1-сыныпқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау



бет30/46
Дата17.10.2023
өлшемі196,32 Kb.
#116943
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   46
99

43




Заттың санын білдіретін сөздер

1.4.1.1.айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және сету, есте сақтау арқылы жазу;
1.4.3.1 сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгіні қою.



1










100

44

Сөйлеу әдебі

1.4.2.1* заттың атын, қимыл-әрекетін, сынын, санын білдіретін сөздерді ажыратып, орынды қолдану;



1










101

45




Диктант

1.4.2.1* заттың атын, қимыл-әрекетін, сынын, санын білдіретін сөздерді ажыратып, орынды қолдану;
1.4.3.1 сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгіні қою.

1










102

46




Қайталау сабағы

1.4.2.1* заттың атын, қимыл-әрекетін, сынын, санын білдіретін сөздерді ажыратып, орынды қолдану;
1.4.3.1 сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгіні қою.

1










Матемтика
Түсінік хат

  • Қазақстан РеспубликасыОқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығына 2-қосымшаБастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

«Математика» пәні ҚРБҒМ 2022 жылғы 16 қыркүйек №399 бұйрығымен бекітілген (6- қосымша) «Математика» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқытылады.
Жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына арналған «Математика» оқулығы мен ОӘК-і жалпыға міндетті білім беру стандартына және осы пәннің Типтік оқу бағдарламасына сәйкес дайындалған (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 10- мамырдағы №199 бұйрығына 6-қосымша). Оқулық және ОӘК мазмұны ЖМББС және бағдарламада баяндалған талаптарды ескере отырып құрылды. Бағдарлама мазмұнына сәйкес бірінші сыныпқа арналған «Математика» ОӘК-і баланың қоршаған әлемді түсіну және оқып-үйрену тәсілі ретінде математиканы қабылдауын дамытуға бағытталған. Мұндай тәсіл баланың әлемді математикалық білім, білік және іс-әрекет тәсілдерінің көмегімен тануға мүмкіндік береді. ОӘК-нің құрамы:  Оқулық (екі бөлім);  Жұмыс дәптері (№1, 2, 3, 4); Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау (CD);  «Алматыкітап баспасы» www.topiq.kz платформасындағы оқулықтың электрондық нұсқасы. Оқулық (1, 2-бөлім) сабақтар бойынша құрылған, оның пішіні мен безендірілуі балалардың жас ерекшеліктеріне сай. Әрбір бөлімді бастар алдында оны оқып-үйрену картасы ұсынылған. Ол мұғалім, оқушы және ата-анаға тақырыпты меңгерудің негізгі мақсаттары мен нәтижелерін түсінуге мүмкіндік береді. Бірінші сыныпқа арналған «Математика» оқулығындағы әрбір сабақ бір айқарма бетке орналасқан. Оның бірінші беті сабақтың лексикалық тақырыбын ашатын көрнекі сюжеттік көріністермен берілген. №1 тапсырма сабаққа ынталандыруға, жаңаны өзектендіруге және оны ашуға бағытталған. Оқулықта берілген №1 тапсырма көп кешенді. Оқулықтағы тапсырмалардың бір бөлігі оқулық кейіпкерлері Сырым мен Әлияның қатысуымен құрылған. Оқулықтағы тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне сай ыңғайлы және түсінікті түрде берілген. Әрбір тақырыптың негізгі терминдері кітап-кейіпкерде жазылған. Оқулықта жұппен, топпен және жеке орындауға арналған тапсырмалар, зерттеушілік тапсырмалар, шағын топтарда жұмыс істеуге арналған және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға және күнделікті өмірмен байланыстырып орындауға, өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар, сондай-ақ шығармашылық тапсырмалар шартты белгілермен берілген. Жұмыс дәптері. №1, 2, 3, 4 жұмыс дәптерлері әрбір оқу тоқсанына арналған. Жұмыс дәптерінде оқулықта берілген тақырыптарға әртүрлі жаттықтыру тапсырмалар жүйесі, сонымен қатар өтілген тақырыпты бекітуге және қайталауға күрделендірілген тапсырмалар берілген. Жұмыс дәптерлеріндегі тақырыптардың берілу реті оқулықтағы тақырыптардың берілу ретімен сәйкес келеді. Дәптер сабақтар бойынша құрылған, бір сабақ бір айқарма бетке орналасқан. Өтілген тақырыпты қайталауға және практикалық тұрғыда қолдануға арналған суреттер, сұлбалар, кестелер түріндегі күрделілігі әртүрлі деңгейдегі, сонымен қатар шығармашылық сипаттағы тапсырмалар жүйесінен тұрады. Ұсынылып отырған №1, 2, 3, 4 жұмыс дәптерлері оқушылардың нәтижелі іс-әрекетін қалыптастыруға бағытталған. Берілген жаттығулар мен тапсырмалар цифрлар мен математикалық таңбаларды жазудың каллиграфиялық дағдыларын дамытуға бағытталған. Ұсынылған графикалық тапсырмалар оқушының торкөзді санап үйренуіне, оған сызықтар жүргізіп, саусақтарының ұсақ моторикасын дамытуына көмектеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет