26- Сұрақ
Кездейсоқ сандарды пайдалану
Алғашқы қарастырылатын randint функциясы, ол нүкте арқылы random.randint түрінде жазылады. 1 мен 100 арасындағы бүтін сандар алу функциясын шақыру жолы:
number = random.randint(1, 100)
• Программа қарастырайық.
import random
def main():
number = random.randint(1, 10) # Кездейсоқ сан алу
print ('Сан = ',number) # Санды көрсету
mЕнді цикл арқылы бірнеше сандар алайық:
import random
def main():
for count in range(5):
print(random.randint(1,100)) # Санды көрсету main () # Басты функцияны шақыру
• Осы программаны түрлендірейік ain () # Басты функцияны шақыру randrange, random, uniform функциялары
• randrange функциясы range функциясы тәрізді істейді. Мұнда тек кездейсоқ сандар тізімі шығарылады. Мысалы, келесі жол 0 … 9 арасындағы сандарды береді: number = random.randrange(10)
• Келесі жол көрсетілген сандар аралығын қамтиды: number = random.randrange(5,10)
• Ал келесі жол сандардың бастапқы, соңғы мәндерін және өзгеру қадамдарын тағайындайды:
number = random.randrange(0, 101, 10) Бұл нұсқау нәтижесі: [0, 10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90, 100]
• Келесі жол 0.0 және 1.0 аралығындағы бөлшек сандарды береді: number = random.random() uniform функциясы да кездейсоқ бөлшек сандарды береді, бірақ бұл сандардың мәндері алынатын диапазонын да көрсетеді:
number = random.uniform(1.0, 10.0)
• Кейде қайталағанда өзгермейтін тұрақты сандар тізбегі керек болып жатады, ондайда компьютер сағатымен байланыспаған random.seed функциясын оның бастапқы мәнін көрсете отырып, қолдана аламыз,
мысалы: random.seed(10)
• Осы функцияны интерактивті режимде қолданып көрейік:
28-Сұрақ
Жолдарға пайдаланылатын негізгі операциялар
Бізге s[i] жолы берілген. s[i] жолының бірінші символы – s, жолды номерлеу 0-ден басталады. Python тілінің басқа программалау тілдерінен ерекшелігі - жолдарды оңнан солға қарай теріс сандармен де номерлеуге болады.
0
1
2
3
4
5
s
t
r
i
n
g
-6
-5
-4
-3
-2
-1
Жолдық элементтерді екі параметрмен қиып алғанда оң жақ шегі кірмейді. Мысалы,
s[2:5] = ‘rin’.
Оң және теріс индекстерді аралас пайдалануға болады. Мысалы,
s[1:-1] = ‘trin’
Екі параметрмен қиып алудың тағы бір тәсілі бар. S айнымалысының мәні abcdef болсын. Print(s[1:]). Мұның нәтижесі bcdef болады. Жұп номермен тұрған барлық символдарды шығару үшін бастапқы және соңғы символдың номерін көрсетпей, тек қадамын көрсетеміз:
Print(s[::2])
Нәтижесінде жұп номерлі символдарды аламыз:
Асе а символының номері 0 және ол жұп номерге жатады. Барлық тақ номерлі сиволдарды шығару үшін Print(s[1::2])
bcf
Len функциясы жолдағы символдардың санын немесе жолдың ұзындығын есептеуге арналған. Мысалы,
s = 'computer internet'
print(len(s))
Программаның орындалуы нәтижесінде 17 санын аламыз. Бұл символдар санының 17 екенін көрсетеді (бос орын бір символ болып есептеледі).
Жолдармен жұмыс істеуге арналған бірнеше әдістер бар. Әдіс дегеніміз нақты бір объектіге, оның мазмұнына қарай бекітілген функциялар болып табылады.
Қандай да бір объектінің құрылымын сипаттағанда ол туралы мәліметтер сақталады, осы мәліметтерді қандай да бір әдістердің көмегімен өңдеуге (жазуға, оқуға және түрлендіруге) болады.
Жолдарға пайдаланылатын әдістерді қарастырайық. Жолды тұрақты ретінде сипаттайық.
Жолдың ішінен қандай да бір бөлігінің орнын іздеуді қарастырайық. Ол үшін find() әдісі пайдаланылады. Мысалы,
s = 'computer' print(s.find('put'))
Нәтижесінде 3 деген жауап аладық. Бұл оның 3-орыннан басталатынын көрсетеді. Айнымалының атын көрсетіп, жанына нүкте қойғанда сол объектіге пайдалануға болатын барлық әдістердің тізімі шығады. Мысалы, берілген мәтіннің ішінен ter сөзінің қай орындардан басталатынын табатын программа жазайық. Ол үшін орындар санын есептейтін есептегішке, дәлірек айтқанда, қайталану параметріне (pos = 0) ноль меншіктейміз. Тексеру цикл (қайталану) командасы арқылы жүзеге асырылады. Циклдың шартына s айнымалысынан табылған 'ter' сөзінің орны -1-ге тең болмаса қайталану жалғаса беретіндей шарт қоямыз және қайталану параметрінің мәнін 1-ге арттырамыз.
s = 'computer internet' pos = 0
while s.find('ter',pos) != -1:
print (s.find('ter',pos)) pos = s.find('ter',pos) + 1
Программа орындалғанда 5 және 11 деген жауап аламыз. Бұл ізделінді шаманың 5-ші және 11-ші орыннан басталатынын көрсетеді.
Rainbow = ['Red', 'Orange', 'Yellow', 'Green', 'Blue', 'Indigo', 'Violet'] print(Rainbow[0])
Rainbow[0] = 'қызыл' Rainbow[3] = 'жасыл'
print('кемпірқосақты шығарыңыз:')
print(len(s))
for i in range(len(Rainbow)): print(Rainbow[i])
Достарыңызбен бөлісу: |