1. Үш нақты берілген. Сол сандардың ішінен (1, 5) аралығында жататындарын экранға шығару керек.
2. Нақты x, y (x≠y) сандары берілген. Осы екі санның кішісін олардың қосындысының жартысмен, ал үлкенін олардың екі еселенген көбейтіндісімен ауыстыру керек.
3. Үш нақты сан берілген. Осы сандардың ішіндегі теріс сандардың квадратын, ал оң сандардың кубын экранға шығару керек.
4. Нақты x, y сандары берілген. Егер x және y сандары теріс сандар болса, онда бұл сандардың әрқайсысын олардың модулімен ауыстыру керек, егер екі санның біреуі ғана теріс сан болса, онда екі санды да 0,5-ке өсіру қажет, ал егер екі сан да теріс емес және екеуінің ешқайсысы [0,5; 2] аралығында жатпайтын болса, онда екі санды да 5 есес кеміту қажет, басқа жағдайларда x пен y сандарының мәнін өзгеріссіз қалдыру қажет.
5. Нақты a саны және натурал n саны берілген. Есептеу керек:
.
6. Нақты a саны берілген. Табу керек:
а) сандарының ішінен a санынан үлкен болатын алғашқы санды;
ә) болатындай n санын.
7. Натурал n саны, нақты сандары берілген. Осы сандардың ішіндегі оң сандардың қосындысын, теріс сандардың санын табу керек.
8. Натурал n саны, нақты сандары берілген. Осы сандардың ішіндегі [1, 2] кесіндісінде жатпайтын барлық оң сандарды ң, осы кесіндіде жататын сандардың саны мен барлық теріс санардың санын анықтау керек.
9. Натурал сан берілген.
а) Берілген санның цифрларының санын анықтау керек.
ә) Берілген санның ең бірінші цифрын анықтау керек.