1-ші деңгей Сойыс малдарының жалпы сипаттамасы, оларды дайындау және оларға қойылатын қазіргі заман талаптарын түсіндіріңіз


 Егілген малды союға жіберудің ветеринариялық санитариялық ережесін түсіндіріңіз



бет13/58
Дата22.09.2022
өлшемі127,79 Kb.
#39852
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58
Байланысты:
вет сан(1)

33. Егілген малды союға жіберудің ветеринариялық санитариялық ережесін түсіндіріңіз.
вирусты вакцинамен егілген малды 21 күнге дейін, ал топалаңға (жамандат, қараталақ, ақшелек) қарсы егілен (вакцина немесе сыворотка) малды 14 күн өткенше тапсыруға болмайды. Со-нымен қатар антибиотик егілген, пестицидтермен өнделген малды да, олардың арнаулы құжаттарында көрсетілген мерзімнен тыс етке тапсыруға рұқсат етілмейді. Ал балық немесе балық ұнымен азықтандырылған малды 30 (құсты 10) күннен кейін ғана етке тапсыруға болады. Малдарды тірі вакцинамен егілген жағдайда малды 3 апта өтпейінше союға болмайды,
34.Қәзіргі кездегі ет өндіруші кәсіпорындарда союға жіберудің ветеринариялық санитариялық ереже бойынша ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Ет өңдеу комбинаттарында ұшаны өңдеуден, тазартудан өткеннен кейін мал түріне, жасына, жынысына, қоңдылығына және термиялық жағдайына байланысты әртүрлі топқа бөледі.Мал түріне қарай ет сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы, бұғы, қодас, шошқа және құс еті болып бөлінеді. 
Сиыр және бұзау еті 779-87 МС төмендегі топтарға және қоңдылық дәрежесіне (категориясына) бөлінеді:
1. Сақа мал еті (жасы үштен асқан сиыр, өгіз және бұқа еті);
2. Бір тума сиыр еті
3. Жас мал еті (жасы үшке толмаған қашар, бұқашық, өгізше еттері)
4. Бұзау еті (жасы 14 күннен 3 айға дейінгі төл еттері)
Ал ұшаның ет арасындағы лимфа түйіндері ет комбинаттарында өте қажет жағдайда ғана тексеруден өткізіледі. Демек, бас пен ішкі ағзаларды тексергенде зақымдалған жері болса немесе ауырудың белгісі байқалса (қанталау, іріндеген, ісік) ұшаның лимфа түйіндері түгел тілініп қаралады. Әлгіндей белгілер байқалмаса, ұшаға пышақ жұмсап кеспейді, өйткені кескіленген ұшаның тауарлық сапасы төмендейді, тоңазытқышта ұзақ сақтауға келмейді.
35.Субөнімдер, олардың жіктелуі және тағамдық маңызын түсіндіріңіз
Субөнеімдер (ішкі мүшелер) тағамдық бағасы жөнінен құнды сойыс өнімдері. Кейбір суб өнімдер аминқышқылдарының құрамы жағынан еттен кем түспейді. Май организқмнің қалыпты өмір сүруіне аса қажетті таббиғи құрылым. Ішек, шұжық өндірісінде кеңінен қолданылатын шүикізат.
Суб өнімдер- мал сойылғанда алынатын қосалқы өнімдер. Оған үлпершекті ішкі ағзалар және ұшаның кейбір бөліктері (бас, сирақ, желін, етті майлы құйрығы) жатады. 
Мал сойылғанда субөнімдердің шығымы мал түріне байланысты сиырда-22%, шошқада-17%, ұсақ малда-20%, жылқыда-16% шамасында болады. 
Құрамындағы ет, май, экстрактивті, минералды заттардың мөлшері және энергетикалық бағасы бойынша кейбір субөнімдер (тіл, ерін, бауыр, ми, бүйрек) етпен пара пар.
Ал кейбіреуіндегі ақзат мөлшері тіпті еттегі ақзаттан да көп. Бірақ ақзаттың саалы құрамы, яғни оның тағамдық маңызы.
Бүйрек. Сырты фибринозды қабықпен жабылған. Онда ақзат, липидтер, фософр, ферменттер, В тобындағы витаминдер бар. Сонымен қатар онда гликоген, сүт қышқылы, аммиак, мочевина, пурин қалдықтары кездеседі. Осының әсерінен бүйректің өзіндік дәмі, иісі бар.
Жүректе-етті ағза, ет ұлпалары көлденең жолақ еттен тұрады. Жүректің негізін нығыз дәнекер ұлпалары құрайтындықтан, еті нығыздау келеді. Жүрек ұлпаларының құрамына метионин, фосфор, темір, В тобындағы витаминдері кіреді. Жүрек еті нығыз болғандықтан, одан дайындалған өнімдер ұсақтап турауды қажет етеді.
​Ми-мал милары бірнеше бөліктен тұрады және онда мидың сұрғылт және ақ қабатын ажыратады. Ми құрамы липидтердің молдылығымен ерекшеленеді. Липид құрамында фосфатидтер, стеридтер, стерундер, церебразидтер холоестерин мол. Ми ақзаттары негізінен коллаген және нейрокератиннен, ал азғана мөлшерде альбуминдер мен фосфорлы глобулиндерден құралған. Минералды заттардан ми құрамында фосфор мен темір мол.
​Желін-малдың сүт бездері, үлпершекті ағза. Желін паренхимадан және эпителиальды, борпылдақ, торлы бағалы ақзаттар аз. Бірақ онда май ұлпалары көп болғандықтан желінде толық бағалы ақзаттар аз. Бірақ онда май ұлпалары көп болғандықтан желін жеуге жұмсақ, оңай қортылады және сіңіріледі.
​Тағамға тек сиыр желіні ғана пайдаланады, кәрі малдың желіні жұмсақ, тез піседі. Желінді қуыруға, бұқтыруға, паштет дайындауға және май алуға пайдаланады.
​Талақ-қан түзуші ағза, биологиялық сүзгі, антиденелер түзіледі. Талақ сыртынан сірі қабықпен қапталған. Талақта темір көп олар ферритин, феррин ақзаттарының құрамына кіреді.Талақтың тағамдық маңызы жоққа тән, сондықтан оны тағамдық өнімге қоспайды. Онда ферменттер мол болғандықтан одан ферментті препараттар дайындайды.
​Өкпе-оған кіретін негізгі коллаген және эластин. Экстрактивті заттардың ішінен маңыздысы гепарин. Өкпенің де маңызы төмен. Онда дәнекер ұлпалар, қан тамырлары көп. Оның ақзаттарының қорытылуы қасиеті төмен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет