2.Mediaplayer компоненті
Mediaplayer компоненті аудио және видео файлдарды (*.wav, *.avi, *.mid) жүктеуге арналған визуалды компонент. Mediaplayer компоненті System жапсырмасында орналасқан.
Mediaplayer компоненті төмендегі батырмаларды қамтиды:
Батрмалар
|
Атауы
|
Қызметі
|
|
btPlay
|
Іске қосу
|
|
btPause
|
Кідіріс жасау
|
|
btStop
|
Тоқтату
|
|
btNext
|
Келесі трекке өту
|
|
btPrev
|
Алдыңғы трекке өту
|
|
btStep
|
Алға қарай өткізіп жіберу
|
|
btBack
|
Артқа қарай өткізіп жіберу
|
|
btRecord
|
Жазуды бастау
|
|
btEject
|
Дискжетектен CD дискті шығару
|
Компонент қасиеті
Visible – программаның орындалу барысында компоненттің көріну/көрінбеуін анықтайтын қасиет.
EnableButtons – компоненттің жеке батырмаларының белсінділігін анықтайтын қасиет.
VisibleButtons – компоненттің жеке батырмаларының көріну/көрінбеуін анықтайтын қасиет.
FileName – компонентке жүктелетін аудио немесе видео файлдың аты. Жүктелетін файлдардың форматтары: *.wav, *.avi, *.mid және т.б.. Файлды программа коды арқылы жүктеу:
Form1->MediaPlayer1->FileName="Sabak02.mp3";
Form1->MediaPlayer1->Open();
Файлды іске қосу үшін жоғарыдағы программаны жазған соң, батырмасын басса жеткілікті.
Mode – Mediaplayer-дің ағымдық режимі. Төмендегідей мәндерді қабылдайды:
- mpNotReady – дайын емес;
- mpStopped – тоқтатылған;
- mpPlaying – файлды көрсетуде;
- mpRecording – жазуда;
- mpPaused – кідіріс (пауза);
- mpOpen – ашық.
TimeFormat – уақытпен байланысты форматтарды анықтайды (Length, TrackLength, Position, StartPos, EndPos). Қабылдайтын мәндері:
- tfMiliiseconds –миллисекунд саны;
- tfFrames – кадрлар саны (видео үшін).
Length – TimeFormat қасиетінде көрсетілген өлшем бірлік бойынша анықталған аудио немесе видео файлдың ұзындығы.
Position – TimeFormat қасиетінде көрсетілген өлшем бірлік бойынша анықталған аудио немесе видео файлдың ағымдық позициясы.
Wait – қасиеті тек программа көмегімен қолданылады. Mediaplayer-ді фондық режимде жұмыс істеу мүмкіндігін берет ін қасиет (фоновом режиме).
MediaPlayer1->FileName=”song.mp3”;
MediaPlayer1->Wait=false; //Фондық режим
MediaPlayer1->Play();
Фондық режимдегі жұмысты Stop() әдісімен тоқтатуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |