1. ««Сөйлеу қызметін қалыптастыру»» курсы нені зерттейді, оның алдына қоятын басты мақсаты қандай?


««Сөйлеу қызметін қалыптастыру»», «сөз мәдениеті» деген тіркестердің арасында қандай табиғи байланыс бар, оны басқаша атау мүмкін бе?



бет2/2
Дата10.11.2022
өлшемі48 Kb.
#49236
1   2
3. ««Сөйлеу қызметін қалыптастыру»», «сөз мәдениеті» деген тіркестердің арасында қандай табиғи байланыс бар, оны басқаша атау мүмкін бе?
Тілдік тұлға тек тілдің ғана субъектісі емес, адресант және адресат ретінде сөздің де субъектісі. Дәстүрлі парадигма сөз мәдениеттің түп қазығы, орталық ұғым тілдік норма болса, ендігі жерде, жаңа парадигмада сөз мәдениетінің түпқазығы тілдік тұлға болуға тиіс.
Адамдар ақиқаттағы заттар мен құбылыстардың, уақиғалардың, қысқасы, денотаттар әлемінің ортасында өмір сүреді. Санада сәулеленген ақиқат өмір үзіктері адамның ой елегінен өтіп, білім дүниесіне, яғни интеллектуалдық, руханияттық, мәдени-әлеуметтік қажеттілікті өтейтін концептілерге айналады. Сөйтіп, адамдар тек ақиқат дүние ортасында ғана емес өздері жасаған идеалды дүние әлемінде де өмір сүреді.
Әрбір кезең, әрбір дәуірдің өзді-өзіне тән ақиқат дүние туралы білім жүйесі болады. Мысалы, қой, жайылу, ауыл, өріс, бытырау, изен, жусан т.б. сөздердің қандай мағынаны білдіретіні немесе қандай денотатты көрсетіп тұрғаны бізге белгілі. Бұл – тілдік білім. Ал “қой бытырап, шашырап бір-бірінен алшақ кетіп жайылса, ауыл қонған жерден тым ұзап кетсе, ол жердің оты нашар болғаны. Ауыл ондай жерде ұзақ отырмайды оты қалың, изенді, жусанды, өрісті жерге көшеді” десек, бұл – тілдік емес, дүниелік білім. Ал белгілі бір көркем шығараманы оқыған оқырманға сол дәуірдегі тілдік емес білімді білу қажет. Көркем шығармада тілдік семантикадан басқа да білім дүниесі бар. Сол білім дүниесі шығармада қалай берілді? Қазақ әдебиетінің класигі Ғ.Мүсіреповтің көркем шығармаларының оқырманды баурап алуының сыры риторикалық тәсілдерді, стильдік амалдарды шебер қолдануында ғана емес, оқырманға бейтаныс тілдік емес білімдер жүйесін ашып берумен де байланысты. Жазушының бір әңгімесінде батырдың мінген қазанаты “құлағын қайшылап, оқыранып, аяғымен жерді тарпи береді”. Атының бұл мінезіне қарап батыр не қалың жылқыға, не жылқыны қуып әкетіп бара жатқан жауға кездесетінін біле қояды. Осылайша жазушы оқырманға сол дәуірдің білім дүниесінің есігін ашпаса, оқырман сол дәуірдің ішіне кіре алмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет