1 соөж тақырып: Сауат ашу әдістемесі мен жаңартылған білім бағдарламасының ерекшеліктерін талдау Мақсаты: «Сауат ашу»



бет5/6
Дата10.02.2022
өлшемі39,56 Kb.
#25198
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Дәлелдеу

Жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын қалыптастыру және оларды қолдану – бастауыш сыныптың білім беру бағдарламасының өзекті аспектісі. Осы ойлау дағдыларын қалыптастырудың ең басты тәсілдерінің бірі – дәлелдеу. Дәлелдеу бастауыш сыныптарда кез келген пікірталас бастау, жүргізу және оны бағамдау үшін маңызды, әсіресе, математика үшін оның маңызы өте зор, себебі онда бір есептің бір ғана шешімі болғанымен, оған жетудің тәсілдері толып жатыр. Бұл сондай-ақ Қазақстандағы жаңартылған білім беру бағдарламасында басым болып табылатын бірнеше құндылықтар мен дағдыларды, мысалы, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытудың негізгі тәсілі.

Кестеде көрсетілгендей, төменгі сынып оқушыларына арналған тапсырмаларда әртүрлі ақпарат көздері қолданылады. Алдағы уақытта оқушылар тақырыпты түсіну үшін ақпаратты пайдалана бастайды. 4-сыныпқа қарай оқушылар дәлелдеу дағдыларын пайдаланады, соның нәтижесінде олар жиналған деректердің негізінде өз көзқарасын ортаға салып, талқылауға қатысады.

Дәлелдеу үдерісі зерттеуге негізделген оқу тәсілін толықтырады. Зерттеу тақырыбы белгіленгеннен кейін мұғалім оқушыларға шағын топтарда жұмыс істеп, сурет, диаграмма, график немесе алгоритмдерді пайдалану арқылы зерттеу немесе проблеманы «елестетуді» ұсынады. Содан кейін оқушылар өз ақпаратын басқа топпен немесе топтармен «салыстыруы» керек. «Түсіндіру және дәлел келтіру» деп аталатын келесі кезең оқушыларға өздерінің көзқарастарын түсіндіруге, түзетуге, ретке келтіріп, кез келген қате пайымдауларды анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір топ идеяларды талқылау және «мақұлдау» үшін барлық сыныпқа өз шешімдерін ұсынады.


Қорытындылай келгенде, мұғалім үшін мыналар маңызды болмақ:

  1. - сабаққа тың ойлар мен ынталандырушы материалдарды енгізу;

  2. - оқушылар өзінің ойлауы мен оқуы туралы ойлана алуына жағдай жасау үшін логикалық ойлау мен зерттеу дағдыларын енгізу;

  3. - оқушыларға өздеріне қызықты салаларда сұрақ құрастыруға көмектесу;

  4. - топтық жұмыс жүргізуді көздейтін жаттығуларды енгізу;

  5. - оқушыларды бір-бірімен қарым-қатынас жасап, диалог құруға ынталандыру;

  6. - оқушылардың қызығушылықтарын қанағаттандыру;

  7. - оқушыларды өз бетінше ойлануға жетелеу;

  8. - оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын дамытуға көмектесетін сұрақ қою;

  9. - оқушыларға өздерінің ойлау дағдылары мен ғылыми-зерттеу дағдыларын қолдануды ескертіп отыру;

  10. - жекелеген оқушылармен «көзбе-көз» кездесу ұйымдастыру;

  11. - оқушыларға өзіндік жұмыстарда жетістікке жетуге мүмкіндік беретін жобаларды жоспарлау және ұйымдастыру.

  12. Қорыта айтқанда, міндет ауыр, мақсат айқын. Отандық іс-тәжірибе негізінде әлемдік тәжірибедегі алдыңғы қатарлы идеяларды басшылыққа ала отырып, функционалды сауаттылығымызды арттыру үшін сыни тұрғыда ойлай алатын мұғалімдер қатарын көбейтсек, жақсы нәтижеге жететініміз сөзсіз. «Шын ілім адамдарды биік ізгілікке үйретеді, ол – адамдардың жаңаруы»- деп атап көрсеткен ойшылдың сөзімен аяқтағым келеді.



  1. Пән мақсатына жету барысында туындайтын міндеттерді саралау.

Саралап оқыту – бұл оқыту үрдісін ұйымдастыру формасы, мұғалім оқу үрдісі барысында бірыңғай сапалық қасиеттері бойынша қалыптастырылған оқушылар тобымен жұмыс істейді.Саралап оқытуәрбір оқушының мақсатқа жетуіне ықпал етеді. Әрине, әр оқушыны өз мүмкіндігіне қарай оқытқан жөн.

Саралап оқыту әртүрлі оқушылар тобы үшін арнайы оқу үдерісін қамтамасыз ететіндіктен,саралау түрлерін тиімді қолдану әр оқушының қажеттілігін ашу мен қолдауға, оқыту үдерісін жетілдіруге, оқу бағдарламасының қойған мақсат, міндеттеріне жетуге және кең ауқымды дағдыларды игеруіне мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде мұғалімдерден оқыту үдерісі мен мазмұнды дұрыс саралауды және олардың түрлерін таңдай алуды талап етеді.

Оқыту үдерісін саралауға тоқталсақ,бұл– жаңа материалды ұсыну жолдары, оқушылар орындайтын жаттығулар, қойылатын сұрақтар, оқыту әдістері мен оқушылардың бойында дамытылатын ойлау үдерісі. Әр оқушы үшін оқу үдерісі – оның өз ұғымын жетілдіру үшін білім беру бағдарламасының мазмұнын игеруі. Саралау үдерісі анағұрлым жоғары деңгейлі ойлау үдерісін пайдалануды ынталандырады. Мұғалімдер білім беру бағдарламасын тиімді саралау үшін келесі өзгерістерді енгізе алады:

1. Жоғары деңгейлі ойлау дағдылары: пайдаланылатын әдістер ақпаратты алуға емес, оны пайдалануға айрықша баса назар аудару керек; оқушылар мәліметтерді жаңа жағдайларда қолданып, оларды жаңа идеялар құру үшін пайдалануы, орындылығын бағамдауы және оны жаңа өнім жасау үшін пайдалануы керек.

2. Ашықтық: жаттығулардың басым бөлігі ашық жаттығудан, яғни жалғыз дұрыс жауабы болмайтын, одан әрі ойланып, зерттеуге жетелейтін тапсырмалардан тұруы керек.

3. Жаңалық ашу: жаттығулардың басым бөлігі оқушылардың заңдылықтарды, идеяларды және негізгі қағидаттарды аңғаруы үшін ойлау үдерісін пайдалана алатын түрлі жағдаяттардан тұруы керек.

4. Ой-пайымдарының дәлелі: оқушыларға өз қорытындыларын ғана емес, осы қорытындыны жасауға негіз болған пайымдарын да айтуды ұсыну керек.

5. Таңдау еркіндігі: оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі берілуі керек.

6. Қарқын және әралуандылық: жаңа материалды таныстыруда мүмкін болса қарқынды жылдамдату және оқушының қызығушылығын қолдайтын және әртүрлі оқу стильдерін қамтитын әдіс-тәсілдерді пайдаланған дұрыс.

Қашықтықтан оқыту жағдайында да бұл назардан тыс қалмауы тиіс.Мысалы, бастауыш сыныптардаматематика пәнінен қабілеті жоғары оқушылар үшін тапсырмаларды төмендегіше күрделендіруге болады:



  • нәтиже белгілі бір бағытқа өзгеретіндей жағдайларды анықтау;

  • бір көрсеткіштің өзгеруіне байланысты тапсырма нәтижесінің өзгерісін зерттеу;

  • қойылған шарттарға байланысты есептің сұрағын өзгерту;

  • көрсетілген ереже қолданылатын тапсырмаларды таңдау;

  • кері есептер құрастыру;

  • есептерді түрлі тәсілдермен немесе тиімді тәсілмен шешу.

Ал, қолдауды көп қажет ететін оқушылар үшін:

  • есептің типін, оны шешу үшін қолданылатын ережені көрсету;

  • тапсырманы орындау алгоритмін көрсету;

  • тапсырмаға схема, сурет, қысқа жазба түрінде қосымша тіркеу;

  • берілген тапсырмаға ұқсас тапсырманың орындалу үлгісін беру;

  • кей бөліктері орындалған тапсырмалар беру;

  • құрама есептерді бірнеше жай есептерге бөлу, т.б.

Қашықтықтан оқу кезінде саралап оқытуды жүзеге асыру қажеттілігі арта түседі. Себебі, айтыла беретін қиын тапсырма берсе, қобалжитынжәнежеңіл тапсырма болса, зерігетін жағдай үйде оқу жағдайында өспесе, кемімейді. Оқушының сабақта сыныптастары, мұғалім әрдайым қасынан табылатын болса, үйде тапсырманы өз бетінше орындауы қажет болады. Әрине, қашықтықтан оқыту кезінде тапсырма мөлшерін азайтып, жеңілдеу тапсырма берген дұрыс. Бірақ академиялық қажеттіліктері жоғары, күрделі тапсырмаларды ұнататын оқушыларды естен шығармауымыз қажет. Оқу мақсаттарының иерархиясына және бағдарламаның бөлімдеріне қарай мұғалім тапсырманыңкүрделілік деңгейін анықтап,әртүрлі қабілетті оқушылар бар екенін ескере отырып, сараланған тапсырмалар әзірлеуікерек. Саралауда мұғалім оқушыларға түрлі қолдау жасай алады. Ресурстық қолдау, нұсқау арқылы қолдау, т.б. қолдау түрлерін қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет