Бауырдың лимфа түйіндері — бауыр қақпасының тұсында май безімен ұйқы безінің арасында жатады. Ұзындығы 1-7см. Лимфаны бауырдан, ұйқы безінен оң екі елі ішектен және ұлтабардан жинайды.
Бүйректер - майынан ажыратылып сырттай қаралады. Егер сыртқы көрінісі мен бітімінде өзгерістер байқалса, мұндай бүйректер ұзынынан пышақпен тілінеді. Бүйрек кабығы жарақаттанып қабынғанда, уланғанда, туберкулез т.б. ауруларда бүйректерді бірнеше жерден тіліп, мейлінше ұқыпты тексеру қажет.
Бүйректің лимфа түйіндері - ұзындығы 1,5см, бүйрек қан тамырларының құрсақ қолқасынан шыққан жерінде орналасқан лимфаны бүйректен жинайды да, белдеме цистернасына құяды.
Қарынды, ішектер мен шажырқай лимфа түйіндерін, жатыр мен желінді малдың ішіне ақтаратын жерде тексереді. Бұл ағзалардан ақаулықтар байқалса, оның себебін анықтайды.
Қарынның лимфа түйіндері - ұлтабар, үлкен қарын, таз қарын жалбыршақтың үстінде жатады. Көптеген ұсақ түйіндерден кұралады, әр қайсысының үзындығы 1-4см, келеді. Лимфаны қарын бөлімдерінен, он екі елі ішектен және көк бауырдан жинайды. Жиналған лимфа белдеме цистернасына құйылады.
Шажырқайдың лимфа түйіндері - шажырқайдың ішінде жатады. Лимфаны тоқ ішек пен аш ішектен жинайды да, белдеме цистернасына құяды.
Тоқ ішектің лимфа түйіндері — ішектің қабырғаларынан жнналған лимфаны құрсақ цистернасына құяды.
Тік ішектің лимфа түйіндері — лимфаны тік ішектен, жамбас қуысының жоғарғы жағынан жинайды да, құйымшақ лимфа түйіндеріне береді.
57.Сойыс малдары арасынан жұқпалы ауру табылғанда жүргізілетін шараларды сипаттаңыз. Сойғаннан кейін малдың ішкі ағзаларын және етін белгілі бір тәртіппен толық тексеріп оларға ветеринариялық - санитариялык баға беріледі. Егер сойылған мал ауруға шалдықкан болса, тексергенде ағзаларынан түрлі өзгерістер кездесуі ықтимал. Сойылған малдың басы, тілі, жүрегі, өкпесі, бүйрегі, бауыры, көк бауыры, қарыны мен желіні пышақпен тілініп қаралады.
Ал ұшаның ет арасындағы лимфа түйіндері ет комбинаттарында өте қажет жағдайда ғана тексеруден өткізіледі. Демек, бас пен ішкі ағзаларды тексергенде зақымдалған жері болса немесе ауырудың белгісі байқалса (қанталау, іріндеген, ісік) ұшаның лимфа түйіндері түгел тілініп қаралады. Әлгіндей белгілер байқалмаса, ұшаға пышақ жұмсап кеспейді, өйткені кескіленген ұшаның тауарлық сапасы төмендейді, тоңазытқышта ұзақ сақтауға келмейді.
Сойылған малдың еті тез таратылып жіберілетін болса, (базарға шығарып сату, жіліктеп бөліп алу, асханаға беру) ұшаның лимфа түйіндері түгел тексеріледі.
Сойылған малдың басы мен ағзаларын және ұшасын екінші малдың ұшасымен шатастырып алмау үшін олардың әр қайсысын бір номермен белгілейді, тексерілген ағзалардың біреуінен патологиялық өзгерістер байқалса, осы номер арқылы сол малдың ұшасы мен терісін т.б. ағзаларын тез тауып алады.
Ірі қараның бір жерде басы, екінші орында өкпе-бауыры, жүрегі, үшінші жерде ұшасы мен бүйрегі байқаудан өткізіледі, төртінші орында күдік туғызған ұша мен ағзалары соңғы рет тексеріледі.
Шошқаны бауыздағаннан кейін, терісін сыпырмастан бұрын бастың лимфа түйіндерін тіліп қарап, топалаңға тексереді. Кейін басын, ағзаларын, бұлшық еттерін финнозға тексереді. Ұшасы соңғы рет мұқият қаралады. Оның категориясы анықталады және таңбаланады.
Қой мен ешкінің, бұзаудың басы ең соңында қаралады, ал ағзалары мен ұшасын тексеру әдістері ірі қараның ұшасы мен ағзаларын тексеру әдістеріне ұқсас.