24-Сұрақ Жолдар және жолдарға қолданылатын функциялар Жолдарды шегініспен жазу
• Жолдарды шегініспен жазу кезінде олардың алдындағы босорындар саны бірдей болуы тиіс, әйтпесе қате шығады. Мысалы, келесі жолдардағы функцияны анықтау дұрыс емес, олардағы шегіністер саны әртүрлі болып жазылған:
def my_function():
print('Ал ендігілері')
print ('басқаша тәртіппен')
print ('құрастырылған.')
• Программа терілетін редакторда шегініс жасаудың екі түрі бар: жол алдында <Таb> пернесін басу немесе <босорын> пернесін бірнеше рет басу. Бірақ шегініс жасау кезінде осы екі тәсілдің тек біреуін пайдалану керек, екеуін араластыра отырып қолдансаңыз, Python интерпретаторы шатасып қате беріп жатады.
• IDLE ортасында және жалпы Python редакторларында функция анықталатын жолдағы қоснүктеден кейін шегініс автоматты түрде жасалады.
• Автоматты шегініс жасау режимінен шығу үшін функцияның ішкі блогының ең соңғы жолынан кейін пернесін басу керек.
• Функция блогы жолдарын шегініс арқылы белгілеу үшін программалаушылар көбінесе төрт босорын таңбасын қолданады.
• Жалпы, Сіз өз таңдауыңыз бойынша, босорындардың кез келген санын
пайдалана аласыз, тек олардың барлығы бірдей болуы тиіс
25-Сұрақ Функцияға бірнеше аргументтер беру Практикада бірнеше аргументтері бар функцияларды қолдану жиі орын алып жатады. Келесі программада екі аргументі бар show_sum
функциясы көрсетілген, ол осы 2 аргументтің қосындысын табады.Келесі программада тағы бір мысал көрсетілген, ондағы функцияға аргумент ретінде екі сөз тіркесі (2 тіркес) беріледі.
def main (): # Бұл функцияға 2 аргумент - 2 тіркес беріледі
first_name = input('Атыңызды енгізіңіз: ')
last_name = input ('Тегіңізді енгізіңіз: ')
print('Сіздің аты-жөніңіздің ауысып жазылуы:')
reverse_name(first_name, last_name)
def reverse_name(first, last):
print(last, first)
main() # Басты функцияны шақыру
Функцияға параметрлерді беретін стандартты формаға қосымша аргументтің қай параметрге сәйкес келетінін тағайындайтын төмендегідей формат та қолданылады: параметр_аты = мәні мұндағы параметр_аты - бұл параметр түріндегі айнымалы аты, ал мәні - сол параметрге берілетін мән. Осы синтаксиске сәйкес берілген аргумент атаулы аргумент деп аталады. Келесі программа атаулы аргумент жұмысын көрсетеді.
• Мұнда банктің белгілі бір уақыт кезеңінде (мерзімде) жинақтаған қарапайым пайыздық кірістерін көрсететін show_interest функциясы қолданылады. Функция principal (шоттағы негізгі қаржы мөлшері), rate (көрсетілген мерзімдегі пайыз мөлшері) және periods (мерзімдер саны) аргументтерін қабылдайды. Программада функция шақырылғанда, аргументтер атаулы аргументтер ретінде беріледі.