып, Іс-қимыл жасауымен тығыз байланысты. Яғни бұл арада саяси істерге саналы түрде қатысу шешуші рөль атқарады. Саналылық бар жерде еркіндік бар, шешім кабылдау, батыл іс-әрекетке ұмтылу бостандығы бар. Саясаттанушы ғалымдар субъектілердің саналылығының 3 түрлі деңгейін ажыратады: 1) қарапайым субъектілер - күнделікті тіршіліктен туған өзіне және өз аумағына тән мүдделер төңірегінде ғана бас көтеретін, бірак өз іс-әрекетінің саяси салдарларына жете үңілмейтіндер, өзінің саяси рөлін терең аңғармайтындар; 2) кіріптар субъектілер - саяси іс-әрекетке қатыса отырып өз орындары мен міндеттерімен жақсы түсінетін, бірақ одан асып, өздігінен, дербес саяси өмірге ықпал жасай алмайтындар; 3) белсенді, дербес субъектілер - өз мақсаттарын және оған жету жолын айқын түсінетіндер және осы жолда дербестік танытып, саяси кұлымның барлық тетіктерін іске қоса алатындар.


Субъектілер - сан алуан. Оларды әртүрлі белгілері бойынша жіктеп, топтастыруға болады. Дегенмен ең көп тарған көзқарас субъсктілерді 2 топқа бөледі: 1) әлеуметтік - оған дара адамдар, таптар, әртүрлі әлеуметтік топтар мен қабаттар, мәселен, кәсіптік, этникалық-үлттық, демографиялық, элиталық, т.б. топтар жатады; 2) институционалдық (саяси ұйымдар) - мемлекетті, партияларды, саяси қозғалыстарды, кәсіподақтарды қамтиды.
Субъектілерді саяси өмірге катысу сипатына қарай да жіктеуге болады: 1) саяси процеске тікелей катысушылар (мемлекет, партиялар, қоғамдық ұйымдар); 2) әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар; 3) саяси процеске ғана емес, саяси шешім кабылдауға да тікелей және үнемі катысушылар - көшбасы (лидер), элита. •
Түпкілікті мүдделеріне қарай біріккен үлкен топтарды, таптарды саясаттын бірінші субъектілері, саяси шешім қабылдауға және іс-әрекетке араласатын саяси ұйымдар мен дара адамдарды - екінші субъектілер деп те атайды. Соңғыға түрлі саяси институттар мен органдар, өкілетті шағын топтар мен ұжымдар және дара адамдар жатады.
Мемлекеттің, партиялар мен қозғалыстардың, элита мен көшбасының саяси процестердегі рөліне кейінгі тарауларда арнайы тоқталамыз. Қазір кісі мен әлеуметтік топтардың, саясат субъектісі есебіндегі мән-мағынасына қысқаша назар аударайық.
Кісі, жеке адам - саясаттың ең әуелгі, түбірлі субъектісі Жоғарыда айтқанымыздай, саясяттың өзі әрбір адамның қоғам мүшесі ретінде қалыптасып, есеюімен, өмірдегі орнын бағдарлап білуімен, талап-сұранымын анықтап, алдына мақсат қоюымен, сол мақсат жолындағы белсенді іс-әрекетімен тікелей байланысты. Саясат туралы ғылымда кісіні мынадай 3 кырынан қарастырады
1) кісі адамға, онын жеке басына тән психикалық-физиологиялық эмоциялық, интелектуалдық, т.б. ерекшеліктер тұрғысынан бағаланады;
2) кісі - белгілі бір топтығ-таптың, кәсіптік демографиялық, ұлттық, элиталық топтың - өкілі және нақты бір саяси рөльдің орындаушысы - сайлаушы, партия мүшесі, парламентмүшесі, министр, т.б;
3) кісі - акыл-ой мен ерік бостандыгына ие саяси өмірге белсенді, дербес қатысушы.
Саясаттың мән-мағынасы, саяси өмірдің ырғап қогамдагы сан алуан әлеуметгік топтардын өз арасындагы және олардын билік тутқасы мен карым-қатынасы аркылы аныкталатыны белгілі. Әлеуметгік топтар түпкілікті мүдделері негізінде бірігіп, топтасады, сол мудделерін іске асыру ниетінде саяси процеске араласады, билік тұжасын жеңіп алу үшін немесе оган ыкпал жасай отырып өз максатына пайдалану үшін күреседі. Дәлірек айтқанда ірі әлеуметтік топтар (таптар, үлттар мен үлыстар, кауымдастыктар, кәсіптік және демографиялык, т.б. топтар) мына шарттар орындалган жағдайда саясаттың шынайы басты субъектісіне айналады:
1) топтардың түтастыгы, ішкі байланыстың беріктігі;
2) топ мүшелеріне ортак қогамдык жағдайды, оған сәйкес ортақ түнкілікті . мүддені терең сезіну, осы негізде береке мен ынтымактың артуы;
3) максатты анықтап, іс-кимылды реттеп отыратын үйымдастыктың болуы. Расында да, түрлі саяси партиялар бірлестіктер мен қозгалыстар осындай әлеуметтік топтардан өсіп-өніп шыгады, өздерін дуниеге келтірген топтардың мүддесін коргауды мақсат етеді.
Әлеументтік топттардың саяси процеске ықпалыдың пәрменділігі аталган шарттардың орындалуынан баска мындай қосымша факторларга байланысты болады:
I) нақты әлеумеггік топтың когам күрмлымында алатын орны, саяси беделі, оның мүдделерін мемлекет аумагындагы жалпы коғамдағы мүдделермен үштасуы;
2) топтын, түп негізінде күрылған саяси үйым көшбасыларының өз тобындагы жене коғамдағы беделі.
Әлеуметтік топтардың саясатқа араласу, әсер ету әдістері мен тәсіддері әртүрлі болуы мумкін мемлекет оргаңдарына, билік түткдсына өз өкілдерін өткізу, қоғамдық пікір қалыптастыру, митинг, ереуіл, манифестация сияқты саяси акциялар өткізу, т.б.
Сөйтіп, саясат - қоғам өмірінің барлық салалары мен субъектілерінен іс-әрекеті аркылы тығыз байланыса отырып, ыкпал жасайтын күрделі қүбылыс екеніне көз жеткіземіз.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет