1-ші тақырып. Макроэкономика пәні. Ұлттық есеп-шот жүйесі. Семинар сабағы



бет9/34
Дата31.12.2021
өлшемі92,23 Kb.
#21210
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34
Әдебиеттер тізімі:

1. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. Оқулық. – Алматы:  Экономика, 2003.

2. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика – М.: Изд-во МГУ: 1997.

3. Курс экономической теории/ под ред Чепурина М.Н., Киселевой Е.А. Киров, 2001.

4. Макроэкономика / под ред Яковлевой Е.Б. СПб: Поиск, 1997.

5. Тарасевич Л.С., Гальперин В.М., Гребенников П.И., Леусский А.И. Макроэкономика: учебник / Общая ред Тарасевича Л.С..- СПб: 1999. с. 246

6. Кенжеболатова М.Ш. Макроэкономика. Оқу құралы. Астана, 2005 ж.



4-ші тақырып. Ақша рыногы

Семинар сабағы

Талдау сұрақтары:

1.     Ақшаның сандық теориясы.

2.     Ақша мультипликаторы.

3.     Ақшаға сұраныс. Баумоль-Тобин үлгісі.

4.     Ақша рыногындағы тепе-теңдік.

5.     Қымбат және арзан ақша саясаты.

 

Негізгі түсініктер:

Ақша жиыны. Ақша агрегаттары. Ақшаға трансакциялық сұраныс. Ақшаға алыпсатарлық сұраныс. Келісімдер мотиві. Сақтық мотиві. Өтімділіктің артықшылық теориясы. Ақша базасы (жиыны). Ақша ұсынысы. Ақша мультипликаторы. Несие мультипликаторы. Баумоль-Тобин үлгісі.

 

Тест сұрақтары:

1.     «Ашық нарықтағы операциялар» термині нені мазмұндайды?

А) Халықты несиелуге байланысты коммерциялық банк қызметін.

В) Орталық банктің коммерциялық банкке қарыз беру қызметін.

С) Орталық банктің мемлекеттің бағалы қағазын сату-сатып алуға байланысты қызметін.

D) Орталық банктің банктік қор көлемін өзгертуге байланысты операциялары.

Е) Орталық банктің есеп мөлшерлемесін өзгертуге байланысты қызметін.

 

2. Қайсы жағдайда ақша массасының үйлесімсіздігі болуы мүмкін:



A)   Төмендегі жағдайлардың бәрінде.

B)    Коммерциялық банктер қосымша резервтерін арттырды.

C)   Тұрғындар қолда ұстап отырған ақша мөлшерін көбейтті.

D)   Коммерциялық банктердің тұрғындарға беретін несиелерінің көп бөлігіне сұраныс жоқ.

E)    Ұлттық банк міндетті резервтер мөлшерлемесін өсірді.

 

3. Егер ақша массасы 200 млрд.долл., ал Ms – 600 млрд.долл. болса, онда ақша мультипликаторы:



A)   3.

B)   3,33.

C)   2,9.

D)   2.


E)    Анықтау мүмкін емес.

 

4. Ұлттық банк ашық нарықта 8 млн.долл. көлемінде құнды қғаздар сатып алды. Ақша мультипликаторы 2,4-ке тең болса, онда ақша массасының көлемі қалай өзгереді:



A)   19,2-ге артады.

B)   8-ге артады.

C)   19,2-ге артады.

D)   16,5-ке кемиді.

E)    16,5-ке өседі.

 

5. Ақша қызметтерінің қайсысы дұрыс айтылмаған:



A)   Құн өлшемі.

B)   Айналыс құралы.

C)   Табыс өлшемі.

D)   Төлем құралы.

E)    Әлемдік ақшалар.

 

6. Несиелік ақша қандай қызмет атқарады:



A)   Айналыс құралы.

B)   Төлем құралы. 

C)   Жинақтау құралы.

D)   Әлемдік ақшалар.

E)    Байлықтың пайда болу құралы.

 

7. Ақшаның пайда болу себебі:



A)   Табиғатпен жаратылған.

B)   Мемлекеттік билікпен.

C)   Айырбастың дамуымен.

D)   Адамдардың тілегімен.

E)    Барлық жауаптар дұрыс.

 

8. Ақша мынадай қызмет атқарады:



A)   Жинақтау құралы.

B)   Төлем құралы.

C)   Шот бірлігі.

D)   Барлық аталғандар дұрыс.

E)    А және В жауаптары дұрыс.

 

9. Ақша ұсынысы М 500 млрд. доллорды құрайды. ЖҰӨ 3000 млрд. долларға тең, ақша айналымының жылдамдығы қандай?



А) 8

В) 10


С) 6

D) 60


Е) 0

 

10. Ақша массасы (жиыны) – бұл.



А) Берілген елдегі евро және американ доллар және өндірістік дамыған елдердің баска да валюталары.

В) Қолма-қол формадагы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы.

С) Айналыс және қор жинау құралы қызметін атқаратын қолма-қол және қолма-қолсыз нысандағы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы.

D) Тарихи қалыптасқан ақша айналысын ұйымдастыру формасы.

Е) Бағалы металдар мен бағалы тастар.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет