1 Сұрақ: Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы Физиология пәні



бет1/3
Дата14.10.2023
өлшемі16,7 Kb.
#114726
  1   2   3
Байланысты:
1-2 физио


1 Сұрақ: Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы
Физиология пәні. Физиология биологиялық ғылымның маңызды бөлімі. Бұл сөз екі грек сөзінен шыққан , яғни ( грекше physis - табиғат , logos – ілім) Физиология пәні жасушаны және жасуша элементттерінің құрылымын, ұлпаны , мүшелерді , тірі ағзалардың тіршілік әрекетінің үдерістері мен қызметін үйретеді. Организм жүйелері мен ағзалардың бір-біріне әсерін, өзара байланысын, сыртқы ортамен қарым- қатынасын тексереді, түрлік және жекелік даму қасиеттерін үйретеді.
Физиологияның міндеті – әрбір ағзада болып жатқан қызметті терең тану, оларды қалаған бағытта белсенді әрекеттендіру мүмкіндігіне ие болып болып табылады.
Мақсаттарына тоқталар болсақ: 1) организмнің және оның әрбір құрылымының қызметін ұғыну арқылы болашақ мамандардың әрекеттік және клиникалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
2) Физиологиялық зерттеу әдістерін үйрету арқылы диагностика дағдыларын қалыптастыру.
3) Физиология ғылымының қағидаларымен таныстыру арқылы адам денсаулығын тиімді ұйымдастыруды үйрету.
4) Әрбір адамға денсаулық деңгейін анықтау мен бағалау және нығайту тәсілдерін үйрету болып табылады.
Физиология ғылымының басқа ғылымдармен байлансы. Физиология бірқатар білім салаларымен тығыз байланыста болып. Өзінің нақты бір ғылымының ізденісіне негізделіп, өз кезегінде басқа ғылымның дамуының негізі болып табылады. Физиология үнемі химия мен физика заңдарына сүйеніп, зерттеу әдістерінде оларды кеңінен қолданады. Себебі әрбір өмірлік үдерістер заттар мен энергияға айналу бұның барлығы физикалық және химиялық үдерістер.
Сонымен қатар, морфологиялық ғылымдар- анатомия, гистология, цитологиямен де тығыз байланыста. Ағза құрылымы мен оның бөліктері және қызметі бір – бірімен қатысты. Яғни олардың құрылымын білмей, жасуша мен ұлпаның, мүшелердің және ағзаның қызметін терең үйрену мүмкін емес.
Физиология ғылымы жалпы биология, эмбриологиялық эволюциялық ілімге сүйенеді. Кез- келген ағзаның өмірлік әрекетін үйренуде оның филогенетикалық және онтогенетикалық даму тарихын білу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет