№ 1 семинар сабағы Тақырыбы: География зерттеулер технологияларының педагогикалық оқытудың әдістері туралы түсінік.
Мақсаты: Физикалық география зерттеулер технологияларының педагогикалық оқытудың әдістері туралы түсінік қалыптастыра білу.
Тапсырма:
1. Жаратылыстану ғылымдарына ортақ немесе география зерттеулер белгілі бір саласы үшін әдістемелік маңызы бар әдістерді тандап алып сипаттау
2. Аталған педагогикалық әдістің негізінде ғылым мен техника дамуына септігін тигізетін қолданыс аясын қарастыру
Орындау түрі: 1. Теорияның немесе әдістің қалыптасу алғышарттарын, дамуы мен себеп-салдарлық байланыстарын көрсететін үлгі-сызбаны құрастыру; 2. Сызба-үлгіге жазбаша талдама немесе конспект жасау.
Жұмысты орындау жөнінде нұсқаулық 1. теориялық еңбектердегі деректер қорытылып, алдын ала өңдеуден өткізіледі.
2. Деректер негізінде үлгі-сызба немесе кесте құрастырылады.
3. Үлгі-сызба немесе кесте негізінде талдама жасалынады
4. Қорытынды жасау
Тексеру формасы: Тапсырмалар жазбаларды тексеру және ауызша сұрау арқылы тексеріледі.
Қосымша материалдар: Педагогикалық технология – оқытушының кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарлаған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет – магистранттың оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Баскаков А.Я., Туленков Н.В. Методология научного исследования: Учебное пособие. – 2-изд., испр. – Киев, МАУП, 2004. – 216 с.
Беручашвили Н.Л., Жучкова В.К. Методы комплексных физико-географических исследований - М.: Изд-во МГУ, 1997. - 320 с.