Тіршілік үшін, бала үшін ешбір жолдан тайынбаған әйел тағдыры
Идеясы
Отбасы құндылығын меңзейді. Неге отбасы құндылығы? Себебі жазушы осы әңгіме арқылы отбасының , әйелдің, сондай-ақ, кішкене сәбидің де қоғамдағы мәнін көрсеткісі келеді. Сонымен қатар, қазақ болмысына жат элементтердің пайда болуын, уланған сана идеология-сын, болмыс-бітімі мен салт-санасынан айырылып бара жатқан қазақ қоғамының ауыр халін суреттейді. Осылайша кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге, насихат айтады.
Жанры
Психологиялық әңгіме,драма,трагедия
Көркемдік деталь
«Шолпанның күнәсі» әңгіме-сінде отау құрған соң баласыз өмірді жөн санап,уақыт өте тәубесіне келіп, Алладан бала тілеп,бала үшін күнаға батады.
Формасы
Сөйлеу формасы:
Жазбаша – әдеби норманы қатаң сақтап жазу түрінде сипатталады
Мәтін типтері/фор-малары:
Суретеу, баяндау, монолог, полилог
Контекст
Әлеуметтік контекст, оның ішінде отбасылық
Стиль
Көркем әдебиет стилі және кітаби стиль
Көзделген аудитория
Әңгіме әр түрлі топқа арналған. Мәтін тілі орташа, біржақты, түсінуге қиындық тудыратын сөздер жоқ, дегенмен де астарлы символдық мәнмен жазылған.
Мақсаты
Бұл шығарма ақыл-кеңес беру, тәрбиелеу,отбасы құндылықтарым қоғамдағы құндылықтардың ең қайнар көзі, әйел отбасы ұйытқысы екенін түсіндіру мақсатында жазылған.
Мазмұны
Шолпан күйеуге тие салып, Құ-дайдан бала бермей-ақ қоюын тілейді. Жылдар өте, Шолпан өмірдің баласыз мәні жоқ де-ген ойға бекіп, енді жалынып-жалбарынып бала тілей бас-тайды. Ал күйеуі ше? Енді Шолпан не істей алады? Осы ойдың жетегімен қылмыңдап жүрген көрші жас жігітпен кө-ңіл қосады да ауыраяқ болады. Оны білген күйеуі “Мен сенен бала сұрадым ба?” деп сабап тастайды.Күйеуі әйелінің күнә жасап, көтеріп қойғанына кө-нуге дайын болғанымен, Шол-панның одан кейінгі сатқын-дығына шыдамаған сияқты.