1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе



Pdf көрінісі
бет65/68
Дата18.01.2022
өлшемі4,71 Mb.
#24093
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
асырудың маңыздылығы. 
5. 
Елбасының  «Ұлы  даланың  жеті  қыры»  мақаласындағы 
тарихи сананы жаңғыртудың жолдары.   
 
«Мәңгілік  Ел»  идеясы  қазақ  халқының  ата-бабаларынан,  яғни  көне 
түркілік  заманан  тарихи  сабақтастық  арқылы  жалғасып,  бүгінгі  Тәуелсіз 
Қазақстан  Республикасына  дейін  жеткен  ұлы  мұратымыз  және  Ұлттық 
идеямыз. Мемлекет пен қоғам көшбасшылары елдің ішкі және саяси жағдайы 
тұрақты  болып,  рухани  және  материалдық  жетістіктерге  жеткен  халықты 
ортақ  мақсатқа  бастайтын  жалпыұлттық  идеялар  тауып  отырған.  Қазақстан 
халқы  үшін  осындай  ұлттық  идеяны  2014  жылы  17  қаңтарда  Қазақстан 
Республикасының  Тұңғыш  Президенті  -  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  «Қазақстан 
жолы  -  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты  Қазақстан  халқына 
Жолдауының»  жариялады.  Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  бұл  Жолдауда  қазақ 
ұлтын  биік  мақсаттар  мен  армандарға  жетелейтін  күш  -  «Мәңгілік  Ел» 
ұлттық  идеясы  болатынын  былай  деп  жеткізді:  «Мәңгілік  Ел  -  ата-
бабаларымыздың  сан  мың  жылдан  бергі  асыл  арманы.  Ол  арман  -  әлем 
елдерімен  терезесі  тең  қатынас  құрып,  әлем  картасынан  ойып  тұрып  орын 
алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. 
Мәңгілік  Елдің  іргетасын  қаладық.  Біз  үшін  болашағымызға  бағдар  ететін, 
ұлтты  ұйыстырып,  ұлы  мақсаттарға  жетелейтін  идея  бар.  Ол  -  Мәңгілік  Ел 
идеясы.  Тәуелсіздікпен  бірге  халқымыз  Мәңгілік  мұраттарына  қол  жеткізді. 
Біз  еліміздің  жүрегі,  тәуелсіздігіміздің  тірегі  -  Мәңгілік  Елордамызды 
тұрғыздық.  Қазақ  Елінің  Ұлттық  Идеясы  -  Мәңгілік  Ел.  Мен  Мәңгілік  Ел 
ұғымын ұлтымыздың  ұлы  бағдары  -  «Қазақстан-2050»  Стратегиясының  түп 
қазығы  етіп  алдым!»,  -  деп  еліміздің  тарихында  жаңа  рухани-мәдени  және 
қоғамдық-саяси  жаңғыру  кезеңінің  басталғанын  жариялады.  Жолдаудағы 
басты жаңалық  - тұңғыш мемлекеттік ресми жалпыұлттық идеясының, яғни 
«Мәңгілік  Ел»  идеясының  жариялануы  болды.  Жолдаудың  Қазақстан 
Республикасының қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірі үшін 


маңызы  өте  зор  болды.  Қоғамдық  сананың  жаңғыруына  қуатты  серпіліс 
әкеліп, дамудың жаңа сатысына шығуына себебін тигізді.  
«Мәңгілік  Ел»  идеяcының  мақсаты  -  халықтың  әл-ауқатын  жақсарта 
отырып,  ынтымағын  арттыратын,  елді  дамудың  жаңа  сатысына  жетелеп, 
халықаралық жағдайда Қазақ елінің абырой-беделін арттырып, бейбітшілікті 
жақтайтын  мемлекет  ретінде  таныту  болып  табылады.  «Мәңгілік  Ел» 
жалпыұлттық  идеясы  «Қазақстан  халқы  Ассамблеясы»  туралы  заңға 
енгізілді. 
Мәңгілік  Ел»  идеясы  -  қазақ  халқының  ғасырлар  бойы  армандаған 
ұлттық  тұжырымы,  түйіні,  ұраны.  Бұл  тұжырым  халқымыздың  Тәуелсіздік 
жолындағы  азаттық  күресі,  жан  қиярлық  тынымсыз,  шығармашылық  еңбегі 
арқылы  қол  жеткен  асу.  «Мәңгілік  Ел»  ұғымының  тарихи  негіздерін 
түсіндіруді көне түрік мұраларын оқып үйренуден бастаған дұрыс.  
Мәңгілік Ел идеясының қалыптасуы мен даму кезеңдерін көрсету арқылы 
оның  Елбасы  ұсынған  ұлттық  идеяның  тұғыры  екендігін  айқындау.  Бұл 
мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешу керек: 
-  Түрік  қағанаты  дәуірінен  бастап,  тарихи  жазбаларындағы  (Күлтегін, 
Тоныкөк, Білге қаған т.б) кездесетін Мәңгілік Ел идеясының мәнін ашу; 
-  Қазақ  хандығы  құрылуы  және  ортағасырлық  дәуірдегі  осы  идеяның 
жалғасқандағын дәлелдейдін шығармаларды сипаттау; 
-  Ресей  империясының  отаршыл  құрамында  болған  қазақ  халқының 
атақты  тарихи  тұлғаларының  еңбектеріндегі  азаттық,  еркіндік  идеяларының 
насихатталғаннын және сол болған ұлт-азаттық күрестердің мәнін көрсету; 
-  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысы  ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ 
демократиялық либералдық интеллигенцияның енбектеріндегі ұлттық мүдде 
тәуелсіздік идеясының жалғасқандығын  түсіндіру; 
-  Мәңгілік  Ел  ұлттық  идеясының  жас  ұрпақты    Отансүйгіштікке 
тәрбиелеудегі мәнін талдау; 
-  Мәңгілік  Ел  идеясы  туралы  жастардың  шығармашылық  ойлау 
қабілетін,  танымдылық  белсенділіктерін  дамыту,  және  осы  идеяға 
қызығушылығын арттыру; 
 «Мәңгілік ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуірдің сынынан 
сүріндірмей  жеткізген  тұғырлы  идея.  Тамырын  тереңге  жайған  Қазақ  елі 
үшін Мәңгілік Ел идеясы заңдылық, себебі, мұның аясында қазақ халқының 
мыңдаған  жылғы  дүбірлі  тарихынан,  Тәуелсіздік  жылдары  жүріп  өткен 
даңғыл  жолынан,  бүгінгі  нақты  атқарылған  істер  арқылы  қол  жеткізілген 
жетістіктерінен туындаған ұлттық идея жатыр. Әлемдік тәжірибеге жүгінсек, 
кез-келген  ел  өз  дамуының  белгілі  бір  жетістікті  кезеңіне  жеткен  кезде 
ұлттық  идеясын  қалыптастыруға  деген  қажеттілікті  сезінеді.  Бүгінгі  күні 
елімізде  болып  жатқан  түбегейлі  өзгерістер,  мемлекетті  дамытуға 
бағытталған тұжырымды қадамдар жасампаз әрекеттерге жетелеп отыр.  
Ұлттық 
идеяның 
негізгі 
бастау 
көзіне 
Орхон-Енисей 
ескерткіштеріндегі  Күлтегін,  Білге  қаған,  Тоныкөк  бітік  тастарында 
жарияланған – Түрік қағанатының мемлекеттік тәуелсіздік актісі – «Мәңгілік 
Ел» идеясының саяси манифесі жатады. 


Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк ескеркіштерінде - түрік елінің ең басты 
идеясы «Мәңгілік ел» идеологиясы саяси манифест түрінде салтанатты түрде 
халыққа  жария  етілді.  Бұл  жазба  ескерткіштерінде  «Мәңгілік  Ел»  орнату 
жолында күрес жүргізген түрік тарихының шежіресі баяндалады. 
Елді  басқарған  қағандар  үшін,  түрік  халқын  оятып,  біріктіріп,  түрік 
қағанатын  орнату  жолындағы  ұлы  жорықтар  жасап,  ортақ  мақсатқа  елді 
жұмылдыруға  осындай  Үндеу-манифест  аса  қажет  болды.  Манифесте 
түріктерді азат болу үшін күреске шақырып, өзге елге кіріптар, бағынышты 
болмауға,  көрші  қуатты  мемлекеттің  шығарған  тұрмыстық  заттарына 
қызығып, олардың арбауына түсіп қалмауға шақырады. «Алтын, күміс, тәтті 
тамақты, жібекті есепсіз сонша берген Табғаш халқының сөзі тәтті, қазынасы 
асыл  еді.  Тәтті  сөз,  асыл  қазынасымен  арбап,  жырақтағы  халықты  өзіне 
соншама  жақындатар  еді.  Жақын  қонғанымызды,  жығымсыз  қылыққа 
үйретер  еді»,  –  деп  Күлтегіннің  мәңгі  тасында  тайға  таңба  басқандай  анық 
жазып,  керісінше  түріктердің  еш  елден  кем  емес,  қайта  артық  екенін 
мәлімдеп,  оларға  өздерінің  құқықтарын  қорғауға  үндейді. Осы  мақсаттарды 
жүзеге  асыру  үшін  түрік  халқының  рухын  оятып,  ел  болып  бірігу  міндеті 
тұрды.  Күлтегін,  Білге  қаған,  Тоныкөк    ескерткіштеріндегі  жарияланған 
үндеуде  –  Түрік  халқының  алға  қойған  мақсатының  концепциясы  мен 
идеологиясы  айтылған.  Тасқа  түсірілген  ескерткіш  жазу  бүгінгі  және 
болашақ ұрпақтарға өсиет болатын мәңгілік жазба мұра болып саналады.  
«Мәңгілік  Ел»  дегеніміз  -  мемлекеттің  ғасырлар  тоғысында,  ірі 
державалар арасында бәсекеге төтеп беріп, өзіндік қорғаныс саясатын ұстану 
деп  түсінуге  болады.  Осындай  тарихи  тұжырымдаманы  айтқан  қазақ 
халқыныңы ата-бабалары - тарихи тұлғаларды білген жөн.  
2.  2016  жылдың  26  сәуірінде  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  ХХІV 
сессиясында қабылданған «Мәңгілік Ел патриоттық актісі» Қазақстан халқын 
«Мәңгілік  Ел»  құру  жолында  қуатты  серпіліс  жасауға,  қоғамдық  келісімді 
нығайтудың  өзегіне,  бүкіл  қоғамның  мүдделері  мен  ұмтылысын  біртұтас 
тұрғыда бекемдеу құралына айналды. Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Мәңгілік Ел» 
патриоттық  актісі  –  бұл  –  қазақстандықтардың  біртектілігі  мен  бірлігінің 
ауқымды 
да 
бірегей 
генетикалық 
бағдарламасы. 
Біздің 
рухани 
құндылықтарымыз  бен  ұмтылыстарымыздың  негізгі  форматын  ұрпақтан 
ұрпаққа  жеткізуі  тиіс.  Онда  экономика  мен  саясаттың,  мораль  мен  діннің 
мәселелері, 
Қазақстанның 
жаһандық 
әлемдегі 
орны 
жөніндегі 
көзқарастарымыз  бір  арнаға  тоғыстырылған.  Патриоттық  акті  біріншіден, 
халқымыз  қалыптастырған  және  өз  жан-жүйесінен  өткерген  басты 
жалпыұлттық  құндылықтар,  екіншіден,  мемлекеттің,  қоғамның  және 
азаматтардың Қазақстанның тағдыры мен оны дамыту, өркендету жолындағы 
өзара  жауапкершілігінің  өзегі.  Біз  жаңа  белестерге  қарай  ілгері  басқан 
қадамымыздың  дұрыстығын  компаспен  тексергендей,  Патриоттық  акт 
арқылы анықтайтын боламыз» - деді. 
«Мәңгілік 
Ел 
патриоттық 
актісінің» 
жеті 
құндылығы 
қазақстандықтардың  Тәуелсіздікті нығайтуға, еркін де өркендеген елде өмір 


сүруге ұмтылысын  - ортақ мақсатын, ортақ мүдделері мен ортақ болашағын 
біріктіреді.  Қазақстанның  еңбек  сіңірген  қайраткері,  профессор  Серік 
Негимов:  «Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Мәңгілік  Ел»  атты  жалпыұлттық 
бағдарламасының ішкі мазмұнын, сырын, рухын, басты шарттарын жіліктеп-
жіктеп, пайым-парасатпен толғап, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі 
–  Мәңгілік  Елдің  Ұлы  тарихы»,  Тәуелсіздіктің  өмірлік  философиясы  – 
Мәңгілік  Ел»  және  де  осыбір  алтын  идеяның  өзегінде  «тарихтың, 
мәдениеттің, тілдің бірлігі» де жарқын көрініс табары сөзсіз деп қадап айтты, 
қасиетті ұғымның түп-төркінін нақтылып берді».  
Мәңгілік Ел – патриоттық актісі  
Елбасы,  Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  Нұрсұлтан 
Назарбаевтың көшбасшылығымен жаңа Қазақстанның тарихын жазудың биік 
мәртебесі  мен  жауапкершілігі  біздің  ұрпақтың  үлесіне  тиді.  Елбасының 
маңына  топтасу  арқылы  біз  ұлы  жетістіктерге  толы  жолдан  өттік  және 
бүгінде  өзімізді  Тәуелсіз  Қазақстанның  –  қуатты  әрі  табысты  мемлекеттің 
азаматымыз деп мақтанышпен айтамыз. 
Біз,  Қазақстан  азаматтары,  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  тарихи 
«Тәуелсіздік толғауын» негізге ала отырып, Болашағы Біртұтас Ел – Мәңгілік 
Елді  құру  жолында  біргеміз.  Мәңгілік  Елдің  өзегінде  қарапайым,  түсінікті 
және  біздің  әрқайсымыз  үшін  ең  қымбат  ақиқаттар  –  отбасымыздың 
амандығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және 
бірлік, ертеңгі күнге деген сенім ұғымдары орныққан. 
Біз  Мәңгілік Елдің  мызғымас  Жеті  тұғырын  нығайтуға,  сақтауға  және 
ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге шақырамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет