1-сұрақ Python тілінің атқаратын қызметі мен қолданылуы,қысқаша даму тарихы



бет10/23
Дата29.12.2023
өлшемі0,69 Mb.
#144594
түріПрограмма
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
Программа теория жауаптары (1) (2)

Логикалық типтер (bool)

Логикалық типтерді сипаттау үшін bool() қызметші сөзі пайдаланылады. bool логикалық типі екі мәнді қабылдайды.


Ақиқат (True);
Жалған (False).

# bool типіне мысал


akikat = True
zhalgan = False
Жолдық типтер (str)

Жолдар – тырнақшаға алынып жазылған символдар жиынтығы. Жолдық типтерді сипаттау үшін str() қызметші сөзі пайдаланылады. Жол-бір таңбалы жолдар тізбегі.


2.2 Нақты сандарға пайдаланылатын функциялар
# str типіне мысал
s = 'Кош келдiнiздер!!!'
print(s)
>Кош келдiнiздер!!!

Типін экранға шығаруды көрсетейік.


s = 'Кош келдiнiздер!!!'
print(type(s))
>

Кейінірек Python тілінде қолданылатын list, set, tuple және dict типтерімен танысамыз. Массивтермен жұмыс істеуде қолданылатын тізімдер list типіне жатады. Жиындар set типіне, кортеждер tuple типіне және сөздік dict типіне жатады.


Python тілінде мәліметтерді бір типтен басқа типтерге түрлендіру функциялары қарастырылған. Дәлірек айтқанда, сандық типті жолдық типке және керісінше арнайы орнатылған функциялардың (int(), float(), str()) көмегімен түрлендіруге болады.
Егер 5 санын апостроф ішіне алып жазатын болсақ, онда ол жолдық шама болып табылады. Оны түрлендіру функцияларының көмегімен бүтін шамаға түрлендіруге болады.
k=int('5')+2
print('k=',k)
>k= 7

k=int('5')+float('3.5')


print('k=',k)
>k= 8.5

k=str('5')+str('3.5')


print('k=',k)
>k= 53.5

Мысалдан көріп отырғанымыздай, аталған функциялар жақшаның ішінде орналасқан мәнді сәйкес бүтін және нақты сандарға немесе жолдық шамаға түрлендіреді.


Сонымен қатар, int() функциясы, мысалы, екілік, он алтылық санау жүйелеріндегі сандарды ондық санау жүйесіне түрлендіре алады:
k=int('B',16)+int('10',8)
print('k=',k)
>k= 19

Мұнда он алтылық санау жүйесінде B әрпі ондық санау жүйесінде 11-ге тең. Сегіздік санау жүйесінде 10 саны ондық санау жүйесіндегі 9-ға тең. Яғни екі санның қосындысы 19 санына тең болып тұр.


14-Сұрақ
Құрама шарттар


Егер логикалық өрнек бір ғана шарттан тұратын болса, онда ол қарапайым шарт болып есептеледі. Егер өрнек екі немесе одан да көп шарттарды (логикалық өрнектерді) қамтитын болса, онда ол құрама шарттар деп аталады. Құрама шарттарды жазу үшін арнайы логикалық операторлар пайдаланылады:
And және
Or немесе
Not терістеу
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет