2. буын шеміршегі,
3. буын қапшығы,
4. буын қуысы,
5. буын сүйықтығы жатады.
1. Буын беткейлері конгруэнтті жэне конгруэнтсіз болады. Кейбір сүектердің буын беткелері бір-біріне сәйкес келеді, оны конгруэнтті буын деп атайды.
Кейбір сүйектердің буын беткейлері сәйкес келмейді немесе пішіні немесе көлемі бойынша, оларды конгруэнтсіз буын деп атайды.
Буын шеміршегі көбінесе гиалинді, самай-төменгі жақ буынында-талшықты. Шеміршек тегіс емес буын беткейлерін тегістейді, үйкелістерді жүмсартады. Буын шеміршегі тегіс, синовиальді сұйықтықпен ылғалданған, буындағы қимылды жеңілдетеді. Буын шеміршегінде қан жэне лимфа тамырлары жоқ, ол синовиальді сүйықтықпен қоректенеді.
3. Буын капсуласы герметикалық түрде буын капсуласын қоршап, екі қабаттан:
-ішкі синовиальді мембранадан түрады. Фиброзды қабық буынды қорғайды, біріншіден синовиальді қабықты. Синовиальді қабық тегіс, жылтыр, дымқыл, буын қуысына буын сүйықтығын бөледі. Синовиальді қабық буын шеміршегінің жиегінде аяқталады. Ол синовиальді бүрлер түзеді, олардың сыртынан майлы үлпа жабысып, майлы қатпарлар түзеді. Жіңішкерленген жерлерде синовиальді қабықтан синовиальді қапшықтар түзіледі.
4. Буын қуысы, былайша айтқанда тірі адамдарда болмайды, ол шеміршекпен жабылған буын беткейлерінің арасындағы саңылау тэрізді кеңістік. Буын қуысында буын сүйықтығы болады. Буын қуысының пішіні буындасатын буын беткейлеріне және буынның көмекші қүрылымының (бары мен жоғына, дискі мен менискі), буын ішкі жалғамасына байланысты.
Буын қуысы буын капсуласының эластикалық қасиетіне байланысты созылуы мүмкін, соның әсерінен сүйықтық пайда болады: жара кезінде қан, ірің қабыну процесінде. Сондай жағдайларда тізе буынында 300 см/3 қан немесе ірің жиналуы мүмкін.
5. Буын сұйықтығы. Буын сүйықтығының құрамына су, белок, май, тұз, ферменттер кіреді. Буында буын сүйықытығының болуы буын беткейлеріндегі жылжуды ұлғайтады.
Буынның көлеміне байланысты орташа есеппен 0,1 ден 4 мл-ға дейін
сүйықтық болады.
Синовиальді сұйықтықтың қызметтері:
1. локомоторлық-буын шеміршегімен бірге буын беткейлеріндегі қимылды қамтамасыз ету.
2. метаболиттік-организмдегі тамырлар арнасы мен буынның қүрамы арасындағы алмасу процестеріне қатысуы.
3. трофикалық-шеміршекті буынның перифериялық қан-тамыры жоқ қабаттарын қоректендіру.
4. барьерлік-сүйықтағы ферменттердің бөгде заттар мен клеткаларды ұстап, реітуіне қатысуы.
Қазіргі уақытта кейбір ауруларды емдеу үшін (деформациялық остеоартроз, ревматоидты артрит) буынның ішіне жасанды сұйықтық енгізеді. (оның құрамына полимерлер кіреді).