Парламенттік республика - өкілеттіктері Парламенттің пайдасына асып түсетін республиканың бір түрі. Парламенттік республикада Үкімет Президенттің алдында емес, Парламенттің алдында ғана жауап береді.
Мұндай басқару нысанында Үкімет парламентте көпшілік дауысқа ие партия депутаттарынан құрылады. Ол парламенттік көпшіліктің қолдауына ие болғанға дейін билікте қалады. Парламенттің көпшілігінің сенімі жоғалған жағдайда, Үкімет отставкаға кетеді немесе Мемлекет басшысы арқылы Парламенттің таратылуына және жаңа сайлау тағайындалуына ұмтылады. Парламенттің өкілеттіктері: Парламенттің өкілеттіктеріне заңнамадан басқа, үкіметті бақылау кіреді. Сонымен қатар, парламент қаржылық билікке ие, өйткені ол мемлекет бюджетін әзірлейді және қабылдайды, әлеуметтік-экономикалық даму жолдарын, ішкі және сыртқы саясат бағытын анықтайды. Үкімет Парламент алдында жауапты.
Конфедерация деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды (әскери, сыртқы саясаттағы және т.с.с.) жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады. Онда жалпы одақтық азаматтық немесе заң шығарушы немесе ол одаққа кірген мүшелердің бәріне міндетті заң шығарушы билік болмайды. Оның алған шешімдері оған кірген мүшелердің бекітуінен өту керек. Конфедерация өмірде сирек кездеседі. Мысалы, 1848 жылға дейн Швейцарияда, 1778-1787 жылдарда Солтүстік Америка Штаттарында, 1981-1989 жылдарда Сенегамбияда болды. Қазір конфедерацияға ұқсас құрылымды Еуропалық одақ құрмақ ойы бар.
15. Саяси элитаның түсінігі мен қызметі.
Саяси элита “Элита” термині сөзінен француздың “еlite” деген сөзінен шыққан, сұрыпталған, тандалған, іріктелген деген мағынаны білдіреді. XVIII ғасырдан бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. XX ғ. бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы, беделі, билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді.
Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші тандаулыларға және олардың дегенін істейтін бағаныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б. 551-479) адамдарды асыл азаматтарға (билеуші элитаға) және төменгі (қарапайым) адамдарға бөлді. Платон билеуші философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде XX ғ. басында италия ғалымдары Г. Моска, В. Парето, неміс Р. Михельс және т.б. калыптастырды.
Достарыңызбен бөлісу: |