1 семинарлық сабақтың тақырыбы


Кулон заңының қолдану аясы



бет4/4
Дата07.01.2022
өлшемі102,77 Kb.
#16997
түріСеминар
1   2   3   4
Байланысты:
1 семинар Электричество и магнетизм

Кулон заңының қолдану аясы:

  • Зарядталған дене нүктелік болу керек.

  • Міндетті түрде қозғалмайтын болу керек.

  • Кулон заңының тек нүктелік зарядтар үшін ғана дұрыс екенін ұстау қажет.

  • табиғатта нүктелік зарядтар болмайды, бірақ зарядталған денелер арасындағы қашықтық олардың өлшемдерінен көп үлкен болса, онда денелерді нүктелік деп есептеуге болады.

  • Кез – келген заттың ядросының оның электроның біреуімен электрлік әрекеттесу күшін есептеуде қолданылады

Кулон заңының қолдану шегі анықталған. Себебі заң неше қайтара тәжірибе жүзінде тексерілген, соның нәтижесінде оның шамамен 10-15м (10-13см) , ядролық қашықтық аясында орындалатыны анықталған. Зерттеулер Кулон заңының 10-16м шамасындағы қашықтықта орындалмайтынын дәлелдеген.

Бөлшектер жүйесінің әсерлесу энергияларының өзгерісі нәтижесінде  осы бөлшектердің өзара орын ауыстыру жұмыстары жасалынады. Ол бөлшектердің өзара әсерлесу заңдылықтарына және орналасуларына тәуелді. Сан жағынан бұл энергия әсерлесу күштерінің жүйедегі барлық бөлшектерді бір-бірінен шексіздікке орынын ауыстыруға жұмсалған жұмысына тең. Егер бөлшектер жүйесіндегі әрқайсысының өрістегі энергиялары W12 және W21 болса, онда олар өзара тең W12=W21=Wр, сондықтан екі бөлшектің әсерлесу энергиясы  төмендегідей жазылады



                                            (12.1)

 

Сәйкесінше жүйедегі барлық әсерлесуші бөлшектер жүйесі үшін



                                                  (12.2)

 

деп жазуға болады. Мұндағы – i-ші бөлшектің жүйедегі қалған барлық бөлшектердің өрісіндегі потенциалды энергиясы.

Потенциалдың (9.6) анықтамасы бойынша әсерлесуші нүктелік зарядтар жүйесі үшін алатынымыз

                                                (12.3)

мұндағы – жүйедегі барлық зарядтардың Qi заряд орналасқан нүктедегі толық потенциалы.



Егер заряд V көлем бойынша  көлемдік тығыздықпен үздіксіз таралатын болса, онда зарядтар жүйесін  элементар зарядтардың жиынтығы ретінде қарастырып, (12.3) қосындыдан интегралдауға өтеміз

,                                              (12.4)

мұндағы  – жүйедегі барлық зарядтардың  көлем бөлігінде тудыратын потенциалы.



 Өткізгіштің заряды мен  потенциалы болсын. Өткізгіштің беті эквипотенциал болғандықтан (12.4)  потенциалды интегралдың сыртына шығаруға болады. Сонымен, зарядталған өткізгіш энергиясы 

                                       (12.5)

түрінде жазылады.

Зарядталған өткізгіш энергиясы оны зарядтауға кеткен сыртқа күштердің жұмысына тең.

Зарядталған конденсатор үшін келесі өрнек алынады

                                      (12.6)

Зарядталған жазық конденсаторды қарастырамыз. Оның энергиясы  (13.6) формуласымен, ал электр сыйымдылығы

 

.                                                     (12.7)

өрнегімен анықталады.



 Егер конденсатор астарларының  ара қашықтығы оның өлшемдерінен айтарлықтай аз болса, онда конденсатор энергиясын біртекті деп қарастыруға болады. Сонда  , осы  және  (12.5) өрнектерін  (12.6) формуласына қойып, алатынымыз:

                                        (12.8)

мұндағы  жазық конденсатордағы өрістің алып тұрған  көлемі. Бұл формулада конденсатор энергиясы электр өрісін сипаттайтын 

 өріс кернеулігімен өрнектелген. Осы жағдайда энергия таралған көлем бойынша осы энергияны тасымалдаушы рөлін өріс атқарып тұр. Тұрақты өріс және оған себепші зарядтар бір-бірімен тікелей байланыста. Алайда уақыт бойынша өзгеретін өріс өзін тудырушы зарядтарға байланыссыз болады да кеңістікте электромагнитті толқын ретінде тарай береді. Тәжірибе электромагнитті толқын энергия тасымалдайтынын көрсетті.

Атап айтқанда, Жер бетіндегі тіршілікке керекті энергия Күннен электромагнитті толқындар арқылы (жарықпен) жеткізіледі, радиоқабылдағыштардағы сөйлететін энергиялар орталық станциядан электромагнитті толқындармен жеткізіледі т.с.с. Осы фактілер энергия тасымалдаушылар өріс екендігін білдіреді.

Электростатикалық өріс энергиясының көлемдік тығыздығын (12.8) өрнегін пайдаланып мына түрде алуға болады

 

.                                  (12.9)



 

Изотропты диэлектриктерде  және  векторларының бағыттары бағыттас, сондықтан (12.9) формуласындағы -ны  -ге алмастырып, алатынымыз:

.                                    (12.10)

Бірінші қосынды вакуумдегі, екіншісі диэлектрикті үйектеуге кеткен өріс энергия тығыздығын сипаттайды.

Әрбір нүктедегі өріс энергиясының тығыздығын білсек, төмендегі интеграл көмегімен бүкіл V көлемдегі энергияны табуға болады.

 

  .                                                (12.11)



Бұл біртекті және біртекті емес электростатикалық өрісті, сонымен қатар айнымалы потенциалды емес өрісті есептеуге пайдалынатын әмбебап формула.

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет