1. Шеміршекті балықтар және сүйекті балықтар жер шарында тіршілік ететін балықтардың барлық түрлерін жатқызуға болады. Негізінен балықтардың 28 000 астам түрлері бар



Дата19.03.2022
өлшемі15,49 Kb.
#28446

Саламат М.

1. Шеміршекті балықтар және сүйекті балықтар жер шарында тіршілік ететін балықтардың барлық түрлерін жатқызуға болады. Негізінен балықтардың 28 000 астам түрлері бар. Оның ішінде шеміршекті балықтар шеміршек сүйектерінен тұратын балықтардың түрлерін айтуға болады. Шеміршекті балықтардың жақ сүйегі мен бас сүйегінің арасында ешқандай байланыс болмайды. Бас сүйектері көбінесе он шеміршекті бөлігінен тұрады. Бұл типтегі балықтардың көбіне қабырғалары мен сүйектері болмайды.

Бұл балықтардың ауыз қуысы мен жұтқыншағы бөлінбеген. Ауыз және жұтқыншақ қуыстары бірігіп жұтөыншақ құыстарын құрайды. Мысвлға алабұға балығындп бірнеше ұсақ тістері бар. Тістері үщкіп болып келеді бірақ қорегін майдалау алмауына байланысты бүтіндей жұтады тілі болмайды, өңеші үлкен және үлкен созылмалы қарынға барып жалғасады. Асқорыту мүшелері мен бездері қосылып асқорыту жүйесін құрайды. Асқорыту жүйесінде тағам әр түрлі механикалық және химиялық өзгерістерге ұшырайды.Тағам құрамындағы нәруыздар майлар, көмірсулар суда ерімейді сол үшін қан мен лисфаға өте алмайды. Балықтардың асқорыту бездерінен бөлінген сөлдер арқылы тамақ қорытылады.

2. Кірпікшелі құрттар. Кластың сипаттамасы. Кірпікшелі құрттар теңіздерде және тұщы суларда ылғалды топырақтарда мекендейтін құрттар. Олардың денелері кірпікшелі эпителимен жабылған. Олардың негізінен 3000 ас түрлері бар. Денесі созылмалы жапырақ тәрізді болып келеді.Кірпікшелі құрттардың денесінің ұзындығы мл ден бірнеше см дейін болады .Денелері түссіз немесе ақ түсті немесе түрлі түсті болып келеді.Денесін цилиндр пішінді клеткалардан тұратын бір қабатты эпителии жапқан, оның сыртқы бос шеттерін кірпікшелілер қаптап тұрады. Кейбір турбелляриде клеткалар арасындағы шекаралар жойылып эпителий синцитий тәрізді болады. Мұндай жағдайда ядроны қоршап тұрған цитоплазма аймақтары дененң ішіне қарай ығысады. Тері қабатына тереңірек еніп кеткендіктен олар колба тәріздес және өздерінің жіңішке бөлімімен сыртқы ортамен байланысады. Жіңішке бөлімдерінің ядросы жоқ және бос жағында кірпікшелері бар бөлінбеген цитоплазмалық тақтаны түзеді.Қабаттарының бұндай құрылыс түрі көптеген турбелляриге тән және олар батып кетккн эпителий деп атайды


3.Омыртқалылар, бассүйектілер хордалы жануарлардың тип тармағы.

Омыртқалылардың арғы тегі теңізде тіршілік еткен төменгі сатыдағы хордалылар (қабықтылар, бассүйексіздер). Нағыз Омыртқалылар тұщы суларда пайда болып, олардың эволюциялық дамуының алғашқы сатылары сонда өткен. Жақсы жетілген қозғалу органдарының нәтижесінде су Омыртқалылары (негізінен балықтар) су қоймаларында тіршілік етіп, кейіннен теңіздерге таралған. Тіршілік еткен су қоймаларында оттектің жеткіліксіз болуы девонда олардың құрлыққа шығуына себепші болды. Алғашқы құрлыққа шыққан Омыртқалылар – ихтиостегилер. Бұлар саусаққанатты балықтардан шығып, қосмекенділердің; ал мезозойда жақсы дамыған бауырымен жорғалаушылардың, триаста сүтқоректілердің, юра кезеңінде құстардың арғы тегі болып саналады. Барлық Омыртқалылардың эволюциялық дамуы олардың дене құрылысының күрделенуімен сипатталады. Дене тірегі – хорда, эволюциялық даму процесінің барысында ересек жануарларда (төменгі сатыдағы балықтардан басқасында) хорда, көбінесе омыртқаға айналады (тип тармағының аты осыдан шыққан). Омыртқалылардың судан құрлыққа шығуына байланысты дене құрылысы күрделілене түсті. Төменгі сатыдағы Омыртқалылардың жүрегі екі камералы болса, жоғары сатыдағы Омыртқалылардың бұлшық етті төрт камералы жүрегі көптеген негізгі (құлақшалар мен жүрекшелер) және қосымша бөліктерден (венозды синус, артериальды конус) тұрады. Қан айналыс жүйесі тұйық біткен. Су Омыртқалыларының (бассүйексіздер, балықтар) тыныс алу органы – желбезек, ал құрлықтағы Омыртқалыларда қос өкпе болады. Көру, есту, сезім және иіс сезу органдары жақсы дамыған. Жүйке жүйесі ми, жұлын және шеткі жүйке түйіндерінен (ганглиялардан) тұрады. Зәр шығару органы – қос бүйрек. Омыртқалылардың барлығы да даражыныстылар, жыныс безі екеу, бірақ балықтарда гермафродитизм байқалады. Кейбіреулері жұмыртқа салып, екіншілері ұрпақтарын тірідей туып көбейеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет