1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе



Pdf көрінісі
бет55/68
Дата18.01.2022
өлшемі4,71 Mb.
#24093
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   68
Демаркация 
Қытаймен  мемлекеттік  шекараны  демаркациялау  процесін  Қазақстан 
Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Қазақстан-Қытай 
мемлекеттік  шекарасы  туралы  1994  жылғы  26  сәуірдегі  келісімнің 4-бабына 
сәйкес  екі  елдің  Үкіметтерімен  құрылған  Қазақстан-Қытай  бірлескен 
демаркациялық комиссиясы жүргізді. 
Демаркациялық  жұмыстары  алты  жұмыс  топтарымен  1996  жылғы 
шілдесінен  бастап  2001  жылғы  желтоқсанына  дейін  жүргізілді  және  2002 
жылғы 10 мамырда Бейжің қаласында Қазақстанның Сыртқы істер министрі 
Қасымжомарт  Тоқаев  пен  Қытайдың  Сыртқы  істер  министрі  Тан 
Цзясюаньнің  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  мен  Қытай  Халық 
Республикасының  Үкіметі  арасындағы  Қазақстан-Қытай  мемлекеттік 
шекарасының  сызығын  демаркациялау  туралы  Хаттамаға  қол  қоюымен 
аяқталды. 
Қазақстан-қытай  мемлекеттік  шекарасының  жалпы  шегенделген 
ұзақтығы  1783  км,  оның  ішінде  құрлық  шекарасы  1  215,86  км,  су  шекарасы 
566,89 км. 
Шекара сызығы 688 шекаралық белгілермен белгіленген. 
Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығы  елдермен  мемлекеттік  шекараны 
халықаралық-құқықтық ресімдеу сәтті жүргізілді 
Бұрынғы  КСРО-ның  әкімшілік-аумақтық  шекарасын  межелеуді  тану 
қағидаттарын бекітілетін келесі құқықтық құжаттар болып табылады: 
1991 жылғы 21 желтоқсандағы  Алматы  Декларациясы, 1992 жылғы 14 
ақпандағы  Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығы  шеңберіндегі  ынтымақтастық 
қағидаттарын  сақтау  туралы  Декларация,  1994  жылғы  15  сәуірдегі  Тәуелсіз 
Мемлекеттер  Достастығына  қатысушы  мемлекеттердің  егемендігін, 
аумақтық  тұтастығын  және  шекараларының  мызғымастығын  сақтау  туралы 
Декларация,  түрлі  екі  жақты  құжаттар,  Одақтық  және  республикалық 
деңгейдегі Жоғары Кеңестердің заң актілері. 
Осы  құжаттарға  сәйкес,  Тараптар  одақтас  республикалардың 
арасындағы әкімшілік-аумақтық межелеуді шекаралық келіссөздерде негізіне 
алды. 
Бұрынғы 
одақтас 
республикалардың 
арасындағы 
әкімшілік 
шекаралардың бәріне ортақ ерекшелік ретінде ондағы кейбір учаскелердегі іс 


жүзінде  орныққан  шекара  сызықтары  қолда  бар  құқықтық  актілердің 
ережелеріне  сәйкес  келмейтіндігін  айтуға  болады.  Мұндай  жағдайларда 
тараптар ұлттық және экономикалық мүдделерді ескере отырып, өзара тиімді 
шешімдер қабылдады, аумақтарды теңдей бөлісті және алмасты. 
Қазақстан тарапының мемлекеттік шекараны делимитациялау бойынша 
жұмыстары 
Қазақстан 
Республикасы 
Үкіметінің 
«Қазақстан 
Республикасының  Қырғыз  Республикасымен,  Ресей  Федерациясымен, 
Түрікменстанмен және Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттік шекарасын 
делимитациялау 
жөніндегі 
Қазақстан 
Республикасының 
Үкіметтік 
комиссиясы туралы (ҚР Үкіметінің 2000 ж.24.02. №289, 2000 ж. 06.06. №856, 
2002  ж.  17.07.  №791,  2003  ж.  02.06.  №509,  2004  ж.  01.07.  №726 
қаулыларымен енгізілген өзгертулері бар) 1999 жылғы 1 қыркүйектегі №1283 
қаулысына сәйкес жүргізілді. 
Қазақстан  Республикасы  Сыртқы  істер  министрлігі  Комиссияның 
құрамынан  мүдделі  министрліктер  мен  ведомстволардың,  облыстық, 
аудандық  және  ауылдық  әкімдіктердің  өкілдерін  кіргізе  отырып,  тиісті 
Үкіметтік  делегацияларды  жасақтап  отырды.  Сарапшы  ретінде  әртүрлі 
мекемелердің  мамандары  тартылды,  геодезистер,  картографтар,  жерге 
орналастырушалыр мен гидрологтардан жұмыс топтары құрылды. 
Орталық  Мемлекеттік  мұрағаттағы,  Қазақстан  Республикасының 
министрліктері мен ведомстволарындағы, арнайы мекемелеріндегі құқықтық 
база  мен  онда  бар  материалдар  түпкілікті  зерттеліп,  әрбір  мемлекетпен 
келіссөздер  жүргізудің  қағидаттары  мен  әдістемесі  жасалды.  Делегацияның 
мүшелері, сонымен қатар жұмыс топтарының өкілдері қажет кезде жергілікті 
тұрғындармен,  қоғам  өкілдерімен  және  басшылармен  кездесіп  отырды. 
Халыққа  ақпарат  беру  мақсатында  келіссөздер  процесі  барысында  пресс-
конференциялар өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбаттар беріліп 
отырды.  Қажет  болған  кездерде  жергілікті  жерлерге  далалық  сапарлар 
ұйымдастырылып, шекара белдеуін әуеден және космостан суретке түсірулер 
және басқа да іс-шаралар жасалып отырды. 
Қазақстан-Өзбек мемлекттік шекарасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет