1. Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы. Ең алғаш саясат


Мемлекеттің пайда болуы мен мәні



бет35/68
Дата15.04.2023
өлшемі128 Kb.
#83180
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68
Мемлекеттің пайда болуы мен мәні

Мемлекет деген ұғым екі мағынада қолданылады: 1) кең мағынасында үлкен әлеуметтік топтың ұйымын білдіреді де "халық", "қоғам", "ел" деген ұғымдарға сәйкес келеді; 2) тармағынасында басқару құрылымының, мемлекеттік аппараттың жиынтығын білдіріп, "үкімет", "әкімшілік" деген ұғымдарға сай келеді. Саясаттануда екінші мағынасында пайдаланылады. Бұдан кейінгі жерде біз де сол көзқарасты ұстанамыз.
Мемлекет - саяси жүйенің басты элементі, оның негізгі ұйымы. Ол - керек кезінде арнаулы күштеу органдарын пайда-лана отырып, өз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс және соған орай олардың арасындағы арақатынастарды құқықтықережелер арқылы реттейтін қоғамдық механизм.
Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамда болған жоқ. Ол құл иеленушілік коғамда дүниеге келді. Оның пайда болуы және мәні жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде ең кең тарағандары мыналар:
1. Теологиялық теория. Оның негізін салушылар А. Августин мен Ф. Аквинский мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен түсіндірді.
2. Патриархтық теория. Оның негізін салушы XVIII ғ. Өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен кауымдастықка, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды. Осыған ұқсас идеяны Аристотель де айтқан болатын.
3. Қоғамдық келісім теориясы (Т. Гоббс, Г. Гроций, Ж. Ж. Руссо) егеменді әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімінің арқасында мемлекет пайда болды дейді.
4. "Зорлык жасау" теориясы (Е. Дюринг, Л. Гумплович, K. Каутский) бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арадағы қатынастарды реттеу үшін мемлекет пайда болды деп пайымдайды.
5. Географиялық теория (А. Ратцель, В. Соловьев, Б. Чичерин) мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның (ауа райы, жер бедері және т.б.) өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.
6. Психологиялық теория адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет