Жүктіліктің және менструальді циклдің сары денелері әз қызметін атқарған
соң инволюцияға ұшырайды. Осының нәтижесінде бұрынғы сары дененің
орнына дәнекер тінді
-
ақ зат пайда болады. Бұл зат аналық безде бірнеше
жылға дейін сақталады да, біртіндеп солып, жойылады.
Атрезия.
Бездегі фолликулдардың біразы пісіп
-
жетілу кезеңіне жетпейді де,
ыдырап, қайта өзгеріп
-
атрезияға ұшырайды. Мұнда ең альдымен овоцит
жойылады да, одан қатпарланған, біршама тығыздалған дене түзіледі. Бездің
құрамындағы
интерстициальді жасушалары ерекше дамып, өзінің пішіні мен
түрі жағынан сары денеге немесе
оның құрамындағы лютеин жасушаларына
ұқсайды. Бұл пайда болған құрылым атрезиялықнемесе атретикалықдене
болып табылады. Кейіннен бұл дене де инволюцияға ұшырап, бұлардың
орнына интерстициальді жасушалар жиынтығы қалады. Интерстициальді
жасушалар овариальді циклдің гормондарын түзуге қатысады деп ұғынған
жөн.
Достарыңызбен бөлісу: