Шаңғы тебудің мақсатқа сәйкес тәсілдері деп шаңғышы ең тиімділік қозғалысты қолға келтіретін қозғалыс жүйесін түсінеміз. Шаңғы тебу тәсілдері спортшының физикалық қасиеттерінің даму дәрежесімен, тыгыз өзара байланысты және осы қасиеттердің толық көрінуіне көмектесу керек Шаңғы тебу тәсілдері әрқашан да нақты болады және уақыт, кеңістік және диалектикалық сипаттамалармен белгіленеді.
Шаңғы тебу тәсілдерінің табиғи, тиімді, үнемді, тұрақты және көп әдісті болуы керек. Тәсіл тиімділігі, әрбір нақты жағдайда ең көп жұру шапшаңдылығын қолға келтіруге мүмкіншілік беретін жылжымалы қозғалыстың жүзеге асатындығымен белгіленеді.
Шаңғышы кезек-кезегімен кұш алып жылжып және сырғанап, іс жұзінде жұмыстың күш-куатты және біршама пассив қозғалысты алмастырады. Шаңғы тебу циклдерінің біршама пассив уақытындағы негізгі міндет тек қана босаңсу емес, сонымен бірге сырғанау жылдамдығының азаюына жол қоймастық болып табылады. Шаңғышы сырғанау сатысында сыртқы және ішкі күштердің өзара әрекет жасауын қамтамасыз етуі және жылдамдықты сақтау үшін мақсатқа сай қозгалуы керек. Ол үшін дененің теңселуін тоқтатып, бір шаңғыға түсетін дене салмағын екіншісіне бір калыптылықпен ауыстыру және күш алып жылжыган кезде кеуде және қолмен белсенділікпен жұмыс істеу керек.
Шаңғы тебу тәсілдері жеткілікті. Олардың кейбіреулерін көп қолданады, кейбіреуін аз. Қозғалу мүмкіншіліктерін кеңейту және техникалық шеберлікті арттыру үшін спортшьның барлық тәсілдерді үйренуі қажет.
Шаңғы тебу тасілдерінің жүйесін келтіреміз
Достарыңызбен бөлісу: |