20-Сұрақ Функциялар Функцияларды анықтау def түйінді сөзінен басталады да, сонан кейін функция аты мен жақшалар ішінде параметрлер тізімі көрсетіледі. Функцияның ішкі операторлары (оның де- несі) келесі жолда шегініс арқылы жазылады.
• def функция_aты(параметр(лер)/аргумент (тер)): • Операторлар (нұсқаулар)
• Мұның кемшілігі - функцияның қателері тек оны шақырған- нан кейін ғана анықталады. Өз функцияларыңызды тексеруді ұмытпаңыздар!
21-Сұрақ Python тіліндегі қолданушы функциялары Python тіліндегі қолданушы функциялары
Мысал келтірейік. def message(): # функцияны анықтау print('Мен - студентпін,') print('болашақта маман болып шығамын.' )
print(message()) # функцияны шақырып орындау
Бұл код message атты функцияны анықтайды. Оның екі операторы бар. Функцияны орындағанда, осы екеуі қатар орындалады.
Нәтижесі:
Мен - студентпін,
болашақта маман болып шығамын.
Python тіліндегі қолданушы функциялары
Программада функциялар қабаттасып келе береді. Бұған мысал.
def main(): # main функциясын анықтау
print('Мен Сізге мынаны айтайын деп едім.') message() # message функциясын шақырып орындау print('Қош болыңыз!')
def message(): # message функциясын анықтау print('Мен - студентпін,') print('болашақта маман болып шығамын.' )
main() # main функциясын шақырып орындау
Мұнда main функциясы ішінде message функциясы орындалады.
Нәтижесі:
Мен Сізге мынаны айтайын деп едім.
Мен - студентпін,
болашақта маман болып шығамын.
Қош болыңыз!
Программа блок-схемасы
Блок-схемаларда функция екі жаны қоссызық болып келген төртбұрышпен белгіленеді. Функция аты тіктөртбұрыш ішінде жазылады да, соңында ‘Кері қайту’ сөзі жазылады. Осылайша әр функцияға жеке-жеке блок-схема сызылады. Программаларда локальді және глобальді айнымалылар қолданылады. Локальді ай- нымалылар бір функция ішінде ғана пай- даланылады. Ал глобальді айнымалылар функцияларға дейін олардың сыртында анықталады.
main()
‘Мен
айтайын..’
message()
‘Қош
болыңыз’
Кері қайту
message()
‘Мен студентпін’
‘болашақта
маман...’
Кері қайту