1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе



Pdf көрінісі
бет39/68
Дата18.01.2022
өлшемі4,71 Mb.
#24093
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68
негізі. 
 
1. Әлеуметтік-экономикалық  жаңғыру  –  Қазақстан  дамуының  негізгі  векторы. 
Әлеуметтік реформалар және әлеуметтік жаңғыру 
Тәуелсіз  Қазақстанның  әлеуметтік  саясатының  басты  мақсаттарының  бірі  - 
адамдардың  жақсы  тұрмысын  іс  жүзінде  қамтамасыз  ететін  қоғам  орнату.  Осы  орайда 
әрбір  адамға  кәсіпкерлік  еркіндік  пен  мүмкіндік  туғызып,  жоғары  әлеуметтік  мәртебеге 
жетуін  қамтамасыз  ету,  зейнетақыны  және  жәрдемақыны  арттыру  бүгінгі  күннің 
қажеттілігінен  туындап  отыр.  Әлеуметтік  саладағы  басты  міндеттер:  ұлттық  байлықты 
көбейту,  халықтың  тұрмыс-тіршілігі  жөнінен  дүние  жүзіндегі  озық  дамыған  елдермен 
арамыздағы  артта  қалушылық  пен  алшақтықты  азайту,  яғни  технологиялық  дамудағы 
және тұрмыс жағдайы деңгейіндегі айырмашылықты қысқарту. 
Халықты  әлеуметтік  қорғау  мемлекеттің  экономикалық  саясатының  өзекті  мәселесі 
болып табылады. Оның үстіне, бұл өзін әлеуметтік мемлекет деп айқындаған Қазақстан 
үшін  маңызды.  Әлеуметтік  бағдарланған  нарықтық  экономика  мемлекеттің  әлеуметтік 
мәселелерді  шешу  ісінде  белсенді  қызмет  атқаруын  қажет  етеді.  Қазіргі  дүниежүзілік 
экономикалық дағдарыс жағдайында бұл - өмірлік маңызы бар мәселе.  
2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасы  Тұңғыш Президентінің Қазақстан 
халқына  Жолдауы:  «Қазақстан  халқының  әл-ауқатын  арттыру  –  мемлекеттік  саясаттың 
басты  мақсаты».  Адам  капиталын,  елдің  еңбек  қуатын  дамытудың  стратегиясы. 
Жұмыспен  қамтуды  қамтамасыз  етудің  жаңа  стратегиясы,  тұрғын-үй  коммуналдық 
шаруашылықты жаңарту. 
Соңғы  уақыттарда  3,5  миллионнан  астам  адам  бюджеттен  әлеуметтік  төлемдер 
алады. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар төлеуге арналған жалпы шығыстар 6,9 есе 
(1999  жылғы  25,8  млрд.  теңгеден  2015  жылы  177,5  млрд  теңгеге  дейін)  өсті.  Жалпы, 
тәуелсіздік  жылдары  ішінде  әлеуметтік-еңбек  саласында  елеулі  табыстарға  қол  жетіп, 
бұл халықтың өмір сүру деңгейін айтарлықтай көтеруге септігін тигізді. Кедейлік деңгейі 
1996 жылғы 34,6%-тен 2015 жылы 2,7%-ке дейін төмендеді. 
Зейнетақы жүйесінің реформасы. 
Зейнетақы қорлары және олардың қызметі 
Елде  табыстары  төмен  жұртшылықтың  үлкен  бөлігін  зейнеткерлер  мен  мүгедектер 
құрайтын.  
Қазіргі  уақытта  республика  бюджетінен  2  миллион  190  мың  зейнеткер  зейнетақы 
алады. Зейнеткерге төлеуге қажетті шығыстар 2015 жылы 918,4 млрд. теңге құрап, 1999 
жылмен салыстырғанда 9,3 есе өсті.  


 

Оның үстіне, зейнетақылардың орташа мөлшері 20 есе (4179 теңгеден 86 мың теңгеге 
дейін),  ең  төменгі  зейнетақы  7,8  есе  дерлік  (3000-нан  36108  теңгеге  дейін),  ең  жоғарғы 
зейнетақы мөлшері 16 есе (7256-дан 117 мың теңгеге дейін) көбейді.  
Ал  барлық  зейнеткерлерге  олардың  еңбек  өтілін  есепке  алмай  төленетін  базалық 
зейнетақы 2019 жылы 16037 теңгеге жетті. 2016 жылғы қаңтардың 1-іне жеке зейнетақы 
шоттарының  саны  9,5  миллион  немесе  1998  жылмен  салыстырғанда  (ол  кезде  -  үш 
миллион шот) 3,2 есе көп болды, зейнетақы жинақтарының сомасы 5,8 трлн. құрады. 
1997  жылы  маусымның  20-сында  Қазақстан  Республикасында  зейнетақымен 
қамсыздандыру  туралы»  Заң  қабылданды.  Зейнеткерлік  жасы  қайтадан  қаралып,  ер 
адамдар  үшін  -  63,  ал  әйелдер  үшін  58  деп  белгіленді.  Қазақстан  Республикасының 
зейнеткерлік  заңнамасына  2016  жылы  сәуірдің  6-сында  енгізілген  өзгертулер  мен 
толықтыруларға сәйкес, 2018 жылдан бастап зейнеткерлік жасы әйелдер үшін жыл сайын 
жарты жылдан қосыла отырып, 2027 жылға дейін 63 жас шегіне жеткенше ұзартылатын 
болады.  Мысалы,  1964  жылы  дүниеге  келген  әйелдер  зейнеткерлікке  63  жаста,  ер 
адамдармен қатар шығады. 
«Қазақстан  2030»  Стратегиясында  азаматтардың  денсаулығы  Қазақстан  дамуының 
басымдық берілегін негізгі ұзақ мерзімдік міндеттерінің бірі ретінде айқындалды. Халық 
денсаулығының  жай-күйі  қоғамның  әлеуметтік  бағдарлануының  және  мемлекеттің  өз 
азаматтары  алдындағы  жауапкершілігі  деңгейін  сипаттайтын  әлеуметтік  кепілдіктерінің 
негізгі көрсеткіші болып табылады. 
2009 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының «Ұлт денсаулығы және 
денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі қабылданды. 
Қазіргі  кезеңде  ұлттық  денсаулық  сақтау  саласы  азаматтардың  денсаулығын,  өмір 
сүру  ұзақтығы  мен  сапасын  жоғары  деңгейде  ұстауды  қамтамасыз  етуге  бағытталған. 
Осы мақсатта және ҚР Тұңғыш Президентінің 2010 жылғы ақпанның 1-індегі «Қазақстан 
Республикасы  дамуының  2020  жылға  дейінгі  стратегиялық  жоспары  туралы» 
Жарлығына;  ҚР    Тұңғыш  Президентінің  2012  жылғы  желтоқсанның  14-індегі 
«Қазақстан-2050  Стратегиясы:  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»;  2014 
жылғы қарашаның 11-індегі «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауларына; 
ҚР  Тұңғыш  Президентінің  бес  институционалдық  реформаны  жүзеге  асыру  бойынша 
«100  нақты  қадам»  ұлттық  жоспарына  сәйкес,  денсаулық  сақтауды  дамытудың  2016- 
2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет