33-34 Сұрақ Тізім әдістері және пайдалы ішкі функциялар. • Тізімдегі мәндермен жұмыс істейтін көптеген функциялар бар. Соларды өңдейтін Python тілінің бірсыпыра ішкі стандартты функциялары бар.
• Тізімді өңдейтін функциялар оларға мәндер қосады, жояды, элементтерді реттеп сұрыптайды
Тізімдерде қолданылатын әдістер:
1.арреnd(мән)- тізім соңына мән қосады
index (мән)-көрсетілген мәнге тең алғашқы элементтің индексін қайтарады. Егер мұндай мән тізімнен табылмаса, онда ValueError аластамасы шақырылады
insert (индекс, мән)-мәнді тізімдегі берілген индекс позициясына қояды. Тізімге мән енгізіліп қойылған соң, тізім көлемі ұлғаяды. Бұрын осы орында тұрған мән және одан кейінгілері тізім соңына қарай бір орынға ығысады. Егер көрсетілген индекс дұрыс болмаса да, аластама туындамайды.
sort ()-тізім мәндерін олардың өсуі бойынша сұрыптайды (ең кіші мәннен ең үлкен мәнге қарай)
rеmоvе(мән)- мәннің тізімдегі алғашқы табылғанын өшіреді. Егер мұндай мән тізімде жоқ болса, онда ValueError аластамасы туындайды.
reverse ()-тізімдегі мәндердің орындарын ауыстырып, оларды кері бағытта реттеп шығады.
del() әдісі-алдыңғы қарастырылған remove() әдісі тізім ішінде бар мәнді өшіреді, кейбір кезде көрсетілген индекстегі элементті оның мәнінен тәуелсіз түрде, яғни сол орындағы мән өшіріледі. Бұл del() әдісі арқылы орындалады.
min, max әдістері, яғни функциялары
• Python тілінде екі стандартты ішкі функциялар: min және max бар, олар тізбектермен жұмыс істейді. min функциясы аргумент ретінде тізбекті, яғни тізімді қабылдайды да, тізімдегі ең кіші мәнді элементті тауып береді.
35-Сұрақ Графикалық режимдегі жұмыс негіздері. Графикалық режимде жұмыс істеу
С тілінде растрлық графика жұмыс істейді, оның тақырыптық файлы graph.h. График нүктелерден – пиксельдерден тұрады. Пиксель – экранның адрестелетін ең кіші элементі. Алдымен графика шығара алатын бейнережимді іске қосу керек. Мұнда экранның пиксельмен берілген мөлшері және түстер саны беріледі.
Графикада үш координаталық жүйе: абсолюттік, салыстырмалы және масштабталған жүйе қолданылады. Тіке және көлденең өстер бойынша пиксельдер саны экран типіне байланысты болады.
Абсолюттік координатада координаталар басы – (0;0) нүктесі сол жақ жоғарғы бұрышта болып саналады, х координатасы солдан оңға қарай, у координатасы жоғарыдан төмен қарай өседі.
Салыстырмалы режимде координаталар басы экранның кез келген нүктесіне ауыстырыла алады.Масштабталатын режимде экран бетінде масштабталған координаталар беруге болады, онда х пен у өстері бойынша минимум және максимум мәндер енгізіп, жұмыс істеуге мүмкіндік бар.Жалпы абсолюттік графикалық режимде әрбір
пиксель берілген 16 түстің біріне боялады;
(0,0) – экранның сол жақ жоғарғы бұрышы координатасы;
(639,479) – оң жақ төменгі бұрышы координатасы болады; әр түрлі фигураларды экранға шығару үшін алдын ала графикалық режимді іске қосып алу керек.Жалпы дисплей адаптерлері графикалық режимде 200, 350,600 нүктелерден тұратын экран жолдарының әрқайсысында 640, 720, 800 нүктелер тізбегін бейнеле алады. Мұндағы нүкте деп отырғанымыз –көлемі 0,8х1 мм2 шамасында болып келген (CGA) кішкентай тіктөртбұрыш, яғни пиксель.Әрбір нүктенің координаталары екі бүтін санмен (Х, У) анықталады. Дисплей экранына график салу үшін оның нүктелерінің координаталарын көрсету қажет. Координаталар басы (0,0) болып экранның сол жақ жоғарғы бұрышы есептеледі. Х координаталары (бағаналар немесе позициялар нөмірлері) солдан оңға қарай, ал У мәндері (жолдар немесе қатарлар) жоғарыдан төмен қарай өсіп отырады. Мысалы, VGA адапте-рінің экран бұрыштарының координаталарын Х=0..799, Y=0..599 аралығында көрсету қажет. Экранда Х өсі солдан оңға қарай, Y өсі жоғарыдан төмен қарай бағытталған, ал оның шеткі нүктелерінің координаталары суретте көрсетілген. График тұрғызу үшін оны шығару немесе бастау нүктесін көрсету қажет. Мәтіндік режимде ол курсор позициясы болып саналады, ал графикалық режимде көрініп тұратын курсор жоқ, бірақ экранда көрінбейтін курсор тәрізді сілтеме белгі CP (current poіnter) бар. Негізінде оны да курсор деп қабылдауға болады.Графикалық режимдегі жұмыстарды атқаратын Турбо Си нұсқасында бірсыпыра графикалық функциялар бар, енді біз солардың негізгілеріне тоқталып өтеміз.Графикалық режимде жұмыс істеу былай басталады: