1 сұрақ. Нарықтық қатынастар жүйесіндегі инвестиция


Портфельдік инвесторларға



бет14/17
Дата06.01.2022
өлшемі70,33 Kb.
#16265
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
19-20 билет

Портфельдік инвесторларға инвестициялық қорлар, венчурлық капитал қорлары, сақтандыру қорлары және т.б жатады. Олар дивидендтерді төлеуден табыс пен негізгі қорлар құнының жоғарлауынан (акция құнының жоғарлауынан) табыс арасындағы байланысты табуға ұмтылады. Олар акциялардың бақылау пакетін алуға ұмтылмайды. Бірақ портфельдік инвесторлар кәсіпорынды басқаруда дауыс беру құқығын алғысы келеді, әсіресе: акционерлер жиналысында дауыс беру, директорлар кеңесіндегі төрағалықты.

Стратегиялық инвесторлар: өз қызметінің бағыттарын ұлғайтуда ұмтылатын өнеркәсіп саласындағы компаниялар; Өз активтерін жақсырақ пайдалануға ұмтылатын өнеркәсіптің басқа саласында жұмыс істейтін компаниялар; стратегиялық байланыстарды дамытуға ұмтылатын қаржылық-өнеркәсіптік топтар (ҚӨТ). Стратегиялық инвесторлар ұзақ мерзімді қарым-қатынасқа және стратегиялық және оперативті шешімдерді қабылдауда өкілеттікке (негізінде акциялардың бақылау пакеті, минимум – директорлар кеңесінде орын) ұмтылады және қайта ұйымдастырумен, стратегияның өзгертумен байланысты шараларды қабылдауды талап ете алады.

Сонымен қатар стратегиялық инвестордың жаңа технологияны беру, бірегей құрал-жабдықты беру, өткізу каналдарына қатынау, өнім ассортиментін ұлғайту, өндіріс масштабтарының өсімі есебінен потенциалды үнемдеу; оқыту және тәжірибелі профессионалдарға қатынау; қаржыландыру мүмкіндіктері бар. Стратегиялық инвестор үшін қаражат салудың көбінесе қолайлы түрі – бірлескен кәсіпорын құру болып табылады.

Қазіргі күні ұзақ мерзімді қаржыландырудың аса таралмаған түрі – акциялар мен облигациялардың эмиссиясы. Акциялардың эмиссиясы дайындау құны мен эмиссия, жарнаманың жоғары шығындары мен байланысты қосымша шығындарды жорамалдайды. Сонымен қатар алдын-ала қанша ақша алынатыны белгісіз болады егер акциялар бір немесе бірнеше сатып алушыларға алдын-ала сатылмаса. Көптеген акциялар отандық және шетелдік портфельдік инвесторларға сатылады. Құнды қағаздар бойынша заңдық шектеулер мен қазіргі нарықтық конъктура қазақстандық кәсіпорындарға көптеген шетел нарықтарында тікелей акциялар эмиссиясы жолымен ақша алуға мүмкіндік бермейді.

Кеңес заманында экономика дамуының инвестициялық ішкі негізгі көздері болып:

1. бюджет қаржылары;

2. кәсіпорындардың өз қаржылары;

3. халықтың қаржылары.

Қазақстанның тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап республика экономикасында күрделі, бұрын сонды болмаған өзгерістер болды. Реформа экономикада әлеуметтік жағдайға бағыт алуды өзінің мақсатты етіп қойды, ал оған жету, бұрын республикада қалыптасқан экономикалық қатынастардың барлық жүйесін өзгертуді қажет етеді, оны жузеге асыру, күрделі де ауыр процесс екені белгілі.

Әлемдік тәжірибе негізінде дәлелденгеніндей, капиталдың халықаралық миграциясы, шаруашылық өмір барлық ұлттардың қарым-қатынасының тереңдеуі келтіреді капиталдардың өзара қозғалысының дамуы, әсіресе өндірісі дамыған елдер арасындағы қатынастарға жақсы белгілі.

Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасының шетелдік капиталдың көптеп келуіне бірнеше факторлар қолайсыз әсер етуде. Олардың ішінде: кәсіпорындарға салық салудың дүние жүзіндегі ең үлкен дәрежесі; жүріп жатқан жалпы экономикалық дағдарыс; рынок инфрақұрылымының толық қалыптасуы; инфляцияның көтеріңкілігі және айырбастау курсының тұрақсыздығы.

3 сұрақ. Халықаралық инвестициялар

Халықаралық инвестициялық жобалауда белгісіздік пен тәуекел аспектілері қарастырылады. Анықсыздық дегеніміз – кәсіпорын қызметінің негізгі шамалары мен көрсеткіштерін және Халықаралық инвестициялық жобаны жүзеге асырудың шамалары мен көрсеткіштерін нақты болжаудың мүмкінсіздігі. Мұндағы басты шарт белгісіздікті сандық категорияларда бейнелеу.

Кәсіпкерлік іс-әрекетте тәуекел дегеніміз – кәсіпорынның өз қорларының бөлігін жоғалту мүмкіндігі, жоспарланған табыстардың төмендеуі немесе нақты өндірістік және қаржылық іс-әрекетті жүзеге асырудың нәтижесінде қосымша шығындардың пайда болуы. Тәуекелдің негізгі түрлері: фирманың заказ берушіге қатысты өз міндеттемелерін орындамау мүмкіндігімен байланысты өндірістік тәуекел; фирманың инвесторларға қатысты өз міндеттемелерін орындамау мүмкіндігімен байланысты қаржылық тәуекел; меншік және сатып алынған құнды қағаздардан тұратын Халықаралық инвестициялық-қаржылық портфельдің құнсыздану мүмкіндігімен байланысты Халықаралық инвестициялар; қор нарығындағы нарықтық пайыздық ставкалар мен валюта курстарының ауытқу мүмкіндігімен байланысты нарықтық тәуекел. Сонымен қатар елдегі тұрақсыз саяси жағдай салдарынан кәсіпкерлер мен инвесторлардың шығындалу мүмкіндігімен байланысты саяси тәуекел болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет