1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе


«Интеллектуалды  ұлт-2020»  бағдарламасы  және  оның  мазмұны.  Қазіргі  білім



Pdf көрінісі
бет41/68
Дата18.01.2022
өлшемі4,71 Mb.
#24093
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68
3.«Интеллектуалды  ұлт-2020»  бағдарламасы  және  оның  мазмұны.  Қазіргі  білім 
беру үлгісі. 


 

2010  жылы  1  ақпанда  Қазақстанда  «Интеллектуалды  ұлт  –  2020»  мемлекеттік 
бағдарламасы  қабылданды.  Бұл  бағдарламаның  негізгі  мақсаты  туралы  мемлекет 
басшысы  2008  жылы  30-қаңтарда  «Болашақ»  бағдарламасының  стипендиаттарына 
арналған  форумда  мәлім  еткен  еді.  Оның  негізгі  мақсаты  -  қазақстандықтарды  жаңа 
формацияға  тәрбиелеу,  Қазақстанды  бәсекелестікке  қабілетті  адам  капиталына  бай  елге 
айналдыру.  Бұл  мемлекеттік  бағдарлама  үш  басым  бағыт  негізінде  жүзеге  асырылуы 
тиіс.  
Бірінші  басым  бағыты  –  білім  беру  жүйесінің  инновациялық  дамуы.
 
1) 
интеллектуалдық білім беру; 
Қазіргі  таңда  жастар  тек  білім  алып  қана  қоймай,  олардың  өздігімен  ізденуіне 
бағыттау  қажет.  Бүгінгі  білім  алудағы  басты  құндылықтар  шығармашылық  ой,  алған 
білімді  қорыта  білу,  тыңнан  шешім  қабылдау,  технологиялар  мен  инновациялар  болып 
табылады. Ол үшін жаңа әдістер, оқытудың ұтымды түрлері, ізденімпаз мамандар керек. 
«Интеллектуалды ұлт – 2020» мемлекеттік бағдарламасының  екінші басым бағыты ; 
2)  инновациялық  төңкеріс  жасау  –  яғни,  ақпараттық  революция  болуы  тиіс.  Атап 
айтқанда, ақпараттық технологиялар паркі базасында жетекші жоғары оқу орындары мен 
шет елдік беделді мамандарды қатыстыра отырып аймақтық университет ашу. 
Жобаның үшінші басым бағыты  жастарды рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу 
ісіне  ерекше  мән  беру.  ұлттық  болмысымызды  сақтай  отырып  жаңғыру.  Бұл  жерде 
жаһандану үдерістерін назарға ала отырып, оған қарсы тұрудың бірден бір жолы ретінде 
жас  буынның  рухани  тәрбиесіне,  ұлттық-мәдени  құндылықтарымызды  нығайтуға  көңіл 
бөлу керек.  
«Интеллектуалды  ұлт»  және  «бәсекеге  қабілетті  ұлт»  ұғымдары  Қазақстандағы 
ұлттық  модернизацияның  басты  категорияларына  жатады.  Ұлттық  модернизация  – 
өркениетті әлемдік қауымдастықтың озық талаптарына жауап беретін дамудың сапалық 
тұрғыдағы  жаңа  деңгейі.  Ұлттық  модернизацияны  уақыт  талабына  сай  дамудың  үлгісі 
ретінде  қарастыруға  болады.  Бұл  өте  нәзік  процесс.  Өйткені,  ол  кез  келген  ұлттың 
алдына  мынандай  таңдау  қояды  -  өзіндік  ұлттық  реңкті  жоғалту  арқылы  немесе  өзіндік 
ұлттық ерекшелігін сақтай отырып, заман талабына сай даму жолына түсу.  
Ұлттық  модернизация,  яғни  бәсекеге  қабілетті  ұлт  пен  интеллектуалды  ұлтты 
қалыптастырудың  негіздері  Қазақстан  егемендігін  жариялаған  кезеңнен  бастау  алады. 
Мысалы,  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  1993  жылғы  5 
қарашадағы  №  1394  Жарлығымен  қазақстандық  жастардың  шет  елдердің  жетекші 
жоғары  оқу  орындарында  жоғары  білім  алып,  алған  білімі  мен  тәжірибесін  еліміздің 
игілігіне пайдалану үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындағаны белгілі. 
Бұл  стипендия  бойынша  студенттер  әлемнің  32  еліндегі  630  жетекші  жоғары  оқу 
орындарында  білім  алуға  мүмкіндік  алды.  Осы  кезеңге  дейін  “Болашақ”  стипендиясы 
арқылы 20 мыңнан астам жас мамандар даярланды. Бүгінгі күні “Болашақ” стипендиясы 
арқылы  білім  алған  жастар  экономиканың,  мемлекеттік  басқарудың  және  басқа  да 
салалардың жауапты бөліктерінде еңбек етіп жүр.  
Ұлттық  модернизацияның  нақты  жүзеге  асырылуы  мен  ұлттың  бәсекеге 
қабілеттілігін  арттыру  міндеттері  Президенттің  2004  жылғы  «Бәсекеге  қабiлеттi 
Қазақстан үшiн, Бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, Бәсекеге қабiлеттi халық үшiн» атты 
Қазақстан халқына жолдауында, 2005 жылғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және 
саяси  жедел  жаңару  жолында»  атты  Қазақстан  халқына  жолдауында  және  2006  жылғы 
«Қазақстан  өз  дамуындағы  жаңа  серпіліс  жасау  қарсаңында.  Қазақстанның  әлемдегі 


 

бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына 
жолдауында қойылды. 
Сонымен,  бәсекеге  қабілетті  ұлтты  қалыптастырудың  нақты  міндеттері  Қазақстан 
Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы халыққа жолдауында айқындалды. Жолдауда 
2003  жыл  индустриалды-инновациялық  стратегияны  жүзеге  асырудың  алғашқы  жылы 
болғандығы  және  2003  жылы  тәуелсіз  ел  ретіндегі  даму  кезеңінде  алғаш  рет  өңдеуші, 
яғни дайын өнім шығаратын өндірістің даму қарқыны өндіруші кәсіпорындарының даму 
қарқынынан асып түскендігі атап көрсетілді. 
Соңғы  жылдары  Қазақстан  халқының  өмір  сүру  деңгейінің  тұрақты  өсуі  мен 
әлеуметтік-экономикалық  дамудағы  жетістіктер  Орталық  Еуропаның бірқатар  елдерінің 
даму  параметерлеріне  мейлінше  жақындай  түсуге  мүмкіндік  жасады.  Дүниежүзілік 
банктің  жіктемесіне  сәйкес,  біздің  еліміз  кірісі  орта  деңгейден  жоғары  мемлекеттердің 
тобына енгізілді.  
БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰ ДБ) адам дамуы жөніндегі деректеріне қарағанда, 
2006  жылы  Қазақстандағы  адам  дамуының  индексі  (АДИ)  0,774  құраған.  2007  жылы 
Қазақстан  адам  дамуы  деңгейі  бойынша  әлемдік  рейтингте  117  мемлекеттің  ішінде  73 
орынды иеленген. Даму деңгейі бойынша әлемдік көшбасшы елдер қатарында Исландия, 
Норвегия,  Австралия,  Канада  және  Ирландия  болды.  Бірқатар  жылдар  бойы  даму 
көрсеткіштері бойынша Норвегия көш басында келген болса, 2007 жылы Исландия алға 
шықты.  Адам  дамуының  жоғары  көрсеткіші  бойынша  Швеция  алтыншы,  Швейцария 
жетінші,  Жапония  сегізінші,  АҚШ  12  орында,  Ұлыбритания  16  орында  орналасқан.  Ал 
посткеңестік  республикалар  арасында  Украина  76  орында,  Армения  –  83,  Грузия  –  96, 
Әзербайжан – 98, Түркменстан – 109, Молдова – 111, Өзбекстан – 113, Қырғызстан – 116 
және Тәжікстан – 122 орында болған. БҰҰ ДБ болжамдарына қарағанда, Қазақстан адам 
дамуының  жоғары  деңгейі  тән  елдердің  қатарына  жуық  арада  енуіне  толық  мүмкіндігі 
бар.  Бұл  егер  адам  басына  шаққандағы  ішкі  жалпы  өнім  өсімінің  жоғары  деңгейі  (9% 
жоғары)  сақталған  жағдайда  мүмкін  болады.  АДИ  көрсеткіші  0,8  болған  жағдайда,  бұл 
елдер  адам  дамуының  жоғары  деңгейіне  ие  елдердің  тобына  жатқызылады.  Ішкі  жалпы 
өнімнің жоғары деңгейі бұл көрсеткішті бағындыруға мүмкіндік береді. 2009 жылы АДИ 
бойынша  Қазақстанның көрсеткіші  0,794  құраған.  БҰҰ  ДБ  адам  дамуы  жөніндегі  2007-
2008 жылдарға арналған баяндамасындағы мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан жан басына 
шаққандағы  жалпы  ішкі  өнім  көрсеткіші  бойынша  ТМД  елдері  ішінде  үшінші  орында 
болды және ол 7857  АҚШ долл. құраған. 5 жастан 24 жас аралығындағы  халыққа білім 
беру көрсеткіші бойынша Қазақстан ТМД елдері ішінде І орынды иеленді. Бұл көрсеткіш 
бойынша  халықтың  93,8  %  қамтылған.  Елбасы  2011  жылғы  Қазақстан  халқына 
жолдауында: «1991 жылдың желтоқсанында, өзіміздің стратегиялық мақсатымыз ретінде 
орнықтылық пен табысқа жетуді таңдап ала отырып, біз әр жаңа кезеңнің дамуына жаңа 
бағдарламалар  жасап,  алға  жылжыдық.  Біз  кеуделі  міндеттерге  ұмтылып,  оларға  қол 
жеткіздік. 1994 жылы жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім жеті жүз доллардан сәл 
ғана  асатын.  2011  жылдың  1  қарашасына  қарай  бұл  көрсеткіш  12  еседен  артық  өсіп,  9 
мың  АҚШ  долларынан  асып  түсті.  Біз  бұл  деңгейге  тек  2015  жылы  ғана  жетеміз  деп 
есептеп едік. 
Ұлттың  бәсекеге  қабілеттілігі  ең  алдымен,  білім  деңгейімен,  интеллектуалдық 
мүмкіндіктерімен айқындалады.  Әлемдік білім кеңістігімен  терең интеграциялық үдеріс 
еліміздің білім беру жүйесін халықаралық стандарттар деңгейіне сәйкестендіру міндетін 
талап етеді. Сол себепті еліміздің білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын 
одан әрі нығайта беру міндеті бірінші кезекке қойылып келеді. 


 

2010  жылы  7  желтоқсанда  Елбасы  «Назарбаев  университетінде»  оқыған  дәрісінде 
бүгінгі күні біздің еліміз үшін халықаралық деңгейдегі мамандар даярлайтын ғылым мен 
білім  индустриясы  қажет  екенін  мәлімдеді.  Сонымен  бірге,  Елбасы:  «Бүкіл  еліміз 
бойынша  жаратылыстану-математика  циклі  пәндерін  тереңдетіп  оқытатын  дарынды 
балаларға  арналған  болашақтың  20  Интеллектуалды  мектептерін  ашу  бағдарламасы 
жүзеге асырылуда» деп, атап көрсетті. 
Интеллектуалды  ұлт  пен  бәсекеге  қабілетті  ұлтты  қалыптастырудың  маңызды 
міндеттерін  жүзеге асыруда мемлекеттік бағдарламалар мен ел дамуының стратегиялық 
жоспары  шешуші  рөл  атқаруы  тиіс.  Мұндай  негізгі  бағдарламалық  құжаттарға: 
«Қазақстан  Республикасының  2020  жылға  дейінгі  Стратегиялық  даму  жоспары» 
(Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2010  жылғы  1  ақпандағы  №922  Жарлығымен 
бекітілген),  «Қазақстан  Республикасының  үдемелі  индустриялық-инновациялық 
дамуының  2010-2014  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы»  (Қазақстан 
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген) 
жатады. 
«Қазақстан  –  2030»  Стратегииялық  бағдарламасын  жүзеге  асыру  шеңберінде 
Қазақстан  Республикасының  2020  жылға  дейінгі  стратегиялық  даму  жоспары  жасалды. 
Бұл  жоспар  бойынша  келесі  онжылдықтағы  еліміздің  дамуының  басым  бағыттары  мен 
стратегиялық мақсаттары айқындалды: 
1) дағдарыстан кейінгі дамуға дайындық; 
2)  инфрақұрылымды  индустрияландыру  мен  дамыту  арқылы  әртараптандыруды 
жеделдету есебінен экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету; 
3)  болашаққа  салынған  инвестициялар  –  орнықты  экономикалық  өсуге, 
қазақстандықтардың өркендеуі мен әлеуметтік әл-ауқатына қол жеткізу үшін адами капи-
талдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру; 
4)  халықты  сапалы  әлеуметтік  және  тұрғын  үй-коммуналдық  қызметтермен 
қамтамасыз ету; 
5)  ұлтаралық  келісімді,  қауіпсіздікті,  халықаралық  қатынастардың  тұрақтылығын 
қамтамасыз ету /7/. 
Ал  еліміздің  индустриалды-инновациялық  дамуына  арналған  мемлекеттік 
бағдарламалар  ұлттық  модернизацияны,  яғни  ұлттың  бәсекеге  қабілеттілігі  мен 
интеллектуалдық мүмкіндіктерін жаңа сапалық деңгейге көтеруді қамтамасыз етеді. 
«Ұлттық  модернизацияны  уақыт  талабына  сай  дамудың  үлгісі  ретінде  қарастыруға 
болады.  Бұл  өте  нәзік  процесс.  Өйткені,  ол  кез  келген  ұлттың  алдына  мынандай  таңдау 
қояды - өзіндік ұлттық реңкті жоғалту арқылы немесе өзіндік ұлттық ерекшелігін сақтай 
отырып, заман талабына сай даму жолына түсу.  
Интеллект  дегеніміз  латынша  intellectus  –  түсіну  деген  мағына  беретін,  жаңа 
жағдайға бейімделуді, оқып-үйрену мен алған білімді тәжірибеде қолдана білу қабілетін 
қамтитын  психиканың  сапасы  болып  табылады,  ақыл-ес,  сезім-парасат,  білу-түсіну 
сияқты  кешенді  таным  процесінің  нәтижесін  білдіреді.  Интеллектуалды  адам  өзінің 
интеллектісін  оқу,  білім  алу,  тәжірибе  жинақтау  арқылы  жетілдіріп,  өзін  және  қоғамды 
дамыту үшін, жаңа жағдайларға сай бейімдеп қолдануға қабілетті. Интеллектуалды тұлға 
болса,  түрлі  тақырыптарда  еркін  пікірлесе  алатын,  жаңашыл-шығармашылық  тұрғыда 
өзіндік білім алуға дайын, интеллектуалды қабілеті дамыған тұлға. Интеллектуал болса, 
интеллектісі  жоғары  дамыған,  талдамалық  қабілетке  ие,  интеллектуалдық  еңбекпен 
айналысатын  адам.  Интеллектуалдар  ғылыми  жаңалықтарды  ашуға,  өнертапқыштық 
жобалар  жасауға  икемді  келеді.  Интеллектуалдардың  еңбегі  арқылы  туындаған 


 

жаңалықтарды  бүкіл  қоғам,  тіптен,  барша  адамзат  пайдаланады.  Кез  келген  ғылыми 
жаңалықтың қайнар бастауында қандай да бір интеллектуал  тұр. Батыстық қоғамтануда 
«интеллектуал»  ұғымын  қолдану  «интеллигенция»  ұғымына  қарағанда  кең  таралған. 
Негізі,  ХVIII  ғасырға  дейін  еуропалықтар  көзі  ашық,  сауатты  адамды  интеллектуал  деп 
атағанын айта кеткен жөн, өйткені, ол заманда халықтың басым бөлігі қараңғы болатын. 
Ағартушылық  жұмыстың  жандануынан  Еуропада  сауаттылық  деңгейі  артып,  бұл  өз 
кезегінде  халықтың  интеллект  деңгейінің  артуына  игі  ықпал  етті.  Содан  бастап, 
интеллектуал  деген  атқа  асқан  оқымыстылар,  дарынды  ойшылдар  мен  ғалымдар  ғана 
лайық болды. Қазір де интеллектуал ретінде теориялық ілімді, идеяны және символдарды 
кәсіби  түрде  жасаумен,  дамытумен,  таратумен  айналысатын  адамдар  танылады. 
«Интеллектуал»  ұғымы  С.И.  Ожеговтің  орыс  тілінің  түсіндірме  сөздігіндегі 
«интеллектісі жоғары дамыған ақылды, рухани адам» делінген тар мағыналық сипаттағы 
кең  ұғым.  Бұл  –  тек  адамдардың,  топтың  ақылдық  жағының  өлшемі  ғана  емес, 
біліктіліктің,  жоғары  білімділіктің,  өз  ісінің  маманы  сияқты  сипаттардың  көрсеткіші. 
Сондықтан «интеллигенция» және «интеллектуалдар» ұғымы бір мағынада қолданылып, 
тек 
Еуропа 
қоғамындағы 
мәдени, 
әлеуметтік 
ерекшеліктерді 
белгілеуде 
айырмашылықтары  болған  деуге  негіз  бар.  Сондай-ақ,  «интеллигенция»  деп  белгілі  бір 
әлеуметтік  топты  айтса,  «интеллектуал»  деп  нақтылы  бір  интеллектуалды  жұмыс 
саласында айтарлықтай жетістікке жеткендерді атаған.  
Интеллектуалды  әлеуетті  тұлға  –  адамгершілік  және  ұлттық  құндылықтарға 
негізделген жаңа және арнайы мамандандырылған білім көздерін жоғары дәрежеде игеру 
арқылы  пайда  болған  білім,  білік,  құзыреттерді  өзінің,  ұлты  мен  Отанының  мүддесіне 
жарата алатын азамат. Ал интеллектуалды ұлт – интеллектуалды тұрғыдан адамгершілік, 
мәдени  қасиеттерді  меңгерген,  өзінің  ғылыми,  мәдени,  білімі  мен  білігін  еркін  тарату 
әлеуетіне  ие  бәсекеге  қабілетті  ұлт.  Интеллектуалды  ұлтты  қалыптастыруда  біздің 
міндетіміз  интеллектуалды  тұлғаны  қалыптастыру  екенін  есте  ұстауымыз  керек.  Біз 
тарихтан  сабақ  ала  білуіміз  қажет,  тарихты  тұлғалар  жасайтыны,  бір  ғалымның  ашқан 
жаңалығы  барша  адамзаттың  тағдырын  өзгертетінін  ұмытпайық.  Жеке  адамды,  оның 
ішінде,  талантты,  нағыз  интеллектуалдарды  дамытуға  жағдай  жасауымыз  қажет. 
Интеллектуалды ұлт болуымыз үшін интеллектуал жеке адамдарымыз көп болуы шарт. 
Біздің  инновация  деп  жүргеніміз  батыста  әлдеқашан  пайда  болған  дүниелер. 
Елбасымыз  инновация  дегенде,  шетелден  көшіріп  алуды  айтқан  жоқ.  Елбасымыз 
отандық  зиялы  қауым  өкілдеріне  батыстық  білімді  пайдалана  отырып,  әлемде  теңдесі 
жоқ  жаңа  ғылыми  жаңалықтарды  ашыңдар  деп  отыр.  Инновация  дегеннің  өзі 
ағылшынша  –  innovation,  қазақша  жаңашылдық  деген  мағына  береді.  Тиімділікті 
арттыру,  сапаны  жақсарту,  немесе  заман  талабына  сай  келетін  жаңа  ілім,  технология, 
техника жасау.  Инновация да адамның интеллектуалды еңбегінің, қиял-фантазиясының, 
шығармашылығының,  өнертапқыштығының,  рационализаторлық  ізденісінің  нәтижесі 
болып  табылады.  Инновация  ретінде  өз  заманындағы  бу  машинасының,  іштен  жану 
қозғалтқышының,  радио,  телеграф,  теледидар,  факс,  интернет  сияқты  техника  мен 
технологиялардың  туындауын  мысалға  келтірсек  болады.  Қазіргі  кезде  Майкрасофт 
бағдарламасын  жасаушы  Бил  Гейтс,  Apple  компаниясын  жаңа  белеске  көтерген  Стив 
Жобс,  Фейсбукті  жасаушы  марк  Цукерберг,  Гугл  компаниясын  жасаушы  Стэнфорд 
университетінің  студенттері  болған  Ларри  Пейдж  мен  Сергей  Брин  сияқты 
интеллектуалдар көптеп кездеседі. Қазіргі заман – ақпарат ғасыры, қоғам да ақпараттық.  
Енді шығыс елдері интеллектуалдық дамуда қалай жол тапты деген мәселеге тоқтала 
кетсек.  Батыс,  батыс деп  тамсанамыз.  Сонда  Шығыс  Азия  елдері  артта  қалып  отыр  ма? 


 
10 
Жапон,  Қытай,  Сингапур,  Малайзия,  Индонезия,  Оңтүстік  Корея  сияқты  шығыс  елдері 
қазір  Батыстан  озып  кетті.  Батыстық  ілім  мен  жапондық  рухты  ұстанған  Жапония, 
ұлттық-коммунистік-капиталистік-батыстық  синтезді  ұтымды  дамытқан  Қытай, 
географиялық  факторын  пайдалана  біліп,  медицина  мен  фармацевтикадан  әлемге 
танылған  Индия,  бірде-бір  табиғи  байлығы  жоқ  болса  да  өзіндік  даму  жолын  тапқан 
Сингапур үлгілері кімді болса да таңқалдырады. 
Жапондардың  басты  ұлттық  ерекшеліктерінің бірі  –  дәстүршілдік  пен  еңбекқорлық. 
Олар  жан-жақты  жаңаруға  қандай  құштар  болса,  дәстүрді  сақтауға  да  сондай  адал, 
қоршаған  дүниені  қандай  әсемдікпен  сезінсе,  еңбекке  де  сондай  сүйіспеншілікпен 
берілген. 
Қазіргі  кезде  қазақстандық  жоғары  оқу  орындарының,  ғылыми  орталықтардың 
материалдық-техникалық  базалары,  ғылыми  әлеуеті  күннен-күнге  дамып  келеді.  Қазақ 
жастарының білімге ұмтылу талабы да  таудай, тек ғылыми-техникалық үдерістегі артта 
қалушылық  интеллектуалдық  өреден  емес,  көбіне  технологиялық  кенже  қалушылықтан 
екені  де  рас.  Еліміз  индустриялық-инновациялық  дамумен  қатар,  жасыл  экономика 
құруға  барынша  талпынуда.  Астанада  2017  жылы  ЕХРО-2017  халықаралық  көрмесі 
«Болашақтың  энергиясы»  деген  ұранмен  өтті.  Мұның  барлығы  «Интеллектуалды  ұлт-
2020» бағдарламасының іске асуымен тығыз байланысты. 
Дегенмен,  бізде  интеллектуалдық  дамуда  айтарлықтай  кемшіліктер  де  баршылық. 
«Қазақстан  жолы  –  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты  Елбасының 
Жолдауында алдағы 10-15 жылда ғылыми негізде экономикалық базис жасауымыз керек, 
онсыз  біз  әлемнің  дамыған  елдері  қатарына  қосыла  алмаймыз,  мұны  дамыған  ғылым 
арқылы  шешуге  болады  деп  көрсетілген.  Ғылыми  қамтымды  экономика  құру  –  ең 
алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Жолдауда ғылыми қамтымды салалар 
–  электроника,  лазерлік  техника,  коммуникациялық  және  медициналық  жабдықтар 
жасау,  геологиялық  барлау  саласы  бойынша  әлемдік  нарыққа  шығу,  автомобиль  және 
авиақұрастыру,  тепловоз,  жолаушылар  және  жүк  вагондары  өндірісі,  мобильді, 
мультимедиялық,  нано  және  ғарыштық  технологиялар,  робот  техникасы,  гендік 
инженерия  салаларын,  болашақтың  энергиясын  іздеу  мен  ашу,  агроөнеркәсіп  кешенін 
инновациялық  бағытқа  түсіру,  «Жасыл»  экономикаға  көшу,  аграрлық-инновациялық 
кластерлер  құру  т.б.  деп  нақты  анықталған.  Енді  осы  міндеттерді  қалай  жүзеге 
асырамыз? Отандық ғылым мұндай міндеттерді шешуге даяр ма? 
Қазақстандық ғылым да өздігінен дамымайды, оны дамытатын ғылыми қызметкерлер 
мен  жоғары  оқу  орындарының  (ЖОО)  профессорлық-оқытушылық  құрамы.  Өйткені, 
бүгінгі  білімді  студент  –  ертеңгі  ғалым.  Ал  енді  осы  қазақстандық  ғылымды  дамытады 
дейтін  ғалымдарымыздың  хал-ахуалы  қандай,  оларға  ғылыми-зерттеу  жұмыстармен 
айналысуға  қажетті  жағдайлар  жасалған  ба?  Бұл  сұрақтарға  жауап  іздеу  үшін  жүйелі 
талдау  жасау  қажеттігі  туындайды,  себебі  отандық  ғылымның  дамуына  тұсау  болып 
отырған  проблемалар  өте  көп,  тіптен,  кейбір  мәселелердің  шешімі  тәуелсіздік  алғалы 
бері табылмай, әбден қордаланған.  
Дамып  бара  жатқан  батыс  пен  шығыстың  алып  мемлекеттерінің  тәжірибесіне 
қарасақ,  олар  ғылымға  көңіл  бөлу  арқылы  жан-жақты  дамуға  қол  жеткізіп  отырғанын 
байқаймыз.  Мысалы,  АҚШ  ғылымды  дамытуға  жыл  сайын  400  млрд  доллардан  астам 
қаржы  жұмсайды,  бұл  АҚШ  ішкі  жалпы  өнімінің  (ІЖӨ)  2,7  %  құрайды.  Бүкіл  әлем 
бойынша ғылымды дамытуға жұмсалатын қаржының 34 %  АҚШ үлесінде болса, 26 % - 
Еуроодаққа,  14  %  -  Жапонияға  тиесілі  екен.  Соңғы  жылдары  Қытай  мен  Үндістан  да 
ғылымға ІЖӨ 2 % бөлігінен астам қаржы бөліп, инновацияға баса назар аудару арқылы 


 
11 
дамудың жаңа сатысына көтеріліп отыр. Дамыған елдердің қатарына ену үшін Қазақстан 
әлемдік  үрдістен  қалмауы  тиіс.  Сондықтан,  Елбасымыз  жаңа  жолдауында  қазақстандық 
экономиканың  жоғары  технологиялық  жаңа  салаларын  құру  мен  ғылымды 
қаржыландыруды  ІЖӨ  3  %  кем  емес  деңгейге  дейін  арттыру  талабын  қойып  отыр. 
Әрине,  қаржылық  қолдау  қазақстандық  ғалымдардың  мүмкіндігін кеңейтіп,  жаңа 
ізденістер  жасауына,  белсенді  шығармашылықпен  айналысуына  игі  ықпал  етері  сөзсіз. 
Әзірге  бұл  көрсеткіш  соңғы  бес  жылда  0,15-0,17  %  аралығында  тұр,  яғни,  Қазақстан 
ғылымды  дамытуға  ІЖӨ  көлемінен  көзге  көрінер-көрінбес  -  0,2  %  жетпейтін  қаржы 
бөледі. Бұл өте аз көрсеткіш. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет