1-сұрақ Python тілінің атқаратын қызметі мен қолданылуы,қысқаша даму тарихы


-Сұрақ Параметрлі қайталану операторы (for)



бет12/23
Дата29.12.2023
өлшемі0,69 Mb.
#144594
түріПрограмма
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
Программа теория жауаптары (1) (2)

18-Сұрақ
Параметрлі қайталану операторы (for)
Циклдік құрылымды алгоритмді программалауда қайталанушы процесс бір айнымалының мәніне тәуелді болса, For операторын қолданамыз. Айнымалы тек бір қадамға ғана өзгере отырып циклді басқарыды. Бұл айнымалы циклдің параметрлі қайталану операторы деп аталынады. Санағышы бар параметрлі цикл операторы цикл қайталануын бақылайтын санағыштың алғашқы және соңғы мәндері алдын ала белгілі болған кезде ғана қолданылады.
For операторы алгоритмдік тілдегі параметрлі қайталану к
омандасына сәйкес келеді.
і үшін m1 бастап m2 дейін h қадам
Цб
Серия
Цс
For операторы екі түрлі жазылады:
А) for I:=A to B do
Begin

End;
Орындалу ережесі: Begin және End сөздерінің арасында жазылған операторлар I:=A, I:=A+1, I:=A+2,…,I:=B үшін орындалады. Мұндағы І цикл параметрі, А –параметрдің бастапқы мәні, В-параметрдің соңғы мәні.
For Х:=М1 to M2 do S1;
Мұндағы, қызметші сөздер: For(үшін), to(дейін) циклдің қадамы +1-ге өсіп отыратынын көрсетеді, do(орында);
Х- скалярлық типтегі айнымалы циклдің параметрі;
М1-цикл параметрінің бастапқы мәні;
М2-цикл параметрінің соңғы мәні;
S1-параметріне тәуелді қайталанып орындалатын оператор. Сондықтан, S1-цикл денесі деп аталады.
Б) For I:=A DOWN TO B DO
Begin

End;
Орындау ережесі: Begin және End сөздерінің арасында жазылған операторлар I:=A, I:=A-1, I:=A-2,…, I:=B үшін орындалады.
For X:=M1 down to M2 do S1;
1-нұсқадан өзгешелігі to сөзінің орнына down to (төменге дейін) қызметші сөзі жазылады. down to циклдің өзгеру қадамы –1 тең екендігін көрсетеді. Мұндағы Х –тің мәні М1- ден М2-ге дейін –1 қадаммен кему үшін М1>M2 шарты орындалуы керек. Егер бұл шарт орындалмаса цикл денесі бірде бір рет орындалмайды.

Егер, цикл денесі бірнеше оператордан тұрса, Begin және End операторлар жақшасын пайдаланамыз


айталану санын келесі тәсілдермен анықтауға болады. Соңғы мән – алғашқы мән +1 – бірінші жағдай үшін;
Алғашқы мән – соңғы мән +1 екінші жағдай үшін. Мысалы:Р=1*2*,…*10 сандарының көбейтіндісін есептеу.
Program pr3;
Var i,P :integer;
Begin
P:=1;
For i:=1 to 10 do
P:=P*1;
Writeln (‘P=’,P);
Readln
End.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет