Тест сұрақтары
1. Жиынтық ұсыныстың қисығы келесі көрсеткіштер арасындағы қатынасты көрсетеді:
A) Баға деңгейі және тауарлар мен қызметтерді сатып алуға кеткен жиынтық шығындар.
B) Баға деңгейі мен нақты өндірілген ЖҰӨ.
C) Сатып алушылар да сатушылар да танитын бағалар деңгейі.
D) Нақты өндірілген және тұтынылған ЖҰӨ көлемі.
E) Барлық жауаптары дұрыс.
2. Жиынтық ұсыныстың төмендеуіне төмендегілердің қайысысы әсер етуі мүмкін:
A) Тұтынушылық шығындардың.
B) Инвестициялық шығындардың.
C) Мемлекеттік шығындардың.
D) Ресурстарға бағалардың.
E) Экспорттық шығындардың.
3. Жиынтық сұраныс қисығы келесі көрсеткіштер арасындағы қатынасты көрсетеді:
A) Баға деңгейі және тауарлар мен қызметтерді сатып алуға кеткен жиынтық шығындар.
B) Баға деңгейі мен нақты өндірілген ЖҰӨ.
C) Сатып алушылар да сатушылар да танитын бағалар деңгейі.
D) Нақты өндірілген және тұтынылған ЖҰӨ көлемі.
E) Баға және жұмыссыздық деңгейлері.
4. Жиынтық ұсыныстың өсуі неге әкеледі:
A) Баға деңгейінің және ЖҰӨ нақты көлемінің төмендеуіне.
B) Баға деңгейінің төмендеуіне және ЖҰӨ нақты көлемінің жоғарылауына.
C) Баға өсуінің баяулауына және ЖҰӨ нақты көлемінің төмендеуіне.
D) Баға және ЖҰӨ көлемі өзгермейді.
E) Баға және нақты ЖҰӨ серпінін алдын ала анықтау мүмкін емес.
5. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың ұзақ және қысқа мерзім кезеңдеріндегі экономика жағдайына әсер етуі:
A) Несие – ақша және бюджеттік салық саясаты өндіріс көлеміне тек ұзақ мерзім кезеңінде әсер етеді.
B) Баға және атаулы жалақы тек қысқа мерзім кезеңінде салыстырмалы икемді болады.
C) Жиынтық сұраныс өндіріс көлеміне және жұмыс бастылыққа қысқа мерзім кезеңінде әсер етеді, ал ұсыныс ұзақ мерзім кезеңінде өндіріс пен жұмысбастылықты анықтайтын негізгі фактор болып табылады.
D) Баға және атаулы жалақы тек ұзақ мерзім кезеңінде салыстырмалы қатаң болады.
E) Өндіріс көлемі қысқа мерзім кезеңінде, ал жұмысбастылық ұзақ мерзім кезеңінде көбейеді.
1. Жиынтық ұсыныс қисығындағы аралық кесінді:
A) Оң көлбеулі болады.
B) Теріс көлбеулі болады.
C) Горизонтальды сызық болады.
D) Вертикальды сызық болады.
E) Биссектриса түрінде орналасады.
2. Жиынтық ұсыныс функциясы графигінің қозғалысы мынаған байланысты:
A) Өндіріс технологиясының өзгеруіне.
B) Сұраныс пен ұсыныс функцияларының тұрақты жағдайында баға деңгейінің өзгеруіне.
C) Кәсіпкерлердің ақша туралы иллюзияларына.
D) IS және LM қисықтарының қиылысу нүктелерінің қозғалысына.
E) Ақша жиынының өзгеруіне.
8.. АД – АS үлгісінде экономикалық өсу былайша бейнеленеді:
A) АS қисығы оңға жылжиды.
B) АS қисығы солға жылжиды.
C) АS қисығы горизонталь болады.
D) АД қисығы солға жылжиды.
E) АS қисығы вертикаль болады.
9. Жиынтық ұсыныс қисығы нені көрсетеді:
A) Нақты өнім кез келген көлемге қысқарғанда орташа баға деңгейі төмендейді.
B) Орташа баға деңгейі кез келген шамаға төмендегенде нақты өнім көлемі қысқарады.
C) Баға деңгейі көтерілгенде шығындар деңгейі төмендейді.
D) Орташа баға деңгейі кез келген шамаға өскенде нақты өнім көлемі қысқарады.
E) Бағаның кез келген деңгейінде әр түрлі тепе-тең нақты өнім көлемі болады.
10. Қай кезде жиынтық сұраныстың артуында өндірістің тепе-тендік өнім көлемінің өсуі болады?
А) АS қисығының кейнсиандық кесіндісінде.
В) АS қисығының аралық кесіндісінде.
С) АS қисығының классикалық кесіндісінде.
D) АS қисығының кейнсиандық және аралық кесінділерінде.
Е) АS қисығының аралық және классикалық кесінділерінде.
Достарыңызбен бөлісу: |