1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе


 Республика экономикасын соғыс мүддесіне бағындыру



Pdf көрінісі
бет14/68
Дата18.01.2022
өлшемі4,71 Mb.
#24093
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68
6. Республика экономикасын соғыс мүддесіне бағындыру 
Соғыстың  алғашқы  айларында  Кеңестер  мемлекеті  соғысқа  дейінгі 
жылдары  салынған  өндіріс  қуатының  көп  бөлігінен  айырылды.  Бұл 
жағдаймен  бір  мезгілде  мемлекет  экономикасын  әскери  өмірге  бейімдеу  іс-
шаралары  жүзеге  асырылды.  Қысқа  мерзім  ішінде  республика  халық 
шаруашылығын  соғысқа  бейімдеп  қайта  құру  қиын  болды.  Бірінші  кезекте 
елдің  қорғаныс  мұқтажына  жұмыс  істейтін  халық  шаруашылығы 
материалдық  және  адам  ресурстарымен  қамтамасыз  етілді.  Халық 
шаруашылығы салаларында негізінен әйелдер, қариялар, жасөспірім балалар 
еңбектенді.  Соғыс  уақытының  талабына  сай  жұмыс  күні  ұзартылды  және 
еңбек  демалыстары  жойылды.  Барлық  азық-түлік  пен  шикізат  қорлары 
майданға  жіберілгендіктен,  халық  азық-түлік  және  өнеркәсіп  өнімдерімен 
белгіленген мөлшерде ғана қамтамасыз етілді. 
Соғыстың  алғашқы  күндерінде  КСРО  үкіметі  жанынан  эвакуация 
жөніндегі  Кеңес  құрылды.  Ал,  Қазақ  КСР  Халық  Комиссарлар  Кеңесі 
жанынан  эвакуациямен  келген  халықты,  өнеркәсіп  орындарын  орналастыру 
жөніндегі  бөлімдер  ашылды.  1941  жылдың  жазынан  бастап  Қазақстанға 
көшірілген халықты әкелген эшалондар келе бастады. Қазақ Республикасына 
әсіресе,  1941  жылғы  тамыз-желтоқсан  айларында  халық  көп  келді.  1941 
жылдың  аяғында  тылға  көшірілген  12  млн.  халықтың  386492-сі  Қазақстанға 
орналастырылды.  Бұл  көрсеткіш  1942  жылы  532,5  мыңға  өсті.  Жергілікті 
өкімет 
ұйымдары 
эвакуациямен 
келген 
халықтың 
мұқтажын 
қанағаттандыруға бағытталған шараларды жүзеге асырды. 
Соғыстың  алғашқы  айларынан  бастап  Қазақстанға  батыс  аудандардағы 
өнеркәсіп  орындары  көшіріле  бастады. 1941  жылы  28  қыркүйекте  Ақмолаға 
ең алғашқы Мелитополь станок зауыты көшіп келді. Петров атындағы мұнай 
жабдықтарын  жасайтын  зауыт  Гурьевке,  Пархоменко  атындағы  шахта 
жабдықтарын  жасайтын  зауыт  Қарағандыға  көшірілді.  Қазақстан  аумағына 
көшірілген өнеркәсіптер жоспарлы түрде шикізат көздеріне жақын жерлерге 
орналастырылды.  Ақтөбе  ферросплавл  зауыты  Запорожье  ферросплавл 
зауыты  жабдығын,  Өскемен  қорғасын  мырыш  комбинаты,  Орджоникидзе 
түрлі-түсті  металл  зауытын,  Ворошилов  ауыр  машина  жасау  зауытын 
Алматы  авторемонт  зауыты  қабылдады.  Алматыдағы  құрылысы  толық 
аяқталмаған  авторемонт  зауыты  Луганск  ауыр  машина  жасау  зауытын, 
республикамыздың оңтүстігі Украинаның 14 қант зауытын қабылдады. 
Өнеркәсіп орындарын көшірудің екі кезеңі болды: 1941 жылдың соңынан 
1942  жылдың  басына  дейін,  1942  жылдың  басынан  күзіне  дейін.  1941 
жылдың  күзінде  Қазақстанға  УКСР-нен,  БКСР-нен,  Ленинград  пен 
Москвадан өнеркәсіп орындары көшірілді. Тек Украинадан 70 шақты зауыт, 
фабрика,  электростанция,  депо,  механикалық  шеберханалар  келді.  Олардың 
ішінде  Қазанның  XX  жылдығы  атындағы  станок  жасайтын  зауыт,  №  24 
зауыттың  Харьковтік  ұшақ  цехы,  Днепропетровск  вагон  жөндеу  зауыты, 
«Трансвязь»  электромеханикалық  зауыты,  Пархоменко  атындағы  Луганск 
машина  жасау  зауыты,  Киев  ет  комбинаты  және  т.б.  болды.  Мәскеу  және 
Мәскеу  облысынан  рентген,  Дзержинский  атындағы  электротехникалық 


зауыт,  Курчатовск  мехзауыты,  «Изолит»  зауыты,  «Красный  факел»  зауыты 
көшірілді.  Тек  Гурьев  арқылы  1942  жылы  тамыз-қыркүйек  айларында 
Қазақстанға 24 000 тонна әр түрлі өнеркәсіп жабдықтары көшірілді. 
Жеңіл өнеркәсіп орындары да Қазақстан, Орта Азия аумақтарына көптеп 
көшірілді.  Атап  айтқанда,  Киев,  Азов,  Артемов  аяқ-киім  фабрикалары 
негізінде  Семей  аяқ-киім  фабрикасы,  «Парижская  коммуна»  аяқ-киім 
фабрикасы  негізінде  Қарағанды,  Қызылорда,  Алматы  аяқ-киім  фабрикалары 
құрылды.  Қазақстанға  53  жеңіл  өнеркәсіп  орындары  көшірілді.  20  шақты 
машина  жасайтын,  металл  өңдейтін,  аз  литражды  двигатель,  радиоприбор, 
таразы,  тігін  машинасын  жасайтын  зауыттар  әскери  жабдық,  қару-жарақ 
шығаруға  негізделіп  қайта  құрылды.  Көшірілген  өнеркәсіп  орындарымен 
бірге  республикаға  3200  тау-кен  мамандары,  200  Донбасс  шахтасының 
құрылысшылары,  Воронеж,  Луганскіден  2000  машина  жасаушы  мамандар, 
1000  теміржолшылар,  7000-ға  тарта  инженер-техник  мамандары  қоныс 
аударды.  Жау  уақытша  басып  алған  жерлердегі  өнеркәсіп  орындары 
Қазақстанға көшіріліп, орналастыру шаралары 6 айға созылды. 
Отанға  төнген  қауіп  Кеңестер  Одағының  барлық  ұлттары  мен 
халықтарын  тығыз  біріктірді.  Соғыстың  алғашқы  күндерінен  бастап 
Қазақстан  еңбекшілері  жоғары  ұйымшылдық  көрсетіп,  Отанының 
бостандығы  мен  тәуелсіздігі  үшін  еңбектенуді  басты  мақсаты  деп  шешті. 
1941  жылдың  16  тамызында  БКП  (б)  ОК-мен  КСРО  ХКК  Повольжье,  Орал, 
Батыс  Сібір,  Қазақстан  және  Орта  Азия  аудандарына  1941  жылдың  4- 
тоқсанына  және  1942  жылға  арналған  жоспарды  бекітті.  Бұл  жоспар 
бойынша  әскери  техника,  жабдықтар,  оқ-дәрі  өндіруді  ұлғайту  және 
металлургия,  көмір  салалары  өнімдерін  асыра  өндіру,  стратегиялық  шикізат 
шығаруды  арттыру  көзделді.  Өйткені  1941  жылдың  өзінде  жау  КСРО 
аумағының көп бөлігін жаулап алды. Жаулап алынған аумақтарда өндірілетін 
шикізат  ендігі  жерде  Қазақстанда  бірнеше  рет  көп  мөлшерде  өндірілді. 
Донецк,  Москва  түбіндегі  көмір  бассейндерінен  көмір  өндіру  мүлдем 
тоқталды.  Сондықтан  соғыс  мүддесіне  көмір  өндірудің  барлық  ауырлығы 
Қарағанды  көмір  бассейніне  түседі.  Қарағанды  көмір  бассейні  соғыс 
жылдарында  алдағы  жылдармен  салыстырғанда  көмірді  төрт  есе  артық 
өндірді.  Соғыс  жылдары  18  жаңа  шахта  ашылды.  1945  жылы  конструктор 
С.С.Макаров  әлемдегі  ең  алғашқы  көмір  комбайнын  Қарағанды  жерінде 
ойлап  тапты.  Қарағанды  көмірі  Орал,  Орск-Халиловск,  Поволжье  өнеркәсіп 
орындарын, темір жол транспортын отынмен қамтамасыз етті. 
Соғыс жылдары мұиай өндіру 3 есеге көбейді. «Қазақстан мұнай» ұжымы 
тәулігіне  12  сағат  жұмыс  істеді.  «Ақтөбе  мұнай»  ұжымы  Жақсымай  мұнай 
шығару объектісін жұмыска қосса, Гурьев облысының мұнай құбырларында 
мұнай  өндірісін  арттыруды  қолға  алды.  Ұжымдар  арасында  социалистік 
жарыстар кеңінен қанат жайып, жарысқа қатысқан 9340 мұнайпіының 5800-і 
жұмыс  нормасын  101-200%,  218-сі    200-300  %,  23  мұнайшы  300  %  асыра 
орындады. Ембі-Қулсары мұнай өндірісін басқарған мұнайшы инженер Сапы 
Өтебаев  1941  жылы  29  ұңғыны  жұмысқа  қосып,  тәуліктік  өнімді  осы  жылы 


соғысқа  дейінгі  көрсеткіштен  екі  есеге  көбейтті.  Соғыстың  тек  алғашқы 
жылы жаңа 4 мұнай өңдеу орындары жұмыска қосылды. 
1942  жылы  неміс-фашистер  әскері  Волгаға  шығып,  Солтүстік  Кавказ 
аумағын басып алуына байланысты, мұнай өнеркәсібінің жағдайы қиындады. 
Сондықтан  Мемлекеттік  Қорғаныс  Комитеті  мұнай  өндіруде  Қазақстанға 
үлкен  үміт  артады.  Ембі  мұнайшылары  1942  жылы  тәулігіне  2500  т.  мұнай 
өндірсе,  1943  жылы  -  Мемлекеттік  Қорғаныс  Комитетінің  тапсырмасын 
орындау  барысында  мұнай  өндіруді  4500  тоннаға  жеткізуді  ұйғарды.  1943 
жылы  18  мамырында  Мемлекеттік  Қорғаныс  Комитеті  «Қазақстан  мұнай 
комбинатында  мұнай  өндіруді  жүзеге  асыру  шаралары»  деген  қаулы 
қабылдайды.  Қаулы  бойынша  мұнай  өндіруді  барынша  күшейту  және 
комбинат  жанынан  барлау  бөлімін  ашу  жолға  қойылды.  Нәтижесінде  осы 
жылы Кавказ және Қазақстан мұнайын майданға жеткізу жолдары салынып, 
майдандар өз мерзімінде жанармаймен қамтамасыз етілді. 1943 жылы «Қазақ 
мұнай»  ұжымы  Мемлекеттік  қорғаныс  комитетінің  Қызыл  Туын  5  рет 
иемденіп,  мұнай  өңдеуде  жоғары  көрсеткіштерге  жетті.  1944  жылы 
«Қазақстан  мұнай  комбинаты»  ұжымы  15  рет  Бүкілодақтық  жарыстардың 
жеңімпазы  аталып,  10  рет  ОАК  мен  Қазақстан  коммунистік  партиясының 
Туларын  иемденді.  1944-1945  жылдары  бұл  ұжым  11  рет  Қорғаныс 
Комитетінің  Туын  иемденіп,  бүкілодақтық жарыстың  2,  3-орындарын  жеңіп 
алды. 
Соғыс жылдары қорғаныс өнеркәсібі үшін Қазақстан металлургтері күні-
түні еңбек етті. Өндірілген 100 т. молибденнің 60 тоннасын Шығыс Қоңырат 
руднигі өндірді. Қазақстан соғыс жылдары Одақ бойынша өндірілген барлық 
қорғасынның 85%, полиметалдың - 70 %, висмуттің - 50%, вольфрамның 20% 
өндірді. 
Тоталитарлық  тәртіптің  қылмыстарының  бірі  -  халықты  депортациялау, 
яғни оның этноәлеуметтік және аумақтық бірлігін күштеп бұзу болды. 1930- 
жылдары  жүзеге  асырыла  бастаған  депортациялау  науқаны  екінші 
дүниежүзілік  соғыс  жылдары  күшейе  түсті.  Негізсіз  айыппен  1941  жылы 
поляктар  мен  361  мың  Волга  бойының  немістері  шұғыл  түрде  көшіріліп, 
Қазақстанның  12  облысына  жер  аударылды.  Қазақстанға  жер  аударылар 
алдында  олардың  мал-мүлкі  толығымен  тәркіленіп,  өкімет  тарапынан 
ешқандай  көмек  көрсетілмеді.  Олар  тек  жергілікті  халық  тарапынан  қолдау 
тапты.  Кеңестік  немістерге  әкімшіл-әміршіл  жүйе  Отанын  қорғауға  рұқсат 
етпеді.  Сондықтан  қолына  қару  алып,  фашистермен  соғысу  үшін  көптеген 
немістер  фамилияларын  өзгерткен.  Мысалы,  Вольдемар  Венцель  Венцов 
деген  фамилиямен  Соғысып,  көптеген  медальдар  мен  Қызыл  Ту  орденімен 
марапатталған.  Павлодарлық  П.Шмидт  азербайжан  тілін  білгендіктен  Али 
Ахметов  деген  атпен,  Иван  Гарвард  Громов  деген  фамилиямен  соғысқа 
қатысады.  Соңғысы  Кеңес  Одағының  Батыры  атағын  иеленді.  Оның  есесіне 
1942  жылдан  бастап  15-60  жас  аралығындағы  немістер  еңбек  армиясына 
мобилизацияланады.  Еңбек  армиясы  күшпен  еңбек  ету  лагерьлерінде  тұрды 
және оларды ІІХК-ның қарулы әскер бөлімшелері күзетті. 


1943-1945  жылдар  аралығында  республиканың  4  облысы  мен  145 
ауданына  507  мың  карашайлықтар,  балкарлар,  шешендер,  ингуштар, 
қалмақтар,  110  мың  месхеттік  түріктер  мен  күрдтер,  180  мың  Қырым 
татарлары  жер  аударылады.  Әкімшіл-әміршіл  жүйе  бұл  халықтарды 
азаматтық  құқықтарынан  айырып,  жойып  жібере  жаздады.  Бұл  фактілер 
Кеңестер  мемлекетінде  сөз  жүзінде  халықтар  достығы,  теңдігі  туралы  көп 
айтылғанымен, іс жүзінде ұлттық саясаттың бұрмалағандығын көрсетеді. 
Осындай  халықтың  жанқиярлық  ерлігінің  нәтижесінде  кеңестік 
экономиканың 
өсу 
қарқыны 
соғыс 
алдындағы 
бес 
жылдықтар 
көрсеткіштерінен жоғары болды. Нәтижесінде тек 1942 жылдың өзінде КСРО 
Германиямен  салыстырғанда  танкті  3,9  есе,  ұшақты  2  есе,  артиллериялық 
қару-жарақты  3  есе  артық  өндірді.  Ал,  1944  жылы  кеңестік  индустрия 
сөткесіне  бір  танк  бригадасы  мен  полкін,  3  авиация  полкін  жабдықтауға 
жарайтын  әскери  техника  шығарды.  Оған  Қазақстан  экономикасы  да  өз 
үлесін қосып, соғыс өнімдерінің басым бөлігін өндіріп, уақытымен майданға 
жеткізіп тұрды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет