Оқу пәнінің негізгі мазмұны келесі бөлімдерден тұрады: 1) Ақпараттық этикет
2) Менің алғашқы суретім
3) Біздің өміріміздегі алгоритм
4) Бағдарламалар
5) компьютер;
6) ақпаратты ұсыну және өңдеу;
7) интернет желісінде жұмыс істеу;
8) есептей білу;
9) робототехника.
1. "Компьютер" бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) компьютердің құрылғылары;
2) программалық қамтамасыз ету;
3) қауіпсіздік.
2. "Ақпаратты ұсыну және өңдеу" бөлімі келесі бөлімдерден тұрады:
1) мәтіндер;
2) графика;
3) презентациялар;
4) мультимедия.
3. "Интернеттегі жұмыс" бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) ақпаратты іздеу;
2) ақпаратпен алмасу.
4. "Есептей білу" бөлімі төмендегі бөлімдерді қамтиды:
1) алгоритмдер;
2) программалау.
5. "Робототехника" бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) жалпы робототехника;
2) роботтың қозғалысы;
3) датчиктер мен қозғалтқыштар.
4-сыныпқа арналған "Цифрлық сауаттылық" оқу пәнінің базалық мазмұны: 1) "Компьютер": компьютер құрылғылары, ғылыми-техникалық прогрестің компьютерлік және мобильді техниканың ескіруіне әсері.
Қауіпсіздік: сенімді құпиясөз критерийі;
2) "Ақпаратты ұсыну және өңдеу":
Мәтіндер: мәтіндегі кестелер.
Презентациялар: слайдтың орналасуы, нысандардың анимациясы; бейне және дыбысты енгізу.
Мультимедиа: бейнеролик жасау;
3) "Интернет желісіндегі жұмыс":
Ақпаратты іздеу: компьютердегі файлдар мен қалталарды іздеу.
Ақпарат алмасу: браузер параметрлері (бетбелгілер, тарих және жүктеулер).
Электрондық пошта: хабарламаларды, тіркелген файлдармен хабарламаларды қабылдау және жіберу;
4) "Есептей білу": Алгоритмдер: кірістірілген циклдар, логикалық операторлар, салыстыру операторлары.
Бағдарламалау: ойын бағдарламалау ортасындағы айнымалылар, ойынды өз сценарийі бойынша дамыту;
5) "Робототехника": түс сенсоры; ультрадыбыстық сенсор.