11-ші тақырып. Ұзақ мерзімді экономикалық өсу
Семинар сабағы
Сабақтың мақсаты: Экономикалық өсу үлгілері мен проблемаларын талдау.
Талдау сұрақтары:
1. Экономикалық өсудің факторлары мен түрлері.
2. Домар және Харрод үлгілері.
3. Солоу үлгісі.
Негізгі түсініктер:
Экономикалық өсу. Атаулы экономикалық өсу. Нақты экономикалық өсу. Экстенсивті экономикалық өсу. Интенсивті экономикалық өсу. Харродтың экономикалық өсу үлгісі. Домардың экономикалық өсу үлгісі. Солоудың экономикалық өсу үлгісі. Э.Фелпстің «Алтын ережесі».
Тест сұрақтары:
1. Экономикалық өсу қалай бейнеленуі мүмкін?
А) Өндірістік мүмкіншілік қисығының солға жылжуымен.
В) Өндірістік мүмкіншілік қисығының оңға жылжуымен.
С) Өндірістік мүмкіншілік қисығының бойымен нүктенің қозғалысы арқылы.
D) Өндірістік мүмкіншілік қисығы ішінде бір нүктеден екіншіге қозғалу арқылы.
Е) Өндірістік мүмкіншілік қисығынан тыс бір нүктеден екіншіге қозғалу арқылы.
2. Экономикалық өсудің экстенсивті факторы:
А) Жалпы және терең білім беру.
В) Өндірісті ұйымдастыру және басқару.
С) Жұмысшы санының өсуі.
Д) Техникалық прогресс.
Е) Баға деңгейінің көтерілуі.
3. Солоудың экономикалық өсу үлгісінде қор жинақтау мөлшерін бір рет өсіру мынаған әкеледі:
A) Қысқа және ұзақ мерзім кезеңдерінде еңбек өнімділігі артады.
B) Ұзақ мерзім кезеңінде еңбек өнімділігі артады.
C) Еңбек өнімділігі өзгермейді.
D) Қысқа мерзім кезеңінде еңбек өнімділігі артады және ұзақ мерзімде төмендейді.
E) Ұзақ мерзім кезеңінде халық өсімінің қарқынын арттырады.
4. Жұмыспен толық қамтылған экономикадағы экономикалық өсудің жоғары қарқыны мынаны талап етеді:
A) Қор жинақтау мен инвестицияның төменгі мөлшерін.
B) Қор жинақтаудың жоғары мөлшерін және инвестицияның төменгі мөлшерін.
C) Қор жинақтаудың жоғары мөлшерін және инвестицияның жоғары мөлшерін.
D) Қор жинақтаудың және инвестицияның төменгі мөлшерін.
E) Қор жинақтаудың төменгі мөлшерін және инвестицияның жоғары мөлшерін.
5. А елінде капиталдың шекті өнімділігі 1/5, ал В елінде - 1/3. Тұтынуға шекті бейімділік екі елде де бірдей. Домар үлгісі бойынша нақты өнім өндірудің өсу қарқыны А елінде:
А) В еліне қарағанда 3 % төмен.
В) В елінде өсу қарқынының 60 %-ын құрайды.
С) В еліне қарағанда 1,67 есе жоғары.
D) В еліне қарағанда 40 % жоғары.
Е) В еліне қарағанда 20 % төмен.
Есептер:
1. Өндіріс функциясы Y= 3K0,5L0,5 түрінде берілген. Халықтың өсімі мен технологиялық прогресс жылына сәйкесінше 2% және 3% өседі, амартизация нормасы жылына 5%-ды құрайды. «Алтын ереже» қағидасына сәйкес бір жұмысшыға шаққандағы өнім көлемі мен тұтыну деңгейі қандай болады? Қор жинағы нормасы қандай болады?
2. Өндіріс функциясы Y= K0,5L0,5 түрінде берілген. Халықтың өсімі мен технологиялық прогресс жоқ, амартизация нормасы жылына 5%-ды құрайды. Қор жинағының нормасы 20%. Бір жұмысшыға шаққандағы капиталдың тұрақты қоры, тұтыну мен табыстың тұрақты деңгейі қандай болады?
Достарыңызбен бөлісу: |